"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Бір елге екі әліппенің не керегі бар?

Екі кеменің құйрығын ұстаймыз деп суға батып жүрмейік!!!

Латыншалауға қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пікір айтты. Біздің түйгеніміз – латындану қазаққа ғана қатысты екен.

«Хабар» арнасына сұхбат берген Президент Назарбаев латын әліпбиіне көшу процессі туралы да айтты.

«Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деген жоқпыз. Осындай алып-қашпа сөздерді кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби тек қаға қазақтың тіліне қатысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі болып отырған, көп аударылған орыс тіліне, барлығын ажыратпасақ, меніңше біз байымаймыз, кедейленеміз. Бұл жатқан үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында мен бір-екі мәтінін қарайтын боламын. Осымен шұғылданып жүрген ғалымдарды, тілмаштардың барлығын жинап, солармен отырып, қарап бір жобаға тоқтайтын боламыз», – деді Президент Назарбаев.

Бұл Елбасының айтқаны. Сөзбе-сөз. Алып-қосқанымыз жоқ. Латын әліпбиіне көшу Қазақстандағы қазақтан басқаға еш қатысы жоқ процесс екен. Орыс диаспорасы үшін орыс тілінде жарық көретін басылымдар әм кириллица әліпбиі сақталып қалады екен. Бұны да Президент айтты.

Сөйтіп, айыр тілді саясаттан үш тілге көшкен Қазақстанда енді қос әліпбиі болатын көрінеді.

Бізден дерек. Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтапты. 18 миллион қазақстандықтың 71 пайызын қазақ ұлтының өкілдері құрайды екен. Иә, 71 пайыз қазақ елде бар. Бұған қоса, 80 пайыздан астам аудитория  қазақ тілді екенін есепке алыңыз. 80 пайыз деген қазақ тілін еркін меңгерген, сол тілде сөйлейтін жұрт. Сөйтіп, статистика Қазақстанда абсольютті доминант тіл – қазақ тілі, басым ұлт – қазақ болды дегенді анық айтып тұр.

Сонымен қатар, Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде 2025 жылға дейін қазақ тілін еркін меңгергендер саны 95%-ға жетеді.

Айтпақшы, 1991 жылы еліміздегі орыстардың жалпы саны 5,9 млн болған. Қазір 3,7 млн орыс қалды. Орыстардың саны 2 млн-ға азайды.

2030 жылға арналған стратегиялық перспективада ең төменгі пайымдау бойынша қазақ ұлтының саны 82-85 пайызды құрайтын болады. Басқа ұлыстар мен этникалық топтардың саны 15 пайызды қамтымақ.

Бұл Мемлекеттік органдардың ресми статистикасы. Сандар елдің қазақыланғанын көрсетіп отыр. Ендігі сұрақ: Президент айтқандай Қазақстандағы орыс диаспорасы үшін ғана сақталып қалатын кириллицаға қажеттілік қанша?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz





49 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Казак 20 Тамыз, 2017, 12:59

    Көже қылайын деп отырғо бұл адам. Онсызда орыс тілділер болып болинуши едик. буган тек атак керек. нобел алад деп шыгып едигой . экспо деди атомнын коймасын салмакшы оскеменге бари тек атак ушин. ертен кириллица латын болып болинеди. басы барда аягы жок. орыс тили тургасын оздерине онайына жугинели. укиметтгилер бари орысша сойлейди казак тилинин кириллицасын танымайтындар латынды не кылчюсын. бари атак ушин. Кыргызстанга шыр айналдырып акша беред. баска тук проблема жоктай.

    Жауап жазу
    • Ерко 21 Тамыз, 2017, 10:23

      Басты көп ауыртпаңыздар. Латынға өтеміз дедік пе, өтеміз. Сендердің кертартпалықтарыңнан болашақ ұрпақ зиян көру керек пе? Қазақ жастарының бәрі латынды қолдайды, сондықтан қысқартыңдар бұндайларыңызды. Қатты айтып қойсам кешірім сұраймын, бірақ адамдар қай алфавит дұрыс екендігін ақылдасып жатса, сендердің бұлай айтып отырғандарың не? Орыс тілі кирилде қалады, оған тиісіп нелерің бар?

      Жауап жазу
      • Болат 22 Тамыз, 2017, 12:13

        Латын алфавитын қолдаймын. Кирилица біздің балдарға керегісі аз деп ойлаймын. Себебі солтүстік көршілеріміздің өздері еуропаға қарап отырған жоқпа.

        Жауап жазу
      • Жəкен 25 Тамыз, 2017, 23:04

        Сен бірінші қазақ тілін жарытып біліп ал

        Жауап жазу
    • Аманат 21 Тамыз, 2017, 11:21

      Өз уаақытында көреміз. Жалпы латын қарпіне көшуден қорқудың қажеті жоқ секілді,

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 20 Тамыз, 2017, 13:30

    Тфу-тфу тфу!!!

    Жауап жазу
  3. Bo 20 Тамыз, 2017, 15:04

    Kelisem. Krill arpi de kazakh arip emes. Birax eskishe arab jazuin keinrek uiretu de jamanshilix emes.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 20 Тамыз, 2017, 15:49

    dese de,kiril harpimen jetpis zhyl jurdik khoy.
    endi osylay zhasamyzba.otse,barlygy da otpeime?

    Жауап жазу
  5. бір қазақ 20 Тамыз, 2017, 16:48

    1. Қазақ – (қазақша сөйлейді, қазақтың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрімізді күнделікті қолданатындар.)
    2. шала қазақ – (қазақша біледі бірақ орысша сөйлегенді мәртебе көреді, орысшаға тілі айналмай жатсада орысша сөйлей береді.)
    3. мәңгүрт қазақ – (қазақша білмейді, әке-шешесі жалпы түгел отбасы орысша сөйлейді.)
    4. оралман қазақ:
    оны жергілікті қазақ айдар тағып ат қойған кемсітпе сөздер:
    қытай, моңғол, өзбек, түрікпен, қалпақ, ауған, иран
    5. дінсіз қазақ, (сексеннің сеңгірінен ассада протезін шешіп қойып арақты сіміріп, сала қалжайтын қазақ, намаз оқымайды)
    6. ханафи мазхабындағы қазақ, (5 уақыт намазын оқитын қазақ)
    7. салафит қазақ, (діни ағымдағы топ, қысқа балақ шалбар, сақалмен ерекшеленеді.)
    8. вахабит қазақ, (бұлар да сол діни ағым)
    9. христиан қазақ, (шоқынған қазақ)
    10. иегова куәгері қазағы, (бұлар да сол шоқынғандар бірақ оларды сектанттар дейді аржағы бізге беймәлім)
    11. католик қазақ, (бұлар да шоқынғандар)
    12. кришнаит қазақ, (бізге беймәлім дін)
    13. Орысты қолдайтын қазақ:
    (Бұл қазақтар негізінен басқа қазақтардан саясатты талқылағанда көзге көп түседі, әсіресе Украинаға және Әмерикаға қатысты. Сондай саяси тартыс кезінде оларға орыс тілді азаматтар қосылып көбіне жеңіске жетіп жатады.
    Еске сала кетейік саяси тартыстардың негізгі талқыланатын жері интернет екенін ескерсек танымайтын жерде қазақ қазақпен сөйлескенде сақ болғаны жөн.)
    14. Әмериканы қолдайтын қазақ:
    (Бұл қазақтардың ішінде қазақстанның қазақша сөйлегенін, Қазақстанның егемен ел болып көршілерімізбен терезесі тең болғанын қалайтындар көп. Саяси тартыс кезінде бұл қазақтар оппонентіне орыс-қазақ тарихындағы «ақтаңдақтарды» және соңғы 100-200 жылдағы орыстың «тізесі батқан» тұстарды еске салып, қызыл-кеңірдек болып жатады.)

    Ал енді арифметкаға жүгінейік, еліміздегі халық саны 18 млн. дейді рас болса содан 3,5 млн. орыс тілдіні және соған жақын орыс тілді (мектепте орысша оқыған) қазағымызды алып тастайық, сонда қазақ тілділер 11 млн. Латын тіліне көшуіміз қалған 11 млн. үшін бе, 7 млн. адам қарап отырама, бізге қатысы жоқ деп? Жоғарыдағы кесте – қазақтардың қазіргі замандағы жіктелуін көрсетеді. Әрине латын әрпіне көшу бір күнде бола қоймас дегенмен де елдің басын қосудың орнына ортасына дуал салып екіге айырып жібермейме?
    Менің ойымша орыстілділер (орыстар) орыс мектебіне бара берсін ең болмаса ұлты қазақтарды мәжбүрлі түрде қазақ мектептеріне жіберсек бұл мәселе 25 жылда өз шешімін табар еді!

    Жауап жазу
  6. ҚАЗАҚИЯ 20 Тамыз, 2017, 19:19

    ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖАСАЙДЫ,СЕБЕБІ АҚШ РЕСЕЙГЕ ӨТЕ АУЫР САНКЦИЯНЫ ЗАҢДАСТЫРДЫ,ЕНДІ БАЙҚАСАҚ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ САЯХАТШЫ АЗАМАТТАРЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ КЕЛІП МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ТАЛАП ЕТІП ЖАТҚАНЫН БАЙҚАП ЖАТЫРМЫЗ.ЖАСАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ!

    Жауап жазу
  7. Казакпай. 20 Тамыз, 2017, 21:13

    Маскеу не айтса солай болады. Казак тили тили деймиз,тук озгермейди. Казак тилин тирилту ушин озимиз казакша сойлеуимиз керек. Бизде намыс жок,оиткени Али улт болып калыптаскан жокпыз. Ауылдан келип алып калада орысша былдырлаймыз. Баска улттар куледи. Содан коруге болады санамыздын таяздыгын. Баримиз угиттеп казаков соилеп,жазсак чиновник турмак президенке дейин казакша сайрайтын болады. Брак ондай болакоймаиды , оиткени бизде намыс жок, ортагасырда журмиз.

    Жауап жазу
  8. Замира 21 Тамыз, 2017, 10:48

    Кез келген көзі ашық көкірегі ояу адам латын тілінің маңыздылығын түсінеді, себебі жаңа технолоргия өршіп тұрған замандағ заман ағымынан қалмай, оғңан ілесе білуіміз керек.

    Жауап жазу
    • Әсет 21 Тамыз, 2017, 11:23

      Латын әріпін үйренген адам ағылшын тілін де тез үренеді.

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 21 Тамыз, 2017, 12:07

        Сәбет заманында да,Қазақияда да мектепте міндетті түрде ағылшын немесе неміс тілін оқытқан,қазір де оқытады.Латын әрпіне,шығындалып,ақша шығармай-ақ, үлкенде, кішіде, кәріде, жаста жаза да, оқида алады. оны өтпеседе бәрі біледі.

        Жауап жазу
      • Олжас 21 Тамыз, 2017, 14:55

        Ағылшын тілін тез меңгеруге мүмкіндік туып отыр.

        Жауап жазу
        • Қолқоюсыз 22 Тамыз, 2017, 00:07

          Ағылшын тілін 5-ші сыныптан қазақ мектебі,4-ші сыныптан орыс мектебі оқытпайма,содан бері үйренбеген енді үйренбекке құлшынып қалды ма?мектептен-ақ үйренет

          Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 22 Тамыз, 2017, 16:42

        Сіздің ағылшын тілін меңгеруіңізге,қабілетіңіздің жетпеуіне кедергі болып тұрған кирилица емес шығар,бүгін латын әрпіне көшсе,ертесімен:-do you speak English?-болып кететіндей.

        Жауап жазу
  9. галымжан 21 Тамыз, 2017, 10:48

    Дұрысында латын тілі ғылым мен техника тілі, сондықтан, цифрлы технолгия заманында өмір сүргендіктен, бұл заңды қабылданған шешім.

    Жауап жазу
    • Жанболат 21 Тамыз, 2017, 12:40

      Ғалымжан дұрыс айтасыз. Қазір техниканың дамыған заман. Соған сәйкес ілесіп жүргеніміз өзімізге жақсы.

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 22 Тамыз, 2017, 16:20

        Моб.телефон шыққаннан бері,жас баладан кәрі-құртаңға дейін латын әріпін үйреніп алған жоқпа?..оған не бас қатыратыны бар.тіпті латын әріпін білмеймін,таңбасын танымаймын,оқи алмаймын дейтін заман емес,бәріде мектеп қабырғасында бір шетел тілін оқыған.ағылшынша оқып-үйренгісі келіп бара жатса,қол телефонда -ақ неше түрлі нұсқа толып жүр.босқа басты қатырмаңдаршы.

        Жауап жазу
    • Жазира 21 Тамыз, 2017, 15:02

      Мына технологияның күнде дамып жатқан заманында ештеңеден қорықпай алға қарай жылжу керек, артта қалып қоюға болмайды. Сондықтан латынға өтуіміз де алға жетелейтін себеп болмақ.

      Жауап жазу
  10. сауал 21 Тамыз, 2017, 12:24

    – латынның ағылшынға еш қатысы жоқ. Сенбесеңіз, кез келген адам совет кезінде-ақ латын әріптерін білген. Ағылшынды тек оқып үйрену керек;
    – латынның технологияға еш қатысы жоқ. Озық технологияны ғылым мен технологиясы озық елдер шығарады. Ал технология терминдеріне келсек, бір технологияның атын французша, ағ-ша, немісше әртүрлі атауы мүмкін. Технологияны тек оқып үйренеді. Бұнда әріптің еш қатысы жоқ;
    – латын әріп мен латыншаны шатастырмау керек. Латыншаны да тек оқу арқылы үйрену мүмкін;
    – дүниеде барлық тілдерді бірдей қамтитын стандарт латын алфавиті жоқ. Әркім оны өзінің тілдік ерекшеліктеріне қарай икемдеп қабылдайды;
    – қазіргі қазақ алфавитін шала латиница десе де болады;
    – қазір әріп ауыстыратын шақ емес, қазір тілді дамытып, айналымға енгізетін, қазақ тілінің әлеуметтік базасын кеңейтетін, қазақ тілі еркін ағатын арналар қалыптастыратын, қазақ тілді кеңістікті басқа ірі тілдік кеңістіктермен жалғайтын, сөздіктер, оқулықтар жазатын уақыт.

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 21 Тамыз, 2017, 12:48

    Дұрыс айтасыз,дәл солай.
    Тұралап жатып,бәрін жайғастырып тастағандай,еш өзгертусіз-ақ тіліміздің мәртебесін көтеріп алайықшы.

    Жауап жазу
  12. көше баласы 21 Тамыз, 2017, 13:15

    орыс құрымағанша біздің елбасыда ұкметте путинге жалтақтай береді қазақты мәңгүртеу ұшін

    Жауап жазу
  13. Seit 21 Тамыз, 2017, 14:07

    Latin arpine koshumiz kerek tez arada biz kesh haldih sodan bir ingaina keled artik angime kerek joh

    Жауап жазу
  14. Шолпан 21 Тамыз, 2017, 14:14

    Латын әліппесі бұл біздің тарихымыз, ал кириллица СССР кезінде қойылған талаптың орындалуы. Біз енді тарихымызға оралмақшымыз.

    Жауап жазу
    • Айша 21 Тамыз, 2017, 15:04

      Тарихқа оралу емес, бұның бәрі тарих, бұл бір тарихи сәттің бірі деп ойлаймын.

      Жауап жазу
  15. Болат 21 Тамыз, 2017, 14:17

    Кейбір қазақ тілін білмейтін жандардың қазақ әріпі үшін терлеп жүргенін түсінбеймін. Сөйте келе ағылшын әріпінде хабарлама жазады. Өздері не қалап жүргендерін білмейді.

    Жауап жазу
  16. Ата 21 Тамыз, 2017, 15:12

    Әй қайдам… әй қайдам… Тілі мен жазуы ала шұбар елге айналмасақ болар еді

    Жауап жазу
  17. Гүлназ 21 Тамыз, 2017, 16:59

    Латын әрпін қолдаймын

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 22 Тамыз, 2017, 21:18

      Тыныш заман,сау күнде ,,ң»-ды айта алмайтын маңқалар,одан өзге де төл әріптеріміз бар,қалай жазар екен,,,ә, і, ө, ү, ұ, қ , ң , ғ »- атеш , омір ,олім , улек , кораз дейтіндер,енді қалай жазбақшы.ит қапқан соң,не сорым деп жүрмек пе?

      Жауап жазу
  18. Асыл 21 Тамыз, 2017, 17:47

    Біз негізі сөзді бұрғанды, түсінбесек те, байбына бармай сөйлегенді ұнататын халықпыз.

    Жауап жазу
  19. Амир 21 Тамыз, 2017, 17:48

    Бұрын халқымыз бұл алфавитпен жазды, латынға оралу арқылы ескі дүниелерді оқып алатын болдық.

    Жауап жазу
  20. Салима 21 Тамыз, 2017, 17:49

    Құлшыныс болса, бәрін де үйренуге болады. Заманға қарай қалыптасқанымыз дұрыс. Президент білгесін айтады ғой.

    Жауап жазу
  21. М.Шындәулет 21 Тамыз, 2017, 21:56

    Қазақ тілділер латын алфавитіне өтіп кетсе, қазіргі шала қазақтардың балалары таразының қайсы басына ауады? Олар кирилицамен қоштасқысы келмей ағайын-туыс, жекжат-жұрағат, қоңсы-қобаларының балаларын азғырып, үгіттеп кирилица жағына аударып әкетпей ме? Сондықтан орыс сыныптағыларды да латын графикасына көшіру керек. Сол үшін Қазақстаннан кетсе атамның аяқ ұшына. Әйтпесе, ,,Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымастың,, кебін киюіміз мүмкін.

    Жауап жазу
  22. а 22 Тамыз, 2017, 10:27

    латын арпи керек мен карсы емеспн

    Жауап жазу
  23. алга 22 Тамыз, 2017, 10:27

    латын арпи керек мен карсы емеспн

    Жауап жазу
  24. Серік 22 Тамыз, 2017, 20:47

    Әрине латын әліпбиіне өткенді қолдаймын, ал орыс тілінен қашпаймыз деп Елбасының қазір айтуының өз себептері болар… Ал болашақта біздің жастардың негізінен қазақ-ағылшын тілді болатынына сенгім келеді.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 22 Тамыз, 2017, 22:02

      Орыс тілі әзірге жалғыз донор тіл. Яғни, қазақ тілді кеңістік сырттан ақпардың ең кемі 95 процентін орыс тілі арқылы алады. Сонда орысшадан аударып, латын һәрпімен жазатын болдық қой…

      Жауап жазу
  25. ЖЕНИС 23 Тамыз, 2017, 10:47

    Еш корыкпандар мын олип мын тирилген казакпыз алга казакия

    Жауап жазу
  26. Қолқоюсыз 23 Тамыз, 2017, 12:15

    Қорықпағанда енді,жон теріміз жұқарып,жонылып кетпейме деген…

    Жауап жазу
  27. жомарт 23 Тамыз, 2017, 23:13

    Елбасымыз бар. Неге ол Елбасы егер біз тны қолдамасақ. Мен Елбасымен ол менімен!

    Жауап жазу
  28. Қолқоюсыз 24 Тамыз, 2017, 01:17

    Түсінбедім, саған тағы екі Елбасы керек болып тұр ма

    Жауап жазу
  29. Б. Тілеухан 24 Тамыз, 2017, 13:11

    Латын әрпіне тезірек көшіп өркениетпен санасайық! Ел басын ың пікірін қолдаймын!

    Жауап жазу
  30. Қолқоюсыз 25 Тамыз, 2017, 17:22

    Өркениеттің бәрі латын әрпіне қарап қаппа?
    Осы уаққа дейін өркениеттен жұрдай жабайы болып жүріп, енді латын өркендетіп,көркейтейін деп жатырма.

    Жауап жазу
  31. Қолқоюсыз 25 Тамыз, 2017, 23:35

    Заманга караи латында керек шыгар! Бирак кириллицадан шыгу онаига туспеиди! Ежелги Турки руникасына зер салып карасаныз,кириллицанын каидан шыкканы аикын коринип тур! Уксастык оте коп,сондыктан атауы баска болганмен,туби,Турки руникасынан шыккан! Латын графикасы кеин паида болган! Бирден жалау котеру асыгыстыкдеп оилаимын!

    Жауап жазу
  32. Қазақ 17 27 Қыркүйек, 2017, 19:36

    Латин әліппеге жоқ айтамын !

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*