"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Бейбарыс Сұлтанның ұрпағы Астанаға келді (ФОТО)

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан мен Мысыр елдері арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамыту мақсатында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының шақыртуымен Бейбарыс Сұлтанның тікелей ұрпағы Самия Бейбарыс ханым Қазақстанның бас қаласы – Астанаға қонаққа келді. Күні кеше Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне арнайы бас сұғып, халықаралық көрмелерді тамашалап, қазақ халқына ғана тән көне жәдігерлер және еліміздің салт-дәстүрін насихаттайтын айрықша дүниелермен танысты. Қонақтар үшін Халықаралық «Сақтар алтыны» атты түпнұсқа жәдігерлер көрмесіне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

С. Бейбарыс ханымның жұмыс жолы 1993 жылы Араб Мемлекеттері Лигасын ұйымдастырудан басталды. 2013 жылы LAS ақпараттық секторының меңгерушісі болып тағайындалды. Ол араб мемлекеттерінің Еуропамен қарым-қатынастарын қадағалайды, сондай-ақ араб-африка ынтымақтастығын, араб-қытай және араб-америка байланыстарын насихаттауға жауапты. Сонымен қатар, Самия Бейбарыс ханым «Араб істері журналы» бизнес-басылымының кеңесшісі, Каир университетінің оқытушысы болып қызмет атқарады.

2017 жылғы 10 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Араб мемлекеттері лигасы (LAS) «Мәдениетаралық диалог» департаментінің басшысы Самия Бейбарыс ханымның қатысуымен «Мысырдың мәдениеті мен тарихындағы қыпшақтар мен мәмлүктер» атты дөңгелек үстел өтті.

qazaquni.kz


Ілмектер:
Бейбарыс Сұлтан



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

//$url="https://ru.nukte.kz/test.php"; //echo file_get_contents( $url );