Асылжанды ел болып арашалап қаламыз - қоғам белсендісі

Мұхтар Тайжан досымызбен марқұм Жампозов Өмірғали ағамыздың үйіне кіріп, қазақтың дəстүрімен апайымызға көңіл айтып шықтық. Апайымызға ауыр тиген, көзінен жас сейілмейді. "Асылжан балама іс ашылды дегенді естігенде, аспан төңкеріліп кеткен тәрізді əсер алдым. Ауаның өзі ауыр болып отыр"дейді апайымыз. Мұндай кезде моральдық қолдау өте маңызды. "Ешкім келмейді. Даладағы жетім тал тәрізді жалғыз қалдық" дейді Ботакөз апайымыз. Өте қиын. "Əкесін өлтіріп, балама көшті. Бұл қазаққа не істедім" дейді. Ауыр сөздер. Апайымызға барлық моральдық көмек қажет. Жəй барып сөйлесіп кеткеннің өзі адамға медет болады. Кіп -кішкентай квартира, мөлтілдеп немерелері жүр. "Ассалаумағалайкум" деп амандасты. Ал енді, Асылжанның жайына келетін болсақ, мəн-жəй əлі белгісіз. Бірақ, қоғам болып арашалап қалатынымызға сенім бар. Бұл жанұяның жалғыз емес екенін, күллі қазақтың бар екенін жеткіздік, апайымызға.

Құрметті достар! Мына жанұяға сіздердің рухани қолдауларыңыз қажет!

Ерлан Сайыров, Фейсбук парақшасынан