МАСҚАРА! ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУДІ СҰРАҒАН ҮШІН ПОЛИЦИЯ ҰСТАП ӘКЕТЕТІН ЗАМАН ТУДЫ!!!

Эйр-Астана ұшағындағы жолсеріктен қазақ тілінде сөйлеуді сұраған түркиялық журналисті полиция ұстап әкетті. Өзге емес, Қазақстанда қазақша сөйлеуді талап еткені үшін ұстаған. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды. Oğuz Doğan өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жолсеріктен қазақша сөйлеуді талап еткені үшін оны полиция ұшақтан түсіріп алғанын және 6800 теңге айыппұл салғанын жазды. Сонда, енді қазақша сөйлеуді сұрасақ бәрімізді полиция ұстап алып кететін болғаны ма? Өзіңнің ана тіліңде сөйлеу қашаннан заң бұзушылық болып саналатын болған? Қазақстанда қызмет ететін Эйр-Астананың қызметкерлері қазақ тілін менсінбесе, өз жолаушыларының талаптарына немкетті қараса ең алдымен оларды жауапқа тарту керек емес пе? Бұл не ақылға, не басқа да шеңберге сыймайтын бір жағдай болды.