Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ТАЛМАЙ ШАПҚАН ТАРЛАН ЕДІ !..

 

 

 

Өмірден белгілі ел ағасы, Социалистік Еңбек Ері, қоғам  қайраткері  Боранбек Шүкірбекұлы да өтті…

Тоқсанға таяған жасына дейін топты жарып, толғап сөйлеп, елдің жайын ойлап кеткен ағамыздың өмір жолы кез келгенге өнеге боларлықтай.

Боранбек  Шүкірбекұлы 1930 жылы 10 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында туған.

Еңбек  жолын 15 жасынан  бастап, шопан мен қара жұмысшыдан комбинат, зауыт басшысына дейін өскен, ауданның атқару комитеті мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған ағамыз қай салада болсын қайрат танытып, өзін өрден көрсете білген.

Мамандығы  ғалым -зоотехник  ағамыз ғылым саласында да өзіндік ізін қалдырды.  1985-1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы саласында ғылыми мекемелерге жетекшілік жасады. Атап айтқанда, 1987-1995 жылдары облыстық ауылшаруашылығы тәжірибе станциясының директоры, Шымкент ғылыми – өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарған.    Ғылыми орталықтарға төрағалық еткен Боранбек Шүкірбекұлы экономика ғылымының кандидаты, доцент, 3 монографиялық кітап, 5 авторлық куәлік, 132 баспа табақ көлемінде ғылыми еңбектердің авторы.

Кеңестік кезеңде санаулы ғана саңлақтар ие болатын  ең  жоғарғы еңбек марапаты  –  Социалистік Еңбек Ері  атағына ие болды. 1984-1989  жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.

Сонымен бірге екі мәрте Ленин ордені, Еңбек қызыл ту ордені және басқа да орден-медальдармен марапатталды.

1983 жылдың КСРО Орталық сайлау комиссиясына мүшесі болды.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ауылшаруашылығы қайраткері.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі сыйлығының лауреаты (1991 жыл).

1995 жылдан Қазақстан Республикасының айрықша зейнеткері.

Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы және  Арыс қаласы, Ордабасы, Сайрам аудандарының Құрметті азаматы.

Боранбек Шүкірбекұлы еліміз Тәуелсіздік алып, ер етігімен су кешкен жылдары да, қашанда  халықтың қайнаған ортасынан табылып,   қайраткерлік көрсете білді. Бірлік пен ынтымаққа шақырған түрлі  қоғамдық-саяси, рухани  шаралардың  басы-қасында  жүрді. Денсаулығы қиындап жатқанда да, ем алуын доғарып, елдік шараларға араласып кетіп жүргеніне де талай куә болдық.

Ордалы Оңтүстікте қордалы мәселелер шешуде де ел ағасы ретінде еңбегін сіңіре білді.  Жолында жүк қалдырмас нартұлға ағамыз еді…

Талмай шапқан тарланымыз да енді ана дүниеге аттанып барады…

Алла алдыңыздан жарылқасын!

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын!

Алдыңыз пейіш, артыңыз кеніш болып, иманыңыз салауат болсын!

Ислам Әбішев,  Қасқабай Асанов, Жаханша Мырзалиев,

Мырзагелді Кемел, Шағырбай Тілегенов,  Қазыбек Иса, Мақсұт Исахов 

 

 

 

 

 





16 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Тұрақ-Серік 4 Тамыз, 2017, 18:07

    Топырағы торқа болып, иманы өзіне жолдас болсын Борекеңдей ер ағамыздың!!!

    Жауап жазу
  2. Хамза Калмырзаулы 4 Тамыз, 2017, 19:08

    ҚАРА ЖЕР КӨТЕРЕ АЛМАСТАЙ ҚАДІРІ БАР, ҚАЙРАН ҚАРА НАР АҒАТАЙЫМ!
    ҚАРА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЙЫСАР ҚАЙҒЫ — КӨП ЖАСАДЫ ДЕСЕК ТЕ!
    АЛДЫНАН ЖАРЫЛҚАСЫН!
    Қазыбек жаназасы қашан? Жазсайшы. Қатысайық. Соңғы .құрмет — аяулы Ақсақалға!

    Жауап жазу
  3. Махамбет 4 Тамыз, 2017, 19:09

    Иманы салауат болсын!

    Жауап жазу
  4. Қазыбек Иса 4 Тамыз, 2017, 19:10

    Қазақтың ішіндегі қадірін ерекше білетін қаранар ағаңыздың иманы салауат болсын, Әбеке! Жаназа ертең сағат 11-00-де Шымкент қаласы Тассай шағынауданында Тұрар Рысқұлов көшесі 11-үйде болады, Соңғы сапарға шығарып салуға келерсіз.

    Жауап жазу
  5. Хамза Калмырзаулы 4 Тамыз, 2017, 19:11

    Міндетті түрде! Бармауым, ағатайым алдында — кешірімсіз күнə!

    Жауап жазу
  6. Қазыбек Иса 4 Тамыз, 2017, 19:12

    Мен аяғымды ауыртып, тобығымды шығарып алғаныма байланысты бара алмайтыным өкінішті, Иманы салауат болсын нартұлға ағамыздың!

    Жауап жазу
  7. Нұржан Бердешұлы 4 Тамыз, 2017, 19:19

    Иманды болсын, əкемнің досы, талай тойларда, ірі жиындарда бірге жүрген еді.

    Жауап жазу
  8. Оразалы Исвев 4 Тамыз, 2017, 19:20

    Ақырын жүріп аңдып бас дегендей, өзінің қарапайым қазақы мінезімен бағындырған белесі жетерлік еліміздің ардақты азаматының өмірден өтуі, ауыр қайғы, тума-туысына, ұл- қыздарына кңіл айтамыз, Боранбек ағаның жатқан жері жайлы, топырағы торқа жаны жаннатта болсын, сол кісінің жасамаған жасын абыройын артындағы ұрпағына берсін,иманды болсын.

    Жауап жазу
  9. Karashash Toksanbai 4 Тамыз, 2017, 19:35

    Ардақты ағамыздың дүниеден өткенін қазір ғана естіп, көңілім құлазып, жаным жабырқап отыр. Асқар таудай еңселі , елім, жерім деп жарғақ құлағы жастыққа тимей өткен ағамыздың топырағы торқа болсын, жатқан жері жарық болсын! Арысты аралатамын, ата – бабаларың дамыл тапқан Ызакөлді көрсетемін деп, – Астанаға келгенде қауқылдаса сыр шертіскен едік -ау. Уақытты бағалай алмай, сол сәттті қапияда жоғалтып алғаныма өкініп отырмын. Әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген өлмесін, демекші, әкемді піріндей қадірлеген Боранбек көкемнің жарқын бейнесі біздің де жадымыздан ешқашан өшпейді. Кейінгі ұл -қыздары аман болып, аға шаңырағының шамы сөнбесін, шапағаты мен шарапаты арта берсін!

    Жауап жазу
  10. Ерлан Кожахан 4 Тамыз, 2017, 19:36

    Артында өшпес із қалдырып .шын мәнінде ердің ері.адамгершілік тұрғыдан да үлгі өнеге бола білген ағамыз еді .арты қайырлы болсын !

    Жауап жазу
  11. Хамза Калмырзаулы 4 Тамыз, 2017, 19:37

    Ызакөлді де, Қаншайым арал, Мұңлық-Зарлықты да көрсетеміз, Қарашаш.

    Жауап жазу
  12. Аманғазы Кәріпжан 5 Тамыз, 2017, 00:25

    Борекеңнің заманында жоғарғы атақ тер төккендерге берілетін еді. Қазір екі бақа-шаянның бірі орденнің немесе халықаралық сыйлықтың иегері, Халықаралық акедемияның құрметті акедемигі, тағы тағылар…

    Жауап жазу
  13. Almaz Zhantikenov 5 Тамыз, 2017, 00:26

    ЕЛДИН КАХАРМАНЫ АКСАКАЛ НАМЫСЫ КАЗАК УШИН КОТЕРИЛГЕН АГА. ЖАТКАН ЖЕРИН ИМАНДЫ БОЛСЫН.

    Жауап жазу
  14. Құдияр Ибраев 5 Тамыз, 2017, 11:47

    Кеше үйінде болып, отбасына, апайға көңіл айттым. Бақты, дәулетті, мансапты көтере білген парасатты, кішіпейіл, бірақ ірі тұлға еді. Иманды болсын. елдің бірлігі мен ынтымағының ұйытқысы болып жүрген батагой қария еді. Елге керек еді, амал қанша…

    Жауап жазу
  15. Əлсейіт Оспан 6 Тамыз, 2017, 14:03

    Боранбек аға рухына

    Сырдың бойы ен тоғай,
    Ел қондырсам деп едің
    Жағалай жатқан сол елге,
    Мал толтырсам деп едің.

    Сырдың бойы ен тоғай,
    Жағалай елді қондырдың.
    Жағалай қонған сол елдің,
    Қорасың малға толтырдың.

    Жауап жазу
  16. Мәлікаждар 8 Тамыз, 2017, 12:57

    Өзінің қазақи қарапайым, байсалды мінезімен шопан көмекшісінен зауыт директорына дейін көтеріліп, еңбегінің арқасында мыңның біріне бұйыра бермейтін одақтың Социалистік еңбек ері, сайлау комиссиясының мүшесі, одақтың жоғарғы кеңесінің депутаты болған,тәжірибесін ғылыммен ұштастырған ағамызда дүниеден өтті.Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Республика, облыс жиындарында елді бірлік пен ынтымаққа шақырған түрлі қоғамдық-саяси, рухани шаралардың басы қасында жүрген еді.Шілденің 5 жұлдызында сағ11-де жаназасы,сонан соң өзі басқарған совхоз-техникумында (қазіргі Шымкент аграрлық колледжі) қаралы митингі болды.Ал сағ 13-де Оңтүстік қабылдау үйінде 750 ге жуық азаматтардың қатысуымен ас беріліп, құран бағышталды.Ағаның әруағын силап қатысқан азаматтарға алланың нұры жаусын !.Кезінде Одаққа, Республикаға елдің жайын толғап жүрген ағамыздың жаназасына немесе басқа шараларына Облыс,қала,аудан әкімдерінің көрінбеуі…??? Мүмкін жаназа үшін ол кісілердің қатысуы көрсеткіш емес те шығар.Дегенмен көпшілік арасында осындай пікірлер айтылуда.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*