Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«САҒАДИЕВ халықтан қашса, босатсын орынды!»- әділетсіз грантқа ашулы ата-аналар жанайқайы

Картинки по запросу сағадиев

Астанада жүзге тарта ата-ана Білім министрлігіне басып кірмек болды. Бұндай наразылыққа ҰБТ-дан жоғары бал алған балаларының оқу грантынан қағылуы себеп. Ашуға мінген әке-шеше сөзі мен ісі кері шыққан министр Ерлан Сағадиевті көргілері келді. Бірақ бас мұғалім бұл жолы да халықпен тілдесуге шығудан бас тартты, деп хабарлайды КТК    арнасы.

Айгүл Жұмабаева ҰБТ тапсыруға оқуының соңғы бірнеше жылын арнапты. Кейін мемлекеттің тегін оқуына түсемін деп, ата-анасының талай ақшасын да дайындық курстарына жұмсаған. Шешуші емтиханда 95 пайыз білім деңгейін көрсеткен оның, кеше талай жылғы арманы желге ұшты.

«Экономикадан 72 баллмен грантқа түсіп отыр, мен 131 баллмен түспей қалдым. Соған қатты таң қалып отырмын. Мен негізінен Сүлейман Демирел университетіне түскім келген еді. Онда оқу 1 миллион 200 мыңдай. Енді оған түсе алмаймын, қалаған мамандығыммен мүлдем ешқайда бармайтын шығармын», – дейді талапкер Айгүл Жұмабаева.

ент 110817

Талапкердің түңілердей жөні бар. Себебі оның мамандығына бөлінген 300-ден астам гранттың соңғысын бақытты біреу 72 баллмен иеленіпті. Себебі ол «Алтын белгі» иегері. Ал ҰБТ алдында, министрлік грант бөлуде «алтын белгі» бұрынғыдай құнды болмайды, кім қанша ұпай алады сол грантты иеленеді деп уәде еткен болатын.

«Алтын белгі» тек қана мектепте беріледі. Ал грантқа келгенде әрбір бала өзі қаншаға тапсырады сол баллға ғана грант береміз», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

«Түнімен жылап шықтым. Менің әке-шешемде жылына 1 миллион теңге төлейтін ақшасы жоқ. Әділетсіздік барып тұрған», – деп ашынды талапкердің бірі.

125 балл алып, құр қалған бұл баланың миллиондарды қайдан табатынын тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов білмейді. Ал гранттарды үлестіргендердің бел ортасында осы азамат болған. Сөз таппаған басшы қашып қана құтылды.

«Халықтан қашып жауап бермейтін болса, босатсын орынды!» – деп айқайға басты ата-ананың бірі.

Тестілеу орталығы директорының орнына ашынған халық алдында министрліктің заңгері ақталуға тырысты. Яғни “Алтын белгі” иегерлеріне берілетін  жеңілдікті алып тастайтын заңды уақытылы қабылдамай алмаған.

“Білім” туралы заң жобасын біз барлық мемлекеттік органдармен талқыладық. Ақпан, наурызда заң жобасын тиянақтап, сәуірде үкіметтің қаулысына сәйкес Мәжіліске енгіздік. Заңды қыркүйекке дейін қабылдаймыз деп ойладық. Алайда қабылданбады, әлі күнге мәжілісте жатыр. Бар проблема осында, түсінісіз бе?» – деп түсіндірді ҚР БҒМ заң департаментінің қызметкері Ғалымжан Жұмашов.

Яғни, заң қабылданбағандықтан гранттар ескіше, бірінші кезекте «Алтын белгі» иегерлеріне берілді. Ал бұл төсбелгілер болса, биыл тест қортындылары бойынша емес, жаңаша, оқыған мектептерінде қорғалды. Алтыны бар біреудің тесттің шекті межесі 70-тен әрең асып, грантқа түсіп, ерек белгісіз біреудің 131 баллмен далада қалуы да сондықтан. Министрлік ҰБТ-ны шала реформалап, жүрісінен жаңылғанын ата-аналар түсінсе де, қабылдағысы жоқ. Сондықтан министрдің өзін көргіміз келеді деп, ғимаратқа топырлай бас қойды.

Ал дәл осы кезде Алматы қаласында да балалары грантсыз қалған ата-аналар университет алдына топталды. Олар да гранттардың қандай қисынмен бөлінгенін білгілері келеді.

«30 пайыздық ауылдық квота бөлінді, сіз грантқа түсіп тұрсыз деп баланы үміттендірген. Қағазында квота деп жазылып тұр. Ал бала 106 баллмен түсе алмай қалған. Екі ортада бала кешеден бері тамақ ішпей жатыр, депрессия», – дейді талапкердің анасы Гаухар Елубаева.

Тұтас министрлер үйін таң атпай шулатқан шеру ата-аналардан жазбаша өтініш қабылдағаннан кейін ғана тынышталды. Бірақ бұл тыныштық уақытша ғана дейді ата-аналар. Олар  бүгін кабинетінен шықпай қойған Білім министрін кеңсесін  мәселе шешілгенше аңдуға дайын.





53 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 11:48

    Жогары балл жинаган балаларга обал-ай Сагадиев министр болгалы шудан коз ашпады

    Жауап жазу
    • айдын 14 Тамыз, 2017, 10:57

      Сол жоғары балл алған талапкерлер өз білімімен алды ма қулықпен бе?! (Көпке топырақ шашпаймын әрине)

      Жауап жазу
  2. мұхтар 12 Тамыз, 2017, 11:50

    Іріп шіріген жүйеден не сұрауға болады осы бетімен кеткен да жемқорлық таныс тамыр.

    Жауап жазу
  3. Марат 12 Тамыз, 2017, 12:17

    Білім мен ғылым саласы 26 жыл бойы реформадан көз ашқан жоқ. Жауапты адамдар түсінік беруге тиіс.

    Жауап жазу
  4. Əже 12 Тамыз, 2017, 12:28

    Бұл жерде Сағадиевтың ешқандай кінасі жоқ.Сағадиевке дейін де былығып жатқан, Сағадиевке дейін директордың орны 10000 доллар болды,мұғалімдік орындар , алтын белгі ,оқымаса да аттестат сатылды.Мұғалімдер ата аналардан ақша жинады.Сағадиев сондай бассыздықты болдырмаймын деп күресуде, заңды белшесінен басып, жеп үйреніп қалғандар неше түрлі айла тауып Сағадиевты кіналауда.Сағадиевқа қолдау көрсету керек.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 19:37

      О,тоба,Сағадиевті жақтаушыларда бола ма?
      Ұят дегеннен жұрдай болдық қой.
      Әділдік,обал,ұят,ар дегенді белден басқалы неше заман.

      Жауап жазу
    • Бақыт 12 Тамыз, 2017, 20:01

      Мұғалімдер ақша жинамайды оларға оның не қажеті бар көйлек алып кие ма оған. Тек мұғалімді кінəлау.

      Жауап жазу
      • Сая 13 Тамыз, 2017, 11:03

        Неге мугалалимдерди киналайсыздар билим бергеннен баска не кинасы бар адам окыган талпынган балага 5 кояды оларда жынды емес оларгада бас керек айтпесе сатып алынса бутким сынып уздик болмайма сатса сатып алар едик кой баламызды уздик кылып ойтуге болмайды барине топырак шашуга болмайды

        Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Тамыз, 2017, 22:54

      Мына кемпір отттаииды

      Жауап жазу
  5. Махамбет 12 Тамыз, 2017, 12:35

    Масқара! Ата-аналардан қашқан білім министрі Сағадиевте не бет қалды Білім министр болып істеуге.

    Жауап жазу
    • Токманбетова Балдан 12 Тамыз, 2017, 20:00

      124балмен кан жылап отырмыз,адилдик керек бизге,кашпасын министр жауап берсин халыкка,балаларымыздын коз майын тауысып окып ,косымша акы толеп окытып жеткен 124балымыз желге уштыма?Акылы миллион толеп медицинага окыта алмаймыз себеби денсаулыгымызга байланысты мугедектиктемиз

      Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 12:35

    Сағадиев өз еркіміен орнынан кетуі керек!

    Жауап жазу
  7. Атабай 12 Тамыз, 2017, 12:36

    бұлардың бәрі жемқор! 36 бал қалай грант алған әйтпесе?

    Жауап жазу
  8. Рашит Ахетұлы 12 Тамыз, 2017, 12:37

    Иә, біздің министрлер мен әкімдерге елдің қарсылығы бір тиын, Елбасының өзі орнынан жұлып алып тастағанша жабысып отыра береді..

    Жауап жазу
  9. Мәди Ислам 12 Тамыз, 2017, 12:40

    ЖОО-ға тұсетін балл межесі 50 балл болса да, 39 балл алғанның Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринарлық санитария мамандығына, тіпті 36 балл алғанның Атырау университетінің химия факультетіне оқуға түскенін қалай түсінеміз министр Сағадиев мырза?

    Жауап жазу
  10. есімхан 12 Тамыз, 2017, 13:24

    папасы тірі тұрғанда министр ешқайда кетпейді. Қазір білім саласының барлық іскерлерінің әуелі мектеп директорларының көкелері бар. Анау қазақстанға аты шыққан педофил директордың да туыстары жоғарыда отыр.

    Жауап жазу
  11. Хамит 12 Тамыз, 2017, 14:15

    Грант көбейеді деген жеу көбейеді деген,түсінбесіңдер ме

    Жауап жазу
  12. Катира 12 Тамыз, 2017, 15:11

    2 қызымыз 104 балл жəне 110 балл грантқа ілікпеді.Олардың білімі өте жақсы.
    Сагадиевтың ойлап тапқан тестін өзінің министірлікте қызметкерлер дурыс балл жинай алама?

    Жауап жазу
  13. Магжан 12 Тамыз, 2017, 15:54

    Мен 125 баллмен тусе алмадым общая медицина кгМУ га озгертуге болама

    Жауап жазу
  14. Əсет 12 Тамыз, 2017, 16:00

    Ой, кезінде Политихқа түсемін деп геодезия мамандағының тізімі (магитратура )бойынша 1-ші орында болдым яғни ГРАНТқа үміткер болып қатты сендім өзіме, ағылшын 95, мамандық емтиханнан 100, сүйтсем гранттар наурыз айында сатылып біткен дейді геодезия факультетінің деканы, келесі жыл қайта тапсыр маған 2000$ берді, деді, мен сол кезден бері үміттімді үздім, жалпы оқудан бас тартым. Шірігенін сол кезде(07.08.2009 ) ұғындым, Сағынтаевпен қатысы жоқ, астындағылар шірітіп базар ғылып жатқан білім саласын. Ол үшін халыққа азызбіршілік керек, жаппай делдал мұғалімдерді көз құрту керек.

    Жауап жазу
    • Каро 13 Тамыз, 2017, 23:42

      Сизден аз сурапты ол кезде менен каз 10 мын доллар сурап жатыр

      Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 17:32

    Менің де балам 120 балмен грант ала алмады. Не деген сұмдық.

    Жауап жазу
  16. Жамилч 12 Тамыз, 2017, 17:56

    Сагадиев орнынан кетсин.Мұндай жугенсиздик токтауы тиіс.Бұрынғы ЖОО емтихан қайта қолға алынсын.Менің балам бітіргенше ауысса екен.Баламның стресске тускенин қаламаймын

    Жауап жазу
  17. Мен 12 Тамыз, 2017, 18:09

    Сағадиев кет.

    Жауап жазу
  18. Парахат 12 Тамыз, 2017, 18:20

    Кетсин кара халыкка комектесип халыктын жагдайын ойлайтын адам келгени жаксы биз 115 балл алып грантка илиге алмай отырмыз

    Жауап жазу
  19. Гуля 12 Тамыз, 2017, 18:47

    Негізі Алтын белгі мектептен берілді ғой. Грант алуға қагдай қатысы бар? Бұрынғыдай еңбнкпен алыгса екен…

    Жауап жазу
    • Айдын 14 Тамыз, 2017, 11:00

      Алтын белгі Алтын белгі… олардың барлығы да сатып алған жоқ өз білімімен алғандар да бар!
      (Неге онда барлығы алмайды арнайы курстарға жібердік дейді сол ақшасын берсін (әр кім де алса…)

      Жауап жазу
  20. Тлеугацша 12 Тамыз, 2017, 20:39

    Алтын белгiде не шаруаларын бар. Оз енбегiмен алган балалардын енбегi,.Алтвн белгiге курметпен карау керек.

    Жауап жазу
  21. Гуля 12 Тамыз, 2017, 21:01

    Алтын белгі тек қана баланың еңбегі емес ұстаздың да еңбегі. Алтын белгіні бұрынғыша ҰБТ қорытындысы бойынша беру керек еді сонда əділ болатын еді.Алтын белгіні алып алып 36 балл жинау секем туғызатыны анық қой

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 21:53

      Алтын белгіні таза білімінің арқасында алды дегенге сену қиын.сатылды,сатылған,сатып алды,әлі де солай.бір мектептен 40-50- бала алатындай,шетінен вундеркинд,іштен оқып туған оқымысты болып кетті ме?..

      Жауап жазу
      • Белгисиз 12 Тамыз, 2017, 22:24

        Оз енбегимен 11 жыл жаксы окыган окушылар да бар,5 саусак бирдей емес,тек бурынгыдай УБТ натижесимен беру тартиптирек болар еди 100 пайыз адил болмаса да

        Жауап жазу
  22. М.Шындәулет 12 Тамыз, 2017, 21:25

    Мен баяғыда Сағадиев министр болған кезде айттым ғой ,,Ерлан күндердің күнінде құрбандыққа шалынып кетеді,, деп. Сол айтқаным болғалы тұр. Халық мына әділетсіздікке төзбей шу шығаруын тоқтатпаса Нұрекең Сағадиевті босатады да тастайды. Сосын құда да тыныш, құдағай да тыныш. Бұл Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Оның орнына тағы бір Мағадиев келеді. Ол да ,,бұрынғы министрлер былықтырып кетіпті. Енді соны қайта реформалап, былыққан білімді бес тұғырлы тілге айналдырып, түзетуім керек,, деп тағы халықтың шақшадай басын шарадай қылады. Бірақ басында миы бар кісі білім министрлігіне министр болып бармайтын шығар. Себебі, өз басымен, өз еркімен жұмыс істей алмаса керек. Қолжаулық министрлікке, қуыршақ министр қажет. Бірақ кім біледі, жинаған-терген, студенттер мен ата-аналардан жеген долларын арқалап жүгіріп жүрген тірі пенделер көп болуы да мүмкін. Енді дегенмен Кенжеғали Сағадиевке қартайған шағында оңай бола қоймас. Әй қайдам, бірақ жоғарыға жағымпазданып, халықты алдап қақпақылдап үйренген жандар бәрібір судан құрғақ шығады ғой.

    Жауап жазу
    • Дарига 12 Тамыз, 2017, 22:09

      Керемет айттыныз

      Жауап жазу
    • Дәулет 14 Тамыз, 2017, 13:28

      М.Шындәулет мырза, шындықты біраз айтыпсыз, бірақ жаңалығы жоқ, айтылып жүрген сөздер. Біздегі былықпай үшін ең жауапты адам президент Нұрекеңіз екенін шынымен білмейсіз бе? Өзі таңдап алған кімін болсын ол халықтың наразылығымен қашан орнынан босатып тастады? Қазақ тілін 26 жыл бойы «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген өсиетімен ойыншыққа айналдырып алғаны соншама, министрлерінің жартысын шала қазақ, қалғанының жартысы қазақ тілінен хабар-ошары жоқ рухани байғұстар екенін көре тұра, біле тұра тағайындап келе жатқан жоқ па? Билік кадрлар чехардасы болып тұр емес пе? Мынау Сағадиев болса, халықтың қарғысына қалса да, басекесі отырғызған креслодан түсер емес. Басы сәл дұрыс жұмыс істейтін болса, ағылшын тілін 7-8 кластан оқыту де жетіп жатарын ойлар еді, ал бұл енді бесік жырын ағылшын не қытай тілінде айтуды керек етер. Қазақ театрларының сахнасын, телебағдарлама экрандарын жын-ойнаққа айналдырған министр А.Мұхамедиұлы да – көкесінің Сағабиевтей еркесі, ол да портфелінен айрыла қоймас, өйткені оны халық қалап сайлаған жоқ, көкесі таңдап алды. Қысқасы қазаққа қазақ рухымен қызмет етпейтіндердің жолы даңғыл болып тұр, бекер ме?

      Жауап жазу
  23. Сəлима 12 Тамыз, 2017, 23:04

    М.Шындаулет тамаша айтыпсыз. Бəрі де рас.

    Жауап жазу
  24. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 23:58

    Мектепті қызылмен бітірдің ба қалаған оқуға түсіріп жастарға үміт беріп қолдау керек сонда ғана жақсы ой сана адамгершілік барі сақталар еді.

    Жауап жазу
  25. Ләйлә 13 Тамыз, 2017, 10:55

    Бұл барып тұрған сұмдық.Балаларымыздың өмірі оларға ойыншықпа? Менің де балам 104 баллмен өтпей қалды.Ал одан төмен 72,74 ,89 балл алғандар өтіп кетті.Уа халайық ,әділетсіздікке қашанғы төземіз.

    Жауап жазу
  26. Ләйлә 13 Тамыз, 2017, 10:58

    ҰБТ ны несіне тапсырдық онда,екі жыл үзбей репетиторға барды балам,бар үмітіміз грант болды.Алтын белгі мен квотасы барларған ҰБТ тапсырсын онда.Ақылы бөлімге түсетін болса несіне баланың басың қатырамыз.

    Жауап жазу
  27. Д 13 Тамыз, 2017, 14:54

    Тек қана ақталғыштар отыр.бір сөздері шын емес

    Жауап жазу
  28. Кызыр-Бек 13 Тамыз, 2017, 22:14

    Сагадиевте турган тукте жок.просто зри в корень.Сол кезде Сагадиевке жанын ашитын
    болады.

    Жауап жазу
  29. Айта алмайм 13 Тамыз, 2017, 23:29

    УбТ тапсырушылар сиздердин жан айкайларыныз орынды оте адилетсиз жогары баллды коп жинаган талапкер лер оте коп олардың коршилиги сатып алды бул биздин онтустикте асиресе орын алды 100 ден жогары жинау ушин сомма 700-800 мын устинде ашык турде саудага салынды бир ашынары солар грант иемденді ал нагыз билим иелері ше

    Жауап жазу
    • Асема 14 Тамыз, 2017, 10:50

      көпке топырақ шашпаймын,деседе жоғары балл алғандардың арасында да сатып алғандар жетерлік болды оны көрген өз біліміне сеніп кіргендер психологиялық тұрғыдан өздерін жоғалтып алғандар қаншама…

      Жауап жазу
  30. Какая разница 13 Тамыз, 2017, 23:39

    Убт ны былай койганда магистратура мен докторантураға тапсыргандагы маскараны айта алмайм нагыз базардагы сауда олда жолда калып кети бир аудиторияға 60 адам тапсыруга кирсек сонын 55 не сырттан дурыс жауап акелинди ашык турде ешкимнен кымсынбайак мон адамдары корседе кормеген сынай танытты каншадан сатылды десенши 50 МЫН бул шымкент кой

    Жауап жазу
    • Асема 14 Тамыз, 2017, 10:53

      Тек қана Чимкентте болған жағдай емес(өзге өңірлерде де телефон арқылы, былайша да көмек алғандар саны қиырсыз…

      Жауап жазу
  31. Уайымшыл әже 14 Тамыз, 2017, 03:59

    Ал мен, ал мен немеремді қай елге мектепке берерімді ойлап, шарадай басым шақшадай болды…Тұманда Альбион еліне жіберсем ағылшынша судыратып келеді, Мәскеу жіберсем,…орысша орыстын озін сүріндіретіндей боп келеді, ал, KZ ке оқытсам… ағылшын, орыс,қазақ тілдерін бірдей үйреніп ВУНДЕРКИНД боп шығады!.Рахмет саған, СНИКЕРС,… т.е. мистр Сағадиев! 7ге де толмаған баланың 12 жасқа дейін өз тілі қанына сіңбей тұрғанда, алдын алып, сол қанға басқа тілдерді ботқа қылып араластырғаныңа, үрім-бұтағыңмен аспанға ұшып кетуіңе зоооор тілектестікпен, 5-6жәмән немерелердің уайымшыл жәмән әжелері……

    Жауап жазу
  32. Бек 14 Тамыз, 2017, 11:37

    Сұрың құрғұр Сағадиовты Құртатын жан жоқпа Әлде Анау Нұрдоржа сияқты Бұлда Иәңгілік Министер болмақпа Мәңгіліктерден қалдыққои бәлеген Отрса болды Орындарын босатпаи омалып Мәңглік болып алады Президенттен бастап бәрі Халыққа жақппима Жоғалу керек Орындарынан

    Жауап жазу
  33. М.Шындәулет 14 Тамыз, 2017, 17:47

    Әй, Дәулетжан, ,,Шындықты біраз айтыпсың, бірақ жаңалығы жоқ, айтылып жүрген сөздерді айтыпсың,, деп маған кінә артыпсың. Оныңды жарайды дейік. Сонда сен өзіңді жаңалық аштым деп отырсың ба? Сенің де айтып отырғаның 27 жылдан бері айта-айта иі қанған ,,жаңалықтар,,. Бұл жерде Мұхамедиұлы туралы емес, тақырып Ерлан Сағадиев жәйлі болып отыр. Бұл, бір. Екіншіден, өзіңнің жазғандарыңа қарашы, тіл туралы айтқың келіпті, бірақ өзің қазақ тілдің грамматикасын, орфографиясын сол министрлерден артық білмейсің-ау деймін. Себебі, жазған сөздеріңнің мәтінінің өзі ,,тисе терекке, тимесе бұтаққа,, деп жазылғаны көрініп тұр. Сен жүйені сынасың, сенің сөздеріңнің жүйесі де қарық болып тұрғаны шамалы. Баяғыда біреу сен құсағанға ,,Өзің диуанасың, кімге ақыл айтасың?,, деген екен. Сенікі де сол сияқты болды. Жаңалықты сен-ақ айта ғой, Дәулетжан қарағым. Кезекті саған бердім.

    Жауап жазу
    • Дәулет 15 Тамыз, 2017, 01:07

      М.Шындәулет мырза, шамданып қалыпсыз-ау?.. Мен Сағадиев пен Мұхамедиұлының көкелеріне жаққан ерке министрлер екенін, білім-ғылым мен мәдениет салаларымызды сынаған көпшілік пікірі еленбей келе жатқанын, халыққа жақпаса да, өзіне жаққанды Нұрекеңіздің босата салмайтынын, оған қоса тіл мәселесіне де мән бермейтінін сөз ыңғайына қарай айттым. Оған бекер шаршапсыз.Тіл – білімнің де, мәдениеттің де күретамыры. Соны былықтырып отырғанға жантартатыныңыз «әңгімеңіздің әліпбиінде» «…Нұрекең…» дегеніңізден аңғарылған. Ал жазу мәнерімді мінесеңіз, әрине, еркіңіз, сіз бен біз бір қалыптың кірпіші емеспіз, екеуіміз де өз-өзімізше диуанамыз. Мен сұлу сөзге салынып жүрген жоқпын, білгенімше қарапайым қазақ ұғатын қалпымда жаздым. Лекция оқуға құмар көрінесіз, сірә, қызмет уақытыңыздың кестесінде 45 минөттік өлшем көп болған шығар.

      Жауап жазу
  34. Самат 14 Тамыз, 2017, 23:24

    Сағадиев орнын босатсын сен келгелі бері уш шу болып жатыр кет кет кет

    Жауап жазу
  35. Жанаозен 15 Тамыз, 2017, 14:01

    Лейла ханым сизге косылам биздикиде грантка илине алмай калып отырмыз 115 балл алып енди не имтеуге болады!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*