Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Астанада қайырымдылық көрме-аукционы өтеді

Похожее изображение

11 тамыз күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында отандық авторлардың туындылары бойынша кітап суреттері мен безендірулерінің қайырымдылық көрме-аукционы өтеді.

Қайырымдылық көрме-аукционының мақсаты – қазақстандық танымал суретшілердің суреттері мен жауһар әдебиеттің безендірмелерімен таныстыруды көздейді. Сондай-ақ, мәдени мұраны сақтау және коллекциялау үшін жағдай жасау мен қазақ қоғамын өнер әлеміне назар аударту.

Көрме барысында суретшілер мен иллюстрация авторларының келісімі бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы құралдарын сатып алу үшін картиналар аукционға қойылады.

Қайырымдылық көрме-аукционы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне орай ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, қазақстандық танымал суретшілердің сурет картиналары мен иллюстрациялық тың шығармалары таныстырылмақ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ең көп оқылатын басылымдар көрмеге қойылып, оқырманға ұсынылады. Мұнда Сіз Қазақстанның әйгілі суретшілерінің түпнұсқалы суреттерін және зергерлік бұйымдарды сатып ала аласыздар.

Ашылу салтанатына суретшілер мен иллюстрация авторлары шақырылады. 2017 жылы мерейтойы тойланатын суретшілердің туындылары мен елімізге танымал ақын-жазушылардың кітаптары да көрмеге қойылады.

qazaquni.kz





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*