Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қолжетімді баспананың жаңа түрі пайда болуы мүмкін – «Ақ жол» партиясы

Похожее изображение

Қолжетімді баспананың жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының депутаты «Өскемен құс фабрикасының» мамандарымен кездесуінде айтты.

Мамандардың кейінгі сатып алумен баспана жалдау бағдарламасы бар болғанымен, ол көпке қолжетімсіз. «Өскемен құс фабрикасының» жас мамандарын жұмыс орны қолдап, баспананы жалға алып беріп отыр. Алайда кез келген адам баспананы жалға алып қана қоймай, кейіннен өз баспанасы болғанын армандайды. Фабрика басшылығы бұл мәселені шешу үшін Қасым Қайсенов кентінде салынып жатқан жаңа пәтерлерді бастапқы жарнасын азайту арқылы өз мамандарына алып беруді көздегенімен, не «Тұрғынүй жинақ банкі», не өзге банктер келісімге келмеген екен.

 – Бүгінде қаладан баспана алу үшін сенің жалақың кем дегенде 100 мың теңге болуы керек. Одан аз болса, сенде еш мүмкіндік жоқ. «Ақ жол» партиясы баспана мәселесін бірнеше рет көтеріп, бір кездері болған шағын отбасылы үйлерді салуды да ұсынды. Өкінішке орай, ғаламтор желісінде барлығы зәулім сарайда тұратындай пікір жазып, бұл жобамыз жүзеге аспай қалды. Дегенмен қазір бұл бастамамыз қолдау тауып отыр. Себебі қалаға енді келген қаракөздеріміз табан тірейтін өзінің баспанасы болуы керек, – деді«Ақ жол» партиясының депутаты Берік Дүйсембинов. Бұл дегеніміз, жақын болашақта қыруар қаражатты қажет етпейтін, баршаға қолжетімді, қарапайым халықтың қалтасы көтеретін баспаналардың салынуы мүмкін.

Дереккөз: Ustinka.kz





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. дос 8 Тамыз, 2017, 13:51

    Ниет Оң екен.

    Жауап жазу
  2. Ардақ 9 Тамыз, 2017, 00:08

    қанекей жас отбасыларға осылай жағдай жасаса

    Жауап жазу
  3. Серік Алматыдан 9 Тамыз, 2017, 23:08

    Кезінде , Қазақ орысқа бағынып тұрған заманда , осындай көппəтерлі үйлер Қазақстанның барлық қалаларында көбіне орыстарға берілді . Қазақтардың қолы əрең жететін 15 – 20 жыл кезекке тұрып жатып .Сол мемлекеттен тегін алған пəтерлерін , жекешелендіріп алып Қазақстаннан көшкендер сатып кетті . Енді заман өзгерді , сол көппəтерлі үйлердің бағасын тым шарықтатпай Совет Одағы кезіндегідей бекерге бермеседе , бағасын төмендеткені дұрыс болар еді …..?????

    Жауап жазу
  4. Ақбота 9 Тамыз, 2017, 23:54

    Біз Теміртау қаласында тұрамыз ұй жалдап отырғанымызға 2 жыл болды.теміртауда үй алу шыны керек ақшамен ғана нұр отанға да бардым əкімгеде кірдім артында екі жетім бауырым бар сонда қазақтар өз ұлтына жаны ашымай өзге елден келген өзбектер үймен қамтылып жерімізді басып алып жұрмесің бұл ащы шындық баспана былай істейміз дейді бірақ нәтижес жоқ

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*