Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ҚазҰУ-дің ДИЗАЙН мамандығына НЕГЕ ЕШКІМ ГРАНТҚА ИЕ БОЛМАҒАН?

 

 

ҚР Білім және ғылым министрі  Е.САҒАДИЕВ мырзаға!

 

Баспасөзде жарияланған МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ БОЙЫНША Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университеті журналистика факультеті Дизаин мамандығына ЕШКІМ оқуға ТҮСЕ АЛМАҒАН?   

Мысалы, ҚазҰУ-ге құжат тапсырған Жарылқасын  Қаныш Қазыбекұлы 120-дан 116 балл жинаса да,  (екі сабақтың 40 балынан -36 бал, шығармашылық конкурстың екі пәнінен ең жоғары 80 бал жинаған) дизайн мамандығына өтпей қалды.

 Ал одан көп төмен 108 балмен Еуразия Ұлттық университтінің дизайн мамандығына, тіпті 95 балмен басқа ЖОО-ларға өткендер  көп Грант тізімінде.

Сонда ҚазҰУ-да журналистика факультетінде дизайн мамандығы болмайтын болғаны ма? Дизайн кафедрасын жаппақшы ма? Бұл еліміздегі дизайн кафедраларының ішіндегі ғылыми-техникалық материалдық оқу базасы ең күшті кафедра ғой!

Бұған ҚазҰУ-дің дизайн мамандығы оқытушылары да жауап бере алмай, аң-таң… болып отыр..

ҚазҰУ-ге келген ата-аналар айқай-шу шығаруда. Ал университеттің оқу ісі жөніндегі басшылығы: «мұны біз шешпейміз, министрлікке хат жазыңдар» дейді.

Бұл «жұмбақтың» сырын кім айтып бере алады, құрметті Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза?

Жоғары балл алып тұрып, жолда қалған талапкердің тағдырына жанашырлық танытады деп үміттенеміз.

Қазыбек ИСА
qazaquni.kz

 





63 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Жанар 11 Тамыз, 2017, 12:05

    Əділдік қайда? Сонша оқып дайындалып жүріп түсе алмау өте өкінішті! Мен сабақ оқып жүргенде жанымда алаңсыз сабақ оқымай жүргендер грантта неге?

    Жауап жазу
  2. Махамбет 11 Тамыз, 2017, 12:15

    «Мысалы, ҚазҰУ-ге құжат тапсырған Қаныш Жарылқасын 116 балмен (екі сабақтың 40 балынан -36 бал, шығырмашылық конкурстың екі пәнінен ең жоғары 80 бал жинаған) дизайн мамандығына өтпей қалған. Ал одан көп төмен 108 балмен Еуразия Ұлттық университтіне, тіпті 95 балмен басқа ЖОО-ларға өткендер бар?» Бұл не масқара?

    Жауап жазу
  3. Іңкәр 11 Тамыз, 2017, 12:18

    Қазақ ЖОО-ларының қара шаңырағы ҚазҰУ-ге дизайн мамандығыа ГРАНТ БЕРМЕЙ, «Ала қойды бөле қырқып, жүнге жарымай» отырған Білім министрлігінің бұл тірлігін қалай түсінуге болады?

    Жауап жазу
  4. Ерғали 11 Тамыз, 2017, 12:19

    Осы Білім министрлігінің былығы біте ме, бітпей ме?

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 12:22

    ҚазҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры бұл масқараға қарсы хат жазып, ертең Астанаға Білім министрлігіне бара жатыр екен.

    Жауап жазу
  6. Мұхтар 11 Тамыз, 2017, 12:22

    Бұл былықтың артында кім тұрғанын анықтап, аты-жөнін жариялау керек!

    Жауап жазу
  7. Улан Шыгыс 11 Тамыз, 2017, 12:23

    Коргенди Сагадиевтен кордик кой. Балалардын коз жасына калган министр!!!

    Жауап жазу
  8. Салтанат Арын 11 Тамыз, 2017, 12:23

    Бұндай әділетсіздік қанша баланың тағдырын шешіп кететінін Министрліктегілер неге ойламайды?

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 12:24

    Министр Сағадиев мұны біле ме екен?

    Жауап жазу
    • Ерлан Сағади 11 Тамыз, 2017, 20:50

      Əрине білуі тиіс. Онда ол анда неге отыр министр боп? Босатсын креслоны. Берсін шын жұмыс жасайтын адамға.

      Жауап жазу
  10. Ағзам 11 Тамыз, 2017, 12:26

    Грант болинбесе ол мамандыкка басында неге айтпайсындар. Балалардын обалына калдындар гой.

    Жауап жазу
  11. Айгерім 11 Тамыз, 2017, 12:26

    Мендеде дал сондай жагдай) химия мамандыгына ешкандай квотасы жок 79баллмен тускен ал меники 101балл менинде квотам жок бул калай сонда? Типти биотехнология мамандыгына да квотасы жок 90баллдармен тусип кеткен әділдік қайда? Тағы бір мәселе алтын белгілерді қайтарғаны. Мысалға жалпы медицина мамандығына 65баллмен алтын белгі тусип кеткен. Ертен олардан кандай даригер шыгады оздериниз ойланыздар) жыл бойы алтын белгі роль ойнамайд деп келіп министрдің өз сөзіне қарсы шыққаны нес?

    Жауап жазу
  12. Қазыбек 11 Тамыз, 2017, 12:27

    Сонда ҚазҰУдегі дизайн мамандығын жаппақшы ма? бұл еліміздегі ең ғылыми материалдық оқу базасы ең күшті кафедра ғой!

    Жауап жазу
  13. Едіге 11 Тамыз, 2017, 12:29

    ҚазҰУ проректоры айқай-шу шығарған ата-аналарға министрлікке, «Кубенова Г.И. директор ДВПО МОН РК»-дегенге xат жазыңдар дейді ғой. Осы ма бәрін бүлдіріп отырған?

    Жауап жазу
  14. Ерлан Шаяхметұлы 11 Тамыз, 2017, 13:15

    Министр мырза сауатсыз ба, болмаса ұлтты тұралату туралы арнайы тапсырма алған ба деген ойлар мазалайды…

    Жауап жазу
  15. Nurlybek Kuanbaev 11 Тамыз, 2017, 13:16

    Nurlybek Kuanbaev Әйтеуір бір таусылмайтын былық

    Жауап жазу
  16. Рк 11 Тамыз, 2017, 13:17

    Тек гана дизайнер мамандыгында емес баскада мамандыктарда осындай болган 70 бал жинаган бала тусип 118 бен сол мамандыкка тапсырган бала туспеген.Буны калай тусинуге болад

    Жауап жазу
  17. Сапар Әлі 11 Тамыз, 2017, 13:22

    Сағадиевтың қол астында қандай былықтар болып жатқанынан хабары бар ма

    Жауап жазу
  18. Азамат Тасқара 11 Тамыз, 2017, 14:14

    Білім министрлігінің баспасөз қызметі деген бар ма өзі? Жазғанымызға бір сағат болды, бір жауап жоқ. Мына парақшаны не үшін аштыңыздар сонда? Біз ресми сауал жолдап отырғанымыз жоқ қой, заң бойынша үш күнде жауап береміз дейтін. Оперативность деген болу керек. Біз де баспасөз қызметінде талай жыл қызмет еттік.

    Жауап жазу
  19. Сәду Ислам 11 Тамыз, 2017, 14:23

    Мүмкін ҚазҰУ-ге дизайнға басында грант бөлінбеген шығар. бірақ олай болса қабылдау комиссиясы құжат қабылдамайды ғой.

    Жауап жазу
  20. Салтанат 11 Тамыз, 2017, 14:25

    Былықтар қаптап жүр биылғы грантта

    Жауап жазу
  21. Қазыбек Иса 11 Тамыз, 2017, 14:25

    ҚазҰУ-ге дизайн мамандығына о баста ГРАНТ БӨЛІНБЕСЕ, оны Құжат қабылдау комиссиясы білетін және айтатын еді. Олар білмесе де, ректор, проректорлары, декандары біледі ғой. Ал ҚазҰУ-дің оқу ісі бойынша проректорының өзі бұл былықты түсінбей, арнайы хат жазып Астанаға барады ертең. Демек, о баста грант бөлінген, бірақ кейін бұрмалаушылық орын алып отыр деп қана ойлау ғана қалып тұр бұл жерде.

    Жауап жазу
  22. Gulim Gulim 11 Тамыз, 2017, 14:32

    Obalgoy sonsha bal jinap shigarmashilik tapsirgan balalarga.Barin duristap aniktanizdar balalrga obal emes pe. 20 mlnga jetpeytin halki bar osy Kazakistanga ne jetispeydi eken

    Жауап жазу
  23. Гүлмира Садық 11 Тамыз, 2017, 14:33

    Шұғыл шара қолдану керек.Жоғары балл жинаған талапкерге жасалған қиянат қой бұл.Білім министрі не уəж айтар екен?Бар нәрсені былықтыоып алып…

    Жауап жазу
  24. Гүлім 11 Тамыз, 2017, 14:35

    Akili turde okisin dep jatkan shigar.Kazakistanga tolegen akshamen odan da shetelde okip kelgen paydalirakkoy sol akshamen.Dimda bilimde jok che bred??

    Жауап жазу
  25. Инабат 11 Тамыз, 2017, 14:38

    «Шұғыл шара қолдану керек.Жоғары балл жинаған талапкерге жасалған қиянат қой бұл. Білім министрі не уəж айтар екен? Бар нәрсені былықтырып алып…»-деп гүлмира Садық турасын жазып отыр. Иә, тез шара қолдану керек

    Жауап жазу
  26. Инабат 11 Тамыз, 2017, 14:38

    «Шұғыл шара қолдану керек.Жоғары балл жинаған талапкерге жасалған қиянат қой бұл. Білім министрі не уəж айтар екен? Бар нәрсені былықтырып алып…»-деп Гүлмира Садық турасын жазып отыр. Иә, тез шара қолдану керек

    Жауап жазу
  27. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 14:41

    Білім министрі Сағадиев қайда, елде ме өзі? неге жауап бермейді?

    Жауап жазу
  28. Дәулет Серік 11 Тамыз, 2017, 14:41

    Сағадиевте министрдің блогы жоқ, баспасөз хатшысы жоқ, арта қалған қандай министрлік бұл?

    Жауап жазу
  29. Қази 11 Тамыз, 2017, 14:45

    «8-қабаттан секіріп көз жұмған Тілеугүл Қуаныш 2017 жылғы білім грантының иегері атанды. «Тілеугүл Аграрлық университеттің биотехнология факультетінің бірінші курсын ақылы тәмәмдаған еді. Ата-анама ауыртпалық салмайын деп қыс бойы дайындалып биыл оқуға қайта тапсырған болатын. Кеше оқу гранттарын қарап отырып, қызымыздың 1309-шы болып Еуразия университетінің биотехнология факультетіне грантқа түскенін көріп анасы егіліп жылады», – деді марқұмның туысы Жұлдыз Бұзауқызы»-деп жазады ГУГУкз сайты

    Жауап жазу
  30. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 14:51

    Бұл министрлік сонда грантқа қайтыс болғандарды да қосып жіберген бе? Министлікте бірнәрсеге бірдеме айтып жауап бере алатын адам бар ма?

    Жауап жазу
  31. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 14:52

    «Тараз тұрғыны грант қорытындысында шикілік барын айтты

    Бүгін Грант иегерлерінің тізімі сайттарды шарлап кетті ғой. Тізімді мен де ашып қарадым. Қайным оқуға тапсырған еді. Тізімнен таба алмадым. Қайным 110 балл жинаған болатын. Басында “қап, түспепті ғой” деп отырғанмын. Бірақ тізімде шикілік бар секілді көрініп тұр.

    Қайным ең әуелі “жалпы медицина” мамандығы бойынша Асфендияровты таңдаған екен. Отырып алып осы мамандыққа түскендерді қарап шықтым. Қайнымнан төмен алған 63 оқушы грант иегері атаныпты. Тіпті, 83 баллмен түскендер де бар.

    Екінші таңдаған университеті “Астана медициналық университеті” екен. Ол жақта да тура солай. Қайнымнан төмен алған 182 оқушы “жалпы медицина” бойынша грант иеленіпті. Бұл жақта тіпті 65 баллмен түсіп кеткендер бар.»-деп жазады «Қазақ үні» сайты.

    Жауап жазу
  32. Махамбет Ерғали 11 Тамыз, 2017, 14:53

    Мына масқараны қараңыз! Сонда министрлік мониторинг жасамайтын боп тұр ғой. Қайтыс болғандар да жүр тізімде. Мына баланың ата-анасы кеше ғана қыздарынан айырылып отыр. Мынаны көріп вообще ШОК боп жатыр.

    Жауап жазу
  33. Дәулеткерей Кәпұлы 11 Тамыз, 2017, 14:59

    Ағайындар, 136 балмен екі шет тілі мамандығына конкурста ілінбей қалған адам не істейді?! Шәкәрім, Торайғыров, Аманжолов, ПГПИ белгіленген! Конкурс сондай жоғары болды деп ойламаймын?! Ақылдарыңыз керек!

    Жауап жазу
  34. Гулжазира 11 Тамыз, 2017, 15:33

    Бул неткен сумдык! Обал емес пе! Менин де кызым Ент тапсырып 85балл жинады.Тусемин деп куанып журген еди.Кеше озинин тизимде жок екенин корип катты жылады. Типти озинен де томен балл алгандар тусип кеткен екен. Неге адилетти отпеген.Акша берип тусип жаткандар да жок емес баршылык. Ата-ана ретинде грант тизимин кайтадан карастыруын отинемин.

    Жауап жазу
  35. Гүлмира 11 Тамыз, 2017, 15:36

    Мұндай шикіліктер өте көп.Осылардың барлығын тізіп билік басындағыларға депутаттары депутаттық сауал жолдауы керек

    Жауап жазу
  36. Дәулет Серік 11 Тамыз, 2017, 15:37

    МИНИСТР САҒАДИЕВ, ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАЙТА ӘДІЛ ҚАРАЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

    Жауап жазу
  37. Serik Mambetov 11 Тамыз, 2017, 15:42

    Коммерсант елдің Білім мен ғылым саласың басқарғасын не болсын… Министрліктің басты мақсаты – ректорлардың мүддесін қорғау
    .

    Жауап жазу
  38. Zhanibek Kopzhassar 11 Тамыз, 2017, 15:43

    Сағадиев жауап береді деп кім айтты?! Оның Қазақ үні тұрмақ, бүкіл қазаққа түкіргені бар!

    Жауап жазу
  39. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 15:44

    Иә, Сағадиев саудагер ғой, білім министрлігін саудаға айналдырып жберді .

    Жауап жазу
  40. Махамбет 11 Тамыз, 2017, 15:48

    Білім Министрі емес, саудагер Сағадиевке жоғары бал алып, түсе алмай қалған қазақ балаларының тағдыры түгіл Қазақтың, Ұлтыңның тағдыры көк тиын. Өзінің саудасы жүрсе болды.

    Жауап жазу
  41. Қолқоюсыз 11 Тамыз, 2017, 15:48

    ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАЙТА ӘДІЛ ҚАРАЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

    Жауап жазу
  42. Теңсізбек Шыңғыс 11 Тамыз, 2017, 16:09

    Қайырлы күн! Мен Шымкент қаласының №15 мектеп-лицейінің түлегімін. Мен ҰБТ да 96 балл жинап экономика факультетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығына ЕҰҮ ға АқмУТБ ға ҚЭҚХСУ ға және ОҚМУ ға документер тапсырдым! Бірақ түсе алмадым. Дегенімен мені таңғалдырғаны Полатова Ажар Романқызы ОҚМУ ға дәл мен таңдаған «мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасына 94 баллмен түскен! Ескерсеңіздер мен 96 балл жинадым. Бұл қандай түсініспеушілік???

    Жауап жазу
  43. С. Исаева, ата-ана 11 Тамыз, 2017, 16:24

    БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ЕРЛАН САҒАДИЕВКЕ!
    БҰЛ ҚАЛАЙ?????
    Құрметті министр мырза! Бүгін үміттерін үкілеген мектеп бітірушілердің мемлекеттік грант конкурсының нәтижесин жарияладыңыздар. Осы ФБ-да талай реформаларыңыздың талқыға түсіп жатқанынан оқитынмын. Өзімізге тікелей тимесе, шет тартып жүру қанымызда бар қазақ екенімді мойындаймын. «Ашынғаннан шығады ащы даусым» деп басына түскен адам айтса керек.
    Сіз өзіңіз болашақ қоғам мүшелерін дайындайтын салаға жауапты екеніңізді түсінесіз бе? Себебі:
    1. Биылғы мектеп бітірушілерге 2 форматта болады деп оқу жылының басынан айтқаныңызбен, нақты бұйрықты 2017 жылы бердіңіз.Ақпан айына дейін профильді 2 пән болады деп айтылғанымен, нақтысы белгісіз болды?
    Емтиханның қалай, ҰБТ-ның қалай болатынын ешкім де білмеді.
    Наурыз айына дейін еш жерден емтиханға да, ҰБТ-ға дайындалатын нақты сұрақтар болған жоқ.

    2. Ал,Сіз есесіне оқу жылы бойы, грант конкурсы жалпыға бірдей ашық та адал өтеді деп балаларымызды сендіріп келдіңіз!
    3. «Алтын белгіні» бұрын ҰБТ-ты нәтижесімен беретін болса, биыл мектептегі емтиханнан кейін бергіздіңіз!
    4. Өздері ұсынған оқушыларына өздерінің «алтын белгіні» бермей тастамайтыны айдан анық нәрсе.
    5. Сол «алтын белгі» иегерлерінің көбісінің биыл ҰБТ-да қанша балл алғандарын ел біледі.
    6. «Алтын белгі»иегерлері де жалпы конкурсқа қатысады деп неге өмірге енді қадам басқан жеткіншекті алдадыңыз? Қоғамға, министрге деген сенім осы әділетсіздікті көрген балада қайдан болады?
    7. Әлде ҰБТ-дан қорғай алмаспыз, «алтын белгіні» халықты алдап алып алайық,елге білдірмей астыртын бұйрықты шығарып,грантты өзара бөліп алу мақсаты тұрды ма?
    8. Сіз 26.07.2017 №446 Үкімет Қаулысымен «алтын белгі» йегерлерінің артықшылығын қабылдатасыз!!!
    9. Сіз үшін халықтың балалары ойыншық па? Грант аз бөлінетін мамандықтарға бұрын да әрине «қорғаса» алтын белгі йегерлері алады деп, жалпы конкурсқа түсетін бала грант мүмкіндігін, өз мүмкіндігін ескере отырып 5-ші пәнді таңдайтын еді. Биыл «Барлық үміткерге бірдей конкурс болады» деген соң, балаларымыз Сіздің түсініксіз 2 форматыңызға да күндіз-түні дайындалды.
    10. Нәтижесінде БҮГІН, ЯҒНИ 10 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛЫ «ӘДІЛЕТСІЗ КОНКУРС» ШЫҒАРДЫҢЫЗ!!!
    11. Себебі, 80-100 аралығында балл алған «алтын белгі йегерлеріңіз» грантқа түсіп, 100-120 аралығында балл алған оқушылар грантсыз қалды.
    12.Егер Сіз ҰБТ-ға ешқандай өзгеріс енгізбегеніңізде, бұндай әділетсіздік болмаған болар еді.
    13. ҰБТ қорытындысымен «алтын белгі» берілгенде бұншама қыруар йегер болмаған болар еді.
    14. Жылдың басында артықшылықтар сақталады дегеніңізде таңдау пәнін де ойланып таңдаған болар еді.

    Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, конкурс нәтижесін қайта қарауыңызды сұраймын!
    Балалардың не жазығы бар! Әділдікпен шешім қабылдаңыз!

    Жауап жазу
  44. Ерлан Кожахан 11 Тамыз, 2017, 16:48

    Өте орынды мәселе көтеріліпті.еліміздің .барлық мемлекеттік мекемелердің.өндіріс құрал жабдықтар мен тұрмыстық товарлардың көркі мен ажарын.тартымдылығын негізінен арттыратын осы дизайнер мамандардың өзі .демек бүтіндей елдің болашағы үшін ,минисрлік шұғыл түрде қадам жасаса құба құп..

    Жауап жазу
  45. Жандос 11 Тамыз, 2017, 17:21

    Мен ҰБТ бойынша 109 балл жинап , конкурсқа қатыстым . Тізімде жоқпын, ал менен аз алған басқа адамдар квотасыз , ауылдық квотасы бар грант иегері . Менен 19,20 балға кем алған , бірақ ауылдық квотасы бар менен жоғары тұра ма ? Бұл не деген әділетсіздік

    Жауап жазу
  46. Ата-ана 11 Тамыз, 2017, 18:36

    ҚазҰУ-дың Дизайн мамандығы жабылады ма сонда? Бұл не масқара?

    Жауап жазу
  47. Ата ана 11 Тамыз, 2017, 21:19

    Балаларға обал болды .олар əділетсіздікті казирден көрме болшағы не болмак

    Жауап жазу
  48. Бейсен Серікбай 11 Тамыз, 2017, 22:03

    Баспасөзде жарияланған МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТІЗІМІнен осындай былықтың орын алғанын көре салысымен бірден алдыларыңыздағы дизайн мамандығына өткен талапкерлерді анықтап шығуды ұйғардым. Арасынан біздің әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті Баспагерлік ,редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасына құжатттарын тапсырып шығармащылық емтиханнан сәтті өткен талапкерлердің біреуін таппай сандырақтаумен болдым. Өздеріңіз көріп отырғандай 95, 108, 109, 111, 113 деген төмен нәтижелермен грантқа ілінген, ал мен өзім комиссия мүшесі болып 116, 118-ге дейін шығармашылық емтиханда еңбектері еленіп жоғары бағаланған балаларды тізімнен таба алмай аң-таң болдым. Бүгін таң атысымен кафедра меңгерушісі Жетпісбай Бекболатұлы екеуміз университеттің қабылдау комиссиясына келсек басшылардың бәрі орнында екен.Таңқалысқан талапкерлер мен аң-таң ата-аналардың жыларман дауыстары жер жарардай. Енді бұлардың көз жасын кім тыймақ?

    Жауап жазу
  49. Пернегүл 11 Тамыз, 2017, 23:39

    Ия, биыл бəрі былықтың астында қалды. Біздің кенжетай 110 алды ҚазМҰ ге колледжден соң тапсырған болатын. 3 тур бойынша өтті.
    1тур. Эссе жазу 40 балл. Оның 40 алды
    2. Тур. Партфолио тағы сол 40 балл. Оның 39 алды.
    3.тур. тарих жəне оқу сауаттылығы бойынша 40 жинау керек екен. Оның 31 алдық. Сөйтіп өз есебіміз бойынша 110 деп конкурсқа бердік. Күтіңдер деді күттік 2 аптадай. Нəтижесі жоқ. Қалай білеміз. Неге түсрей қалды, əлде өзіндік балл есептеу шкалаларыңыз барма ?

    Жауап жазу
  50. Мадина 11 Тамыз, 2017, 23:40

    Менің сіңілім 122 баллмен түспей қалды. Химия, биологиядан 40 сұрақтың 36 жəне 34не жауап берген. 113 баллмен түсіп кеткен. Мұны қалай түсінеміз?! Не істесек, қайда жазсақ болады екен?

    Жауап жазу
  51. 5 баланың АНАсы 12 Тамыз, 2017, 01:57

    Менің қызым шығармашылыққа тиесілі 120ның 115ін алып, грантқа ілікпеді. 11 жылғы еңбек, арман. мақсат, талап…. Баланың көз жасы. жігерінің мұқалғанын көру азабын дұшпаныма да тілемес едім. АБ болмаса да аттестаты кілең 5. Талай жобаның жеңімпазы, мектеп қабырғасында кітап жазды. Балалығын ысырып қойып, таңды таңға ұрып дайындалған есіл еңбегі еленбеді…

    Жауап жазу
  52. Аббас Азаматтың анасы. 12 Тамыз, 2017, 02:21

    Аспандияров атындағы медициналық университетттің қазақ-орыс бөліміне 150 грант бөлінген. Тізімде 142 студенттің аты-жөні б ар. Соның 19-ы – 102 балдан төмен жинаған. Ал, менің ұлым Аббас Азамат ауылдық квотасы бар, 102 балмен еш оқу орнына ілікпеді. Әділдік қайда?

    Жауап жазу
  53. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 02:22

    Тура осыған ұқсас жағдай Алматылық үш абитуренттің басында болып отыр. 126, 132 және 131 балл жинағандар КАЗГЮУ-дың «Халықаралық құқық» факультетіне бөлінген грантқа іліге алмаған. Тіпті, олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері де бар. Ал, аталған білім гранты иегерлерінің тізімінде 120 балдан төмен жинаған 10 студенттің есімі тұр.

    Жауап жазу
  54. Махамбет 12 Тамыз, 2017, 02:23

    Биылғы ҰБТ-да межелі балл 50 болғанымен, грант иегерлерінің арасында осы көрсеткішке жете алмаса да студент атанғандар кездеседі. 40 балл алған талапкер тізімде жүр. Бұл қандай заңсыздық?

    Жауап жазу
  55. Министрлік өкілі 12 Тамыз, 2017, 02:28

    Жоғары бал алып грантқа ілінбей қалғандардың ата-аналары министрге хат жазуы керек

    Жауап жазу
  56. Мәди Ислам 12 Тамыз, 2017, 02:44

    ЖОО-ға тұсетін балл межесі 50 балл болса да, 39 балл алғанның Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринарлық санитария мамандығына, тіпті 36 балл алғанның Атырау университетінің химия факультетіне оқуға түскенін қалай түсінеміз министр Сағадиев мырза?

    Жауап жазу
  57. Ейназар 12 Тамыз, 2017, 02:46

    Гранттың бәрі ашық сатылған болды ғой! Әйтпесе, шынында «ЖОО-ға тұсетін балл межесі 50 балл болса да, 39 балл алғанның Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринарлық санитария мамандығына, тіпті 36 балл алғанның Атырау университетінің химия факультетіне оқуға түскенін қалай түсінеміз министр Сағадиев мырза?»

    Жауап жазу
  58. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 12:28

    «САҒАДИЕВ халықтан қашса, босатсын орынды!»- әділетсіз грантқа ашулы ата-аналар жанайқайы
    Астанада жүзге тарта ата-ана Білім министрлігіне басып кірмек болды. Бұндай наразылыққа ҰБТ-дан жоғары бал алған балаларының оқу грантынан қағылуы себеп. Ашуға мінген әке-шеше сөзі мен ісі кері шыққан министр Ерлан Сағадиевті көргілері келді. Бірақ бас мұғалім бұл жолы да халықпен тілдесуге шығудан бас тартты,
    «Экономикадан 72 баллмен грантқа түсіп отыр, мен 131 баллмен түспей қалдым. Соған қатты таң қалып отырмын. Мен негізінен Сүлейман Демирел университетіне түскім келген еді. Онда оқу 1 миллион 200 мыңдай. Енді оған түсе алмаймын, қалаған мамандығыммен мүлдем ешқайда бармайтын шығармын», – дейді талапкер Айгүл Жұмабаева.
    125 балл алып, құр қалған бұл баланың миллиондарды қайдан табатынын тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов білмейді. Ал гранттарды үлестіргендердің бел ортасында осы азамат болған. Сөз таппаған басшы қашып қана құтылды.
    «Халықтан қашып жауап бермейтін болса, босатсын орынды!» – деп айқайға басты ата-ананың бірі.
    Тестілеу орталығы директорының орнына ашынған халық алдында министрліктің заңгері ақталуға тырысты. Яғни “Алтын белгі” иегерлеріне берілетін жеңілдікті алып тастайтын заңды уақытылы қабылдамай алмаған.

    Жауап жазу
  59. Махамбет 12 Тамыз, 2017, 12:31

    Масқара! Ата-аналардан қашқан білім министрі Сағадиевте не бет қалды Білім министр болып істеуге.

    Жауап жазу
  60. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 12:31

    Сағадиев өз еркіміен орнынан кетуі керек!

    Жауап жазу
  61. Рашит Ахетұлы 12 Тамыз, 2017, 12:33

    Иә, біздің министрлер мен әкімдерге елдің қарсылығы бір тиын, Елбасының өзі орнынан жұлып алып тастағанша жабысып отыра береді..

    Жауап жазу
  62. Қолқоюсыз 12 Тамыз, 2017, 12:37

    бұлардың бәрі жемқор! 36 бал қалай грант алған әйтпесе?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*