"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Астана» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

Похожее изображение

«Астана» командасы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz.

«Астана» командасын польшалық «Легиямен» қарымта кездесуінде 1:0 есебімен ұтылып қалды. Ойын Варшавадағы «Поляк жауынгерлері стадионында» өтті.

Ойынның бірінші таймы есепсіз аяқталды. Ал екінші таймда алаң иелері шабуылдарын үдетті. Осылайша, ойынның 76 минутында хавбек Себастьян Шиманьски допты бұрыштан қорғаушы Якуб Червиньскидің басына дәл шығарып бере алды.

Ары қарай ойынға бес минут қосылғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Ойынның 98 минутында «Астана» қақпашысы Александр Мокин қарсыластардың шабуылын қайтарып, жарақат алып қала жаздады. Дәрігерлер қақпашыға көмек көрсетті, алайда, бұл біраз уақыт алғандықтан ойынның аяқталғанын білдіретін ысқырық 98-ші минутта болды.

Еске салайық, «Астана» – «Легияның» алғашқы матчінде қазақстандықтар өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жеткен боатын. Осылайша, қазақстандық клуб польшалықтардан жалпы 3:2 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының плей-офф раундына өтіп отыр.

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы 4 тамызда жеребе арқылы таңдалады.





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*