Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Алдағы аптада грант иелерінің ЖАҢА ТІЗІМІ жарияланбақ – Білім министрлігі

Жоғары балл алып, грант иеленбей қалған талапкерлер үшін! Білім гранттарына қатысты болып жатқан ата-аналардың алаңдаулары, әрине, түсінікті. БҒМ бұл мәселені жіті қадағалап, оң шешім шығаруға бейіл. Кеше және бүгін бір топ ата-ана мен талапкерлер шағымдарын арқалап БҒМ ғимаратына келді. Жиналғандар қарасы бүгін тіпті көп болды. Шамамен 150-ге тарта адам министрліктің мәжіліс залына жиналып, өз сауалдарын Ерлан Сағадиевтің өзіне тікелей қоюға мүмкіндік алды. Сұрақтарының мазмұны бірдей. Өздеріңіз білетіндей, аз балмен грантқа түсіп кеткендер бар да, жоғары ұпай жинаған талапкерлер, керісінше, білім гранттарына қол жеткізе алмаған.

Осы мәселеге орай министрдің берген жауаптарына көңілдері толған ата-аналар үміттерін үкілеп аттанды үйлеріне. Шыны керек, қазірде ата-ана «Баламды медресеге біл деп бердім…» демейді бұрынғыша, «заңгер болсын, экономист болсын» деп «итак та» 1 орынға ондаған талапкер таласқан мамандықты таңдап жатады… Ал кейбір «Алтын белгі» иегерлері, ауыл тұрғыны ретінде де, ата-анасы жоқ талапкерлер санатына да кіретіндіктен, мейлі аз балл алсын, бәрібір де гранттарға қол жеткізіп отыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылша «Алтын белгі» иегерлерінің басымдықтары сақталып отыр. Ол келесі жылы болмауы мүмкін. Бұл – Парламенттің жаңа заңды қабылдау-қабылдамауына тікелей байланысты. Министрліктің көктемде жолдаған заң жобасы әзірге қаралу үстінде. Дегенмен, «АБ» иелеріне берілетін басымдықты алып тастап, олардың оқуға түсерде өзге талапкерлермен тең дәрежеде білімін сынайтын мүмкіндік беріліп қалады деген үміттеміз.

Министрдің бүгінгі ата-аналармен кездесуінен түсінгеніміз, жоғары балл алып, оқуға түсе алмаған талапкерлерге басқа мүмкіндіктер берілетін болды. Ол қандай мүмкіндіктер? Республикалық комиссия қорытындысы қайта қаралып, алдағы аптада грант иелерінің ЖАҢА ТІЗІМІ жарияланбақ. Еліміздің бас газеттері – «Егемен» мен «Казправдада». Тізімге тек жоғары балл алғандар мен жеңілдікке құқылары бар ауыл тұрғындары, жетім балалар және басқалары енгізіледі. Сонымен бірге, заң бойынша, «Алтын белгі» иелеріне тиесілі гранттар сарапқа салынбайды.

Ғанибет Ғалымбекұлы,

БҒМ баспасөз қызметінің маманы

Қазақ үні





12 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Әділдік 12 Тамыз, 2017, 20:44

    Бұл рас па? Расында 100 жоғары бал алғандарды қайтадан қарай ма ? газетке жаңа тізіммен шыға ма? Грантка түсіп кетсек екен.Әумин

    Жауап жазу
  2. 5 баланың АНАсы 12 Тамыз, 2017, 23:24

    3 күннен бері естіген жақсы жаңалық болды ғой. Қазақ үні! Айналайын сүйінші хабарларың көбейсін!!!

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 13 Тамыз, 2017, 00:42

    құжаттарын қайтып алғандар қайта тарсырама ?

    Жауап жазу
  4. Парахат 13 Тамыз, 2017, 02:07

    Кужаттырды алдыкко енди кайта апарып тапсырамызба соны калай билемиз

    Жауап жазу
  5. Парахат 13 Тамыз, 2017, 04:07

    Шын бекен 115 балл алып турып тусеалмай калдык кагаздарымызды кайта апарсак кабылдайма соны айтып жибересиндерма отиниш!

    Жауап жазу
  6. Дидар 13 Тамыз, 2017, 11:52

    Шынымен осылай болатын болса не себепті ресми сайтта бұл туралы айтылмайды? Қашанғы күтеміз? Қалай болатынын неге айтпайды? Үміттендіріп қойып тағы құртпаса болғаны…

    Жауап жазу
  7. Тəттімбек 13 Тамыз, 2017, 14:36

    Гранттқа жоғары бал алып түсе алмай қалған балалар осы жаңа тізімге ілігу үшін не істеу керек.Қайда жрлығуға болады.

    Жауап жазу
  8. молдир 13 Тамыз, 2017, 14:37

    Адтын белгі деген ақталатын немесе ақталмайтын болып бөлінетін еді. Алдымен алтын белгілер белгілі балл жинаса алсын сол біздің гранттарымызды.Мен мүлдем наразымын, биылғы конкурс əділетсіз болды. Берілген əуеделер көкке ұшқандай жоқ болды да кетті.

    Жауап жазу
  9. Айжан 13 Тамыз, 2017, 21:02

    Шет ел азаматтарыныда кайта корiп шыгасыздарма?

    Жауап жазу
  10. Мантай Назерке 13 Тамыз, 2017, 22:33

    Мен Мантай Назерке 135балл жинадым ,озим кызыл аттестат иегеримин ,грантка окуга тусе алмадым ,отинемин не истеуим керек ,кайда жазуым керек билетиндериниз болса айтыныздаршы .Менин мамандыгыма (эконрмфак) 72баллмен алтын белги тускен ,неге ?менше?Алтын белги болса ол Жаксы окыган болар еди ,неге онда ол томен балл жинады ,калайша мен 135баллмен тусе алмадым… сонша жылдардагы енбегим кайда кетти ,9сыныптан бастап курстарга барганмын ,11 сыныптармен жарысып окитынмын ,отинемин,отинишимди кабылданыздаршы!Алдын ала рахмет!

    Жауап жазу
  11. Айнур Хайролла 15 Тамыз, 2017, 00:27

    Балам 109 балл жинады грантка тусе алмады.Көпбалалы отбасымыз жанұя жағдайына неге қарамайды

    Жауап жазу
  12. жаксыбай келини 24 Тамыз, 2017, 16:29

    Балам 88балл грантка түсе алмады. ауыл квотасы кайда неге коспаган

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*