Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Пойыз не ұшаққа электронды билет сатып алу

Пойыз не ұшаққа электронды билет сатып алу

Жаз мезгілі аяқталуға таяп қалса да, адамдардың сапары аяқталған жоқ. Бір ай ішінде бірнеше қалаға саяхаттасақ та, билет алудың тиімді жолын білмейтіндер арамызда көп. Қазір барлық құжат, қағаз электронды түрге ауысып жатыр. Электронды билет сатып алмақ түгілі, мұндай ұғым бар екенінен хабарсыз халық жетерлік. Сол кісілерді құлақтандыру мақсатында massaget.kz  сайтының аталмыш мақаласын жариялап отырмыз.

Электронды билеттің артықшылықтары:

• Вокзалға не кассаға барып әуре болмайсыз. Бару-келу жолына ақша кетпейді. Үйде отырып-ақ сатып аласыз.

• Вокзалға жеткенше билет өтіп кетеді деп алаңдамайсыз. Қажетті билетті 7 минут ішінде иемденесіз.

• Билет бағасына кассалар қосатын комиссияны төлемейсіз. Билетті тура өз құнына сатып аласыз.

• Өзіңіз қалаған орынды таңдайсыз.

• Билетті жоғалтып аламын, үйге ұмытып кетемін деп уайымдамайсыз. Оны қағазға басып шығармай-ақ телефоннан суретін көрсетуге болады.

Электронды билетті алу үшін не қажет:

• жеке басыңызды куәландыратын құжат нөмірі;

• Halyk Bank немесе Qazkom банкомат картасында билет бағасына сай ақша;

• билет алатын сайтқа тіркелу қажет.

Қазақстанда 7 жасқа толмаған балалар пойызбен тегін жүреді, яғни олар үшін билет сұралмайды. Сайттарға тіркелу және сатып алу жолдарын келесі жазбада көрсетеміз.





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*