"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Тараздағы қанды қырғын. ІІД жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған

Жамбыл облыстық ІІД ғимараты

Таразда облыстық ішкі істер департаментінің ішімдікке сылқия тойып алған жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған, — деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Қазір ол іздеуде жүр. Ведомство мәліметінше, оқиға 10-тамызда сағат түнгі екіде болған.

«Биылғы жылғы 10-тамызда түнгі уақытта спирттік ішімдік ішу кезінде полицияның бұрынғы қызметкері М.Ж.Жетпісбаев, Жамбыл облыстық ішік істер департаментінің басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов қақтығысып, кейін қақтығыс төбелеске ұласқан.

Салдарынан, Үмбетәлиев М.Жетпісбаевқа пышақ салған, Бектұрғановқа пышақпен жарақат салған», — дейді министрліктің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Айтуынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 24-баптары бойынша («Адам өлтіруге оқталу») соталды тергеу басталған.

«Қазіргі уақытта М.И.Үмбетәлиевті ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Ал Е.О.Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрліктің ресми өкілі қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті басшылығын жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылып жатқанын айта кетті.





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 16:46

    Тараз,Шымкент полицейлери оздерининен басканын барин адамгурлы кормейди. Онкей паракор,маскунемдер. Барин тексерип жазалау керек. Батыстан,солтустиктин адамдарын басшылыкка кою керек. Онтустиктин адамдары жастайынан тиын санап,пара берип,алып акшага куныккандар. Онтустикин батыс,солтустикке жиберу керек. Пара Алса ондагы акшага сатылмайтындар тез курыктайды.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 17:28

      Дурыс айтасыз

      Жауап жазу
    • mongolya 12 Тамыз, 2017, 21:12

      Ote duris

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 22:59

      Шеттерінен алкаш,белая горячка ма,немесе психдиспансерденбе,тәртіп сақтау емес,тәртіпті бұзып,бүлдіретін орган.бұларды халық бұрыннан силамайтын,енді мүлдем абырой қалмайтын болды.

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 18:40

    Мемлекетты кайырга отыргызады булар алы
    буларга бары быр ,быреу келып ешкым жок
    жерде,100$ акша берем котыннен быр айдап
    алайын десе булар бере салады.
    Булар сондай организация.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 22:25

    Олар окып уйрену жаттыгуларын жасагангой

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 19:49

    Іріңді бітеу жара жарылып жатыр,қанша жерден жасырып,жарылқаса да ауызы ашылды.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*