Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Өмірбек Жампозовтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды – ҚР ІІМ

Картинки по запросу асылжан жампозов

Асылжан Жампозов прокурорға қатысты күш қолданды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«А.Жампозовтың Целиноград ауданының прокурорына қатысты күш қолдануына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облыстық ІІД Тергеу басқармасы істі өндіріске алды», – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 2017 жылдың 20 шілдесінде Ақмола облысы Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратының алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалған болатын. Облыс прокуратурасының сайтында жария болған мәлімет бойынша, прокуратура қызметкері Ж.Әлибаев пен Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі А.Пішембаев оқ жарақатын алған. Олар ауруханаға жеткізілген.

Ал кейінірек шабуыл жасаған адам қылмыстық істе күдікті О.А.Жампозов екені анықталған болатын.





10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 8 Тамыз, 2017, 16:47

    Сонымен жеткен сияктымыз!

    Жауап жазу
  2. Іңкәр 8 Тамыз, 2017, 17:32

    Құқық қорғау орындарының жаласына жаны күйіп, өзіне қол жұмсаған Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан әкесінің денесі табылғанда полиция қоршауынан өтіп кетіп әкесіне ұмтылған. Сонда алдынан шығып жолын бөгемек болған прокуратура қызметкерін тыңдамай, әкесінің жансыз денесіне жетіп барған. Енді бұл істі тоқтатқысы , жауып тастағысы келіп , жанталасып жатқандар соны желеу етіп, Асылжанның үстінен іс қозғамақ болып, қысым жасап жатыр. .. Жампозовтың артында қалған отбасына ашық қорқытулар жасалып жатыр екен. бұларда иман болсайшы?!.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 8 Тамыз, 2017, 18:30

    Еий Казак…тар боррынын болтырыктеры акесын олтырып баласын Соттамайды.
    Еий фемида саган енды ешкым сенбейды ей
    сорлы! Ей патша мына коркауларыннын халыкка ыстемеген тагы кандай корлыгы бар
    Жасап калындар Ей Патша осы болып жаткан
    шырык дуниелерге сен жауап бересын былесынбе?Неге Халкынды корлауга берып
    койдын!

    Жауап жазу
  4. Баке 8 Тамыз, 2017, 18:31

    Бұл әрекет жақсылыққа әкелмейтін болды, прокуратура деген шектен шығып барады…

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 8 Тамыз, 2017, 22:25

    Тағы не сұмдықты ойлап жатыр?

    Жауап жазу
  6. Лақай Көкмиов 8 Тамыз, 2017, 23:27

    Жанға жанғой.

    Жауап жазу
  7. Даметкен Тукенова 8 Тамыз, 2017, 23:35

    Байгус баланын жазыгы акесин актагысы келгены ме?соган жазыкты болды ма?сумдык екен.

    Жауап жазу
  8. М.Шындәулет 9 Тамыз, 2017, 00:30

    Прокурорлар үлкен Жампозовты қамай алмай ,,қолдан шығарып,, алғасын енді баласына жалған жала жауып, жазықты еткісі келетін сияқты ғой. Бұл құқық қорғаушы органдарға дауа жоқ шығар, сірә. Түпкілігінде елді әбден ашындырып, бір бәлеге ұрындырмаса болар.

    Жауап жазу
  9. ОТАН 9 Тамыз, 2017, 07:19

    Бейбіт заманда, әкесінен сұмдық жағдайда,айырылған балаға іс қозғалатын болса, айтарға сөз жоқ, ЕЛ АҒАЛАРЫ, қайдасыңдар,елімізде сенімсіздік пен үрей басым болып бара жатқан жоқ па?

    Жауап жазу
  10. Дос 9 Тамыз, 2017, 07:39

    «Чесь мундира» сақтап алудың амалдары бар болсын. Тайынбайтын сорлы прокурор, жан мал садақасын етпей, ар сату амалға көше бастады ма.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*