Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ішкі істер министрлігі Жампозовтың ұлына қысым көрсетілгенін жоққа шығарды

Ішкі істер министрлігі Жампозовтың ұлына қысым көрсетілгенін жоққа шығарды

Бұл туралы  sputniknews.kz хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 32 жастағы Асылжан Жампозовқа қатысты прокурорға қарсы күш қолданғаны үшін ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Асылжан бұл жайында әлеуметтік желіден оқып біліпті. Оның айтуынша, әкесінің мәйітіне жақындағысы келгенде, құқық қорғаушылар қолын қайырып ұстап, жібермей қойған. Сонымен бірге, Жампозовтың ұлы баз біреулердің қоқан-лоққы жасап жүргенін де айтқан болатын.

ІІМ өкілі өз мәлімдемесінде марқұмның ұлына қысым көрсетіліп жатқанын жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта БАҚ-да биыл 20 шілдеде көпшілікке белгілі жағдайда көз жұмған Жампозов Өмірбек Асықбекұлының баласы — Жампозов Асылжанға құқық қорғау органы тарапынан қысым көрсетілгені туралы айтылып жүр», — деп атап өтті ІІМ өкілі.

Оның сөзіне сүйенсек, Жампозов Асылжан 2017 жылы 20 шілдеде оқиға орнын қарау барысында Целиноград ауданы прокурорының ішінен аяғымен бір тепкен. Сол жерде аудан прокурорын өлтіремін деп те сес көрсетіпті. Жедел тергеу тобы мүшелері мен басқа да ресми өкілдер бұл оқиғаның куәсі болған, деді Сәдубаев.

Сәдубаевтың айтуынша, «жерлеу рәсіміне байланысты Жампозов Асылжанға қатысты сотқа дейінгі шаралар кейінге қалдырылған».

«Іс бойынша Жампозов Асылжанның статусы әлі анықталған жоқ, ешқандай айып та тағылмаған», — дейді ІІМ ресми өкілі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу әділ жүруі үшін іс деректерін ҚР ІІМ өндірісіне жіберу мәселесі қаралуда.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 13:09

    Министр Касымовтан бастап полиция басшыларын жумыстан куып,жауапка тарткызу керек. Бари жемкор,маскунем,жезокше суйгуштер. Халык оларды уры,алкаштар деп санайды.

    Жауап жазу
  2. Кызыр-Бек 11 Тамыз, 2017, 18:11

    Сурак барные Булар кымдер?Тон-тон Макут,
    ,НКВД,СС-аскеры? Тек быздыкы емес
    Сонда булар кымнын жазалаушы отряды.
    Курметты халайык айтындаршы?

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 16 Тамыз, 2017, 19:32

    Тәртіпті қорғаушы емес,бәле жабушы,бәле іздегіш,пайда тапқыш,жазалаушы орган,халық анадайдан көріп,бәледен машайық қашып құтылыпты деп қашатын.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*