Мәжіліс депутаты кәсіпкерлерімен кездесті

Картинки по запросу меруерт казбекова

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» ҚДП-сы фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесті.

Іс-шара депутаттардың сайлаушылармен көшпелі кездесуі шеңберінде ұйымдастырылды және «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында өткізілді.

Депутат кездесу барысында Парламент Мәжілісінің жұмысы туралы, «Ақ жол» ҚДП-ның парламенттік фракциясының қызметіндегі кейбір оң нәтижелері туралы айтып берді.

«Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – бұл, бірінші кезекте, депутаттың сайлаушылар алдында есеп беруі және жаңа сессияда жұмыс істеу үшін сіздерден жаңа тапсырмалар мен тілектер алу», – деп атап өтті депутат.

Іс-шаралардың негізгі бөлігі Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналды.

«Негізінен рухани-этикалық қағидаттарға бағытталғанына қарамастан, іс жүзінде экономиканың маңызды мәселелері де қозғалады. Сондықтан ұлттық бизнес партиясы ретінде «Ақ жол», әрине, ұлттың рухани жаңғыруының маңызды негіздерін қолдады, – деп атап өтті Қазбекова. – Бизнестің өзіне келетін болсақ, ол халықтың мұқтаждықтарына жақын болуы керек. Жосықсыз қызметтен бас тарту – басты бағыттардың бірі болуға тиіс.

Алайда, бәсекелестік үшін нарықта бірнеше қатысушы болуы қажет, ал біздің қолдау бағдарламаларының шамамен барлығы ірі экспортқа бағытталған жобаларға арналған.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету міндетінің шағын және орта бизнеске де қатысы бар – бұл олардың негізгі функциясы да. ШОБ-ға қатысты салық саясатындағы қолданыстағы тәсілдерді қайта қарау қажет: мысалы, жаңадан құрылған бизнесті салықтан босату».

М.Қазбекова «Ақ жол» Шағын және орта бизнесті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдау қажет деп есептейтінін атап өтті, онда көптеген мәселелер, ең алдымен – қолжетімді қаржыландыру мәселелері ескерілетін болады, оларды банк жүйесінің тұрақтылығынан жеке шешу мүмкін емес.

«Мұның бәрі – Президент мақаласынан жасалған ең айқын қорытындылар. Рухани жаңғыру – бұл тек қана ой-толғанулардың ауқымды біртектес бөлігі ғана емес, іс жүзінде іске асырылатын міндеттердің біртекті бөлігі. Біз құндылықтарымызға негізделген экономиканы жасаймыз, мүлдем керісінше емес», – деп қосты.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің проблемалары талқыланды. Қазбекова жиналғандарға барлық көтерілген мәселелер мен келіп түскен өтініштер қаралатынын және «Ақ жол» депутаттарының алдағы жұмысында жалғасын табатынын сендірді.

qazaquni.kz