Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Асылжанды ел болып арашалап қаламыз – қоғам белсендісі

Мұхтар Тайжан досымызбен марқұм Жампозов Өмірғали ағамыздың үйіне кіріп, қазақтың дəстүрімен апайымызға көңіл айтып шықтық. Апайымызға ауыр тиген, көзінен жас сейілмейді. «Асылжан балама іс ашылды дегенді естігенде, аспан төңкеріліп кеткен тәрізді əсер алдым. Ауаның өзі ауыр болып отыр»дейді апайымыз. Мұндай кезде моральдық қолдау өте маңызды. «Ешкім келмейді. Даладағы жетім тал тәрізді жалғыз қалдық» дейді Ботакөз апайымыз. Өте қиын. «Əкесін өлтіріп, балама көшті. Бұл қазаққа не істедім» дейді. Ауыр сөздер. Апайымызға барлық моральдық көмек қажет. Жəй барып сөйлесіп кеткеннің өзі адамға медет болады. Кіп -кішкентай квартира, мөлтілдеп немерелері жүр. «Ассалаумағалайкум» деп амандасты. Ал енді, Асылжанның жайына келетін болсақ, мəн-жəй əлі белгісіз. Бірақ, қоғам болып арашалап қалатынымызға сенім бар. Бұл жанұяның жалғыз емес екенін, күллі қазақтың бар екенін жеткіздік, апайымызға.

Құрметті достар! Мына жанұяға сіздердің рухани қолдауларыңыз қажет!

Ерлан Сайыров,

Фейсбук парақшасынан





8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қазыбек 11 Тамыз, 2017, 18:06

    Марқұм Жампозовты жазықсы жаладан ақтап алу, ұлы Асылжан Жампозовты қысымнан қорғау комитетін құру керек Ерлан! Жарайсың!

    Жауап жазу
    • Ертіс 12 Тамыз, 2017, 10:27

      Әр бір адал қазақ баласы қоғамда терең орын алған қылмыстық құрылыммен табанды түрде ұзақ күресу қажет болды.Асылжанға жаппай араша болу асыл парыз!

      Жауап жазу
  2. Махамбет 11 Тамыз, 2017, 18:07

    Иә, жампозовты қорғау комитетін құру Ерлан Саирдың қолынан келеді

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 19:37

    асылжанды қолдаймыз.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 23:55

    Алла жар болсын.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 09:34

    «Прокуратор»ол жерде не ыстеп жур,шуркан ыздеп жургенбе олай болса максатына жетты.
    Чё то шуркандар кобейып кетты корыкпайсындарма прокуроментокнбшнико- финколар,судьёно-сы да бар.
    Соттай алмайсындар оны соттатпаймыз!
    Ышынды урайын прокуратор дурыстап зерттеу керек болатын сен адам олтырдын
    Мент екеуын.

    Жауап жазу
  6. Жанбота 12 Тамыз, 2017, 14:28

    мен ойлаймын жемқорлыққа қарсы шыққан адамды құртпай қоймайды, ақша өлтіріп жатыр да. әкесін жоқ етті, енді баласына көшсе сол қылмысты істі жүргізгендер, сол марқұм жұмыс жасан жердің әріптестері жасап отыр. себебі онай ақша емес. сіздерге шыдамдылық берсін алла

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 13 Тамыз, 2017, 23:32

    Әліде көрері бар,күш-қуаты сарқылмаған,сау адамды сенделтіп,әділетсіздіктің,шектен шыққандықтың құрбаны қылды.Қайғыдан қан жұтып,шарасыздықтың күйін кешкен отбасына қолдау көрсеткеннің орнына енді келіп баласын істі қылу барып тұрған арсыздық.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*