Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ұлықбек Есдәулет. Бұлармен күресудің жолы қандай?

 

 

Шымқаладан ватсаппен келген мына бір-екі парақ көшірмені көріп, көмейге көп сауал тірелді.

Əйгілі композитор Лесбек Аманов марқұм осыдан он бес жыл бұрын əн шығарған «Біздер де ғашық болғанбыз» атты өлеңіме Ұ.Сариева деген «жиен» табылыпты. Ал əн авторы деп көрсетілген Донеділ Қажымов бауырым біреуден əн алатын жігіт емес еді, меніңше, дəл осы жерде бір жаңсақтық кеткен сияқты.
«Бұл не қылған əн жинағы?
Авторларды осылай ойланбастан ауыстыра салу кімге керек болды екен?
Жинақты құрастырған кім?
Қай баспа?
Білетіндеріңіз бар ма?» деп көшірмені жіберген тарапқа сұрау салып едім, көп кешікпей телефоныма: «Бұл Шымкент қаласындағы «Алтын алқа» баспасы 2006 жылы шығарған «Ақ көңіл ағызайық əннің майын» атты таңдамалы əндер жинағы. Əзірлеген Бақытжан Серікбайұлы Байтасов» деген хабар сол кітаптың суретімен келді.

Енді «не істесем болады?» деп ойланып отырмын. Интернетті қарасам «Біздер де ғашық болғанбыз» деген əн көбейіп кетіпті. Лесбек те, мен де жоқпын.

Өткен жолы Шолпан Қисымбетованың «Пай-пай, жеңеше-ай» деген əнінің Айнұр Қалаубаева орындаған клипінде өлеңін жазған менің аты-жөніме Д.Құйқас деген біреудің есімі мінгесе қалыпты. Ол қайдан шыққан ақын? Сондай ақын бар ма? Ұ.Сариева ше? Бар болса олар менің өлеңіме неге ортақтасады?

Бұл не? Үндемейін десем шектен шығып барады. Бұлармен күресудің жолы қандай?

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ

Фейсбук парақшасы





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. $ 12 Тамыз, 2017, 16:47

    Лесбек емес Ілесбек.лес -орман .ал ілес деген сөз артыңнан ілескен тұқым деген мағына..Ізбасар деген адам болса збасар деп жазатын түрі бар ғой

    Жауап жазу
  2. Маxамбет 12 Тамыз, 2017, 17:19

    Дұрыс Ұлаға! Үндемесеңіз үдей береді бұндай ұрлықтар

    Жауап жазу
  3. Әбіл Жәкен 14 Тамыз, 2017, 00:51

    Ақын Ұ.Есдәулетов соңғы жылдары ақындар мен сазгерлердің «жиендері» табылып жатқанынан мысал келтіріпті. Дұрыс. Енді Ұлекеңнің өзіне бір сұрақ: Сіз де, біз де білген, құрметтеген ақын аға Тоқтарбек Қызықбайдың «Зайсаным» деген атақты өлеңі бар, оған сіздің туысыңыз болар Бағдат Есдәулетова ән шығарып, ол ән Зайсанның гимні сияқтанып, бәрімізді ерекше қуантып, мақтандырып, көңілдене айтатынбыз, әлі де айтып жүрміз, бірақ былтырдан бері радио-теледидардан ол әннің өлеңін жазған Ұлықбек Есдәулетов болып айтылып жүр. Ол қалай? Біліп істелген қате ме, білмей істелген қате ме? Ән авторы Б.Есдәулетова бұған не дейді екен және сіз не дейсіз. Зайсандықтар өте ренжулі. Түзету бола ма? Оны кім жасауы керек?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*