Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Шенеуніктер жарты жылда 150 млрд теңгені жымқырған

Похожее изображение

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметі жарты жылда атқарған жұмысы бойынша есеп берді, – деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы алты айдың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 48 іс қозғалды. Соның 29-ы сотқа жіберілді. Жалпы, Экономикалық тергеулер қызметінің үлесінде шамамен 1,5 мың ауыр және аса ауыр қылмыстық іс  болды. Аталған істердің 67 пайызы аяқталды.

«Аяқталған істер бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектепті немесе 80 балабақшаны тұрғызуға, немесе 40 ауруxананы салып, оны толығымен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге болатын еді», – дейді профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бастығы Арман Есембаев.

Оның айтуынша, бүгінде 48 млрд теңге қайтарылды. Оған қоса, 24,2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 5 Тамыз, 2017, 09:52

    Бюджеттің ақшасын шенеуніктер әбден жеп қойған соң айтқанан не шығады неге сол проектілердің заңдылығын ақша бөлмей тұрып еш орган тексермейді əдейі ақша жеу үшін жасалатын проектілер сосын оны тексеруге тиісті органдар бірігіп бөліп алады

    Жауап жазу
  2. Хамит 9 Тамыз, 2017, 19:13

    Алла тағала пейіліңе қарап береді берген несібесін,оңай пайда табыуды ойлағандарға оңай береді,Бірақ одан қоғамға көп зиан келеді,Халық та бұзыла бастайды,қоғам бұзылса бүкіл халық бұзылады,себебі сол бұзықтарға еліктеп,байлық жинаудың жолына түсіп кетеді,Қазіргі биліктегілер сондай бәрі де,Заң шығарса да,бәрінің бизнесі бар,өздеріне ыңғайлы етіп шығара береді,Қарапайым халыққа ешқандай пайдасы жоқ заңдар көп бізде,Астанада қанша жалған ТОО лар мемілекетке не деген шығын әкелді,соның бәрі билікте адамы барлар,тексерсең табуға болады,Олар ұйымдасқан қылмыстық топтар,әдейі солай жасап отыр

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*