"Алтын белгі" иегеріне ҰБТ кезінде таңдаған пәні келмеген

Картинки по запросу ұбт

"Қазақ үні" ұлттық порталының редакциясына Оңтүстік Қазақстан облысының шалғайындағы Шардара қаласынан шырылдаған ата-ана хат жолдады. Хатында ол мектеп бітірген қызының жоғары баллмен грантқа түсе алмағанын айтты. Сонымен бірге ҰБТ кезінде орын алған бұзушылықты да, білім саласындағы былық-шылыққа тоқтау салуды да жеткізді.

Сөз салтанаты бостандық құру үшін хат иесінің өтінішін еш өзгеріссіз (Орфографиясы толық сақтаулы) жариялауды жөн көрдік.

"Менің қызым биыл 2017 жылы Шардара қаласында 11-сыныпты бітірді. 11 жыл бойы үздік оқып, 5 мемлекеттік емтиханды 5-ке тапсырып, «Алтын белгі» иегері атанды. 2 жыл бойы неміс тілі пәнін таңдап, дайындалды. Ал бірақ осы уақытқа дейін сынақ кітапшасында келіп журген неміс тілі пәні дәл 21-маусым күні өткізілген мемлекеттік ҰБТ тапсыру кезінде ҰБТ кітапшасында келмеген. Кызым бұл жайт туралы сол арада аудитория кезекшісіне хабарлаған. Аудитория кезекшісі комиссия төрағасын шақырып келген. Ол кісі қызыма «Сен мектепте ағылшын тілін оқыдың,сол ағылшын тілін белгіле»-деп айтқан. Осы арада не істерін білмеген балам география пәнінің жанына неміс тілінің орнына ағылшыннан гөрі математика пәнін дұрыс деп шешіп, математика-география пәндерін белгілеген.

Кітапшада неміс тілінің болмағанына ешкімнен де түсініктеме-жауап ала алмадық. Сонда бұл әділетсіздікке де көндік. Қызым ҰБТ-дан 111 балл алып шықты.

Келесі үмітіміз 21-маусымда жинаған 111 баллымызбен 10-тамыз күнгі жарияланатын конкурс нәтижесін тағатсыздана күттік. Енді міне 10 тамызда грант иегерлерінің тізімінде қызымның қалап жазған бірінші мамандығы «Логистикаға»(ҚазҰУ) түскеніне қуандық. Бұл қуанышымыз 14-тамыз күнгі Ғылым және Білім министрлігінің қайта жариялаған хабары су сепкендей басты. Енді қызым үшінші жазған «География» мамандығына түскенін көріп мең-зең болып отыр.Себебі бұл мамандықты өзі қаламаса да баллым жетеді деп жазған.

Сізден сұрарым қызымды басқа «Алтын белгі» иегерлері сияқты бірінші түскен мамандығында қалдыруын өтінемін.

Жалпы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - «Қазақ үні» газеті осы мәселені шешіп берулеріңізді өтінемін. 3 ұл 1 қыз тәрбиелеп отырған жанұямыздың атынан сіздерге үлкен сенім білдіреміз.

Еліміздің болашағы білімді ұрпақ десек, ал мына жасап отырған әрекеттер білімді жастарды қолдау ма, әлде арбау ма? Өздеріңіз ақиқатын айтыңыздаршы".

Қазақ үні