Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Зейнолла САМАШЕВ: Берелде табылған жәдігер «Алтын адам» емес

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы Берел қорғанында табылған тарихи жәдігерге қатысты сол орында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан экспедициялық топтың жетекшісі Зейнолла Самашев түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Берел қорғанында табылған жәдігерді «Алтын адам» деудің қажеті жоқ. Бұл туралы ақпарат асығыс тарап кеткен болуы керек. Біз зерттеп жатқан орын ежелгі тоналып кеткен қорған болатын. Соның ішінен ежелде өмір сүрген әйел адамның бас киімінің қалдықтары табылды. Тоны, белбеуінің қалдықтары сақталып қалыпты. Әбзелдерімен бірге екі аттың қалдықтары табылды. Әлі қазба жұмыстары аяқталған жоқ, — дейді Зейнолла Самашев.

Археологтың айтуынша, қалдықтары табылған ақсүйек әйел біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдың басы — ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген болуы мүмкін.

Айта кетерлігі, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топ 22 мамырдан бастап Берел қорғанында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазба жұмыстарына Өскемен, Семей, Алматы, Астана қалаларынан студенттер жұмылдырылған.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 6 Тамыз, 2017, 04:47

    Қорған сөзі бекіністі білдіреді, қорған деп баяғы орыстың курганынан келіп шыққан. Бұндай ескерткіштер оба немесе үйік деп аталуы міндетті.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 7 Тамыз, 2017, 17:34

      Қумашы!
      Сонда, түркі халықтарының «қорғану, қорғау, қорғаныс, қору, қорық»-деген сөздердің бәрі орыстың сөздері ма?
      Оба ауруынан қырылған адамдарды көмген молаларды «оба, үйік» деп Қазақстанның батыс өңірлерінде айтады. Аң-құстан, мал аяғынан қорғау үшін биіттің қоршауларын «қорған, қорық» деп, солтүстік, шығыс өңірлерде айтылады.
      Қазағығының мұрты қисаймаған оңтүстікте, жалпы қазақта адамның сүйегі көмілген жерді » биіт немесе мола» деп атайды.

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 7 Тамыз, 2017, 19:23

    Бейіт,мола,зират,қорған,оба.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 8 Тамыз, 2017, 08:19

    Керекты керексыз жеррлердын барынде казактыгы бар онтустык деп жатады .
    Мен айтар есептеймын казакиланган онтустык деп,себебы олжакта тажык-озбектене бастаган асеры оте коп Осы уш халыктын ортасын таза казакка калай жапсырасын.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*