Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мағжан Жұмабаевтың құпия сақталып келген қолжазбасы жария етілді

Мағжан Жұмабаевтың құпия сақталып келген қолжазбасы жария етілді

Астанада өтетін «Қазақстанның жаңа тарихи белесі» атты көрмеде Солтүстік Қазақстан облыстық архиві сирек әрі бірегей материалдарды ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының Астанадағы мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде көрме ұйымдастыратын бірінші өңір болады. «Көрмеде мешіттер мен шіркеудің метрикалық кітаптары, Қазақ хандығының тарихы мен 18 ғасырдағы шетел архивтерінің құжаттары мен құжат көшірмелері, «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» қызметіне қатысты бірегей құжаттар ұсынылады», – деді облыстық архив директоры Сәуле Маликова.

Көрмеге облыстың киелі жерлерінің картасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарларының фотоқұжаттары қойылады.

«Бізде Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасы бар. Бұл құжат бұрын құпия сақталып келген. Алайда, одан «аса құпия» таңбасы алынып тасталды. Құжат 1922 жылдың 20 тамызы күні облыста ашаршылық кезінде жазылған», – деп түсіндірді Сәуле Маликова.

«Қазақстанның жаңа тарихи белесі» көрмесі 24-26 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің көрме залында сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.


Ілмектер:
Мағжан Жұмабаев



4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Бейбіт 25 Тамыз, 2017, 11:59

    Алаш арыстарының асыл мұраларын халқымыздың кәдесіне асыруды тұрақты ұйымдастыру қажет. АЛЛА істеріңізге сәттілік берсін!

    Жауап жазу
  2. Бейбіт 25 Тамыз, 2017, 12:20

    Алаш арыстарының асыл мұраларын халқымыздың кәдесіне асыруды тұрақты ұйымдастыру қажет. АЛЛА істеріңізге сәттілік берсін! Көрмедегі құжаттың крилица нұсқасы болса саиттарыңызға жарияласаңыздар екен.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 25 Тамыз, 2017, 21:52

    Баға жетпес асыл мұралар ұрпаққа тәлім-тәрбие,өткенімізден сыр беретін тұнған тарих.Ұлы ақынның көзі,тәбәрік,құнды дүниелер.

    Жауап жазу
  4. Айназия 7 Қыркүйек, 2017, 21:40

    Мағжан Ақын Бабаны қатты құрметтеп ,қадір тұтам. Қазақтың Ұлы Ақыны.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*