Жерге көлемді астероид жақындап келеді – БАҚ

Еуропа ғарыш агенттігі (ЕҒА) жерге үйдің көлеміндей астероид жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Оның диаметрі – 15-30 метр, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталмыш агенттің дерегінше, астериод 12 қазанда жерге жақын маңнан, яғни 44 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді.

ЕҒА егер астериод атмосфераға өтсе, оның зардабын 2013 жылы Челябіде құлаған метеоритпен салыстыруға болатынын атап өтті.

«Бұл өте жақын», - деді France Press агенттігіне Еуропалық ғарышқа ұшу орталығы басқармасының директоры Рольф Денсинг.

Алайда директор жерге жақындап келе жатқан астероид қазіргі таңда «қауіпсіз» аумақта екендігін айтады. Астрономдар астероид көзге көрінген кезде оны зерттемек.