Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Білім грантына ілікпегендер оқудың ақысын қалай төлей алады?

 

Картинки по запросу гранты 2017

Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамады, өйткені түлектердің 30% ғана оқуға грант алды. Бұл студенттердің көбісі ақылы негізде оқитындығын білдіреді.

Сонымен, егер балаңыз бір жағдайлармен грантқа ілікпесе, әрі оқуға төлейтін ақшаңыз да жеткіліксіз болса, не істеуге болады?

Осы ретте, студенттер мен талапкерлерге оқу ақысын төлеуде қолдау көрсету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі енгізілген еді. Оның шеңберінде студенттің атына жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшермен 12 жылға дейін кепілзатсыз кредит ресімдеуге болады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» (бұдан әрі – Қаржы орталығы) кепілгер ретінде өкілеттік етеді.

Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредиттерін талапкерлерге де, Қазақстанның барлық ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу нысандары бойынша студенттеріне де алуға болады.

Қазіргі уақытта білім беру кредиттерін Қаржы орталығының серіктес банктерінде әр түрлі шартарда беріледі.

Бағдарламаның әрекет ету географиясы кең, серіктес банктер Республиканың барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Кредиттерді беру механизмі бірдей: қарыз алушы банкке барып, консультация алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады. Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.

Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушы қажет. Бұл жағдайда қосалқы қарыз алушының төлеу қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алған табыстары ескеріледі.

Кредиттің сомасы шектелмейді, бастысы, оқудың барлық кезеңдері үшін оқу құнынан аспауы тиіс.

Айта кетер жайт, бағдарлама бойынша жеңілдікті кезең бар, яғни оқу кезінде және оқу аяқталғаннан кейін 6 айға кредитті төлеу мерзімі шегеріледі. Кредиті мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асыралады.

Білім беру кредиттерін кепілдендіру мемлекеттік бағдарламасының арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады.

Ал балаларының табысты болашағын жас кезінен бастап жоспарлауға және оқуға ақы төлеумен қиналмайтын адамдарға мемлекеттен ақша ала отырып, Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі шеңберінде білім депозитіне болашақ оқытуға қаржы жинауға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

«Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесінен қайта құрылу жолымен құрылды.

«Қаржы орталығы» АҚ қызметінің негізгі мәні қаржы ұйымдары беретін, ақшалай нысанда орындауды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдік беру, сондай-ақ бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.

qazaquni.kz





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*