Жаны жайсаң, жақсы азаматтар еді...

Кеше Оңтүстіктен төбемізден жай түсіргендей жайсыз хабар жетті... Жаны жайсаң азамат Хамитбек Айтөреев Түркістанға зиярат етіп келе жатып, жол апатынан қайтыс болыпты. Жанында Сейіт Ертай бауырымыз бар екен, бірге кетіпті... Хамитбек бұрын Шардара ауданын басқарған, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы болып істеген, кейінгі кезде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты болып жүрген іскер азамат еді. Сейіт Ертай да облыстық ішкі саясат басқармасын басқарып, Арыс ауданының әкімі болған зиялы жан еді... Жақсы жігіттер еді, жас еді... Хамитбекті Алматыда Қазақ ауылшаруашылық институтында оқып жүрген кезінен білетін едім. Кейін Шардара ауданында басшылық қызметтерде, аудан әкімі болған кездерде жақсы араласып кеттік. Ауданның талай республикалық деңгейдегі рухани-мәдени шараларын басқарып жүрді. Хамитбекті Алматыда Қазақ ауылшаруашылық институтында оқып жүрген кезінен білетін едім. Кейін Шардара ауданында басшылық қызметтерде, аудан әкімі болған кездерде жақсы араласып кеттік. Ауданның талай республикалық деңгейдегі рухани-мәдени шараларын басқарып жүрді. Туған жерді түлетуге бар қабілет-қайратын жұмсап жүрген болашағы зор азамат еді…Көпшіл, ақкөңіл бауырымыз еді. Сейіт Ертай інімізбен де Арыс қаласын басқарып тұрғанда жиі араласып тұрдық. Елдің ықыласына бөлене білген жан еді. Болашағы үміт күттіріп жүрген  азамат болатын. Алла ісіне амал жоқ! Отбасылары мен туған-туыс, ағайындарының қайғысына отақтасып, Алладан  сабыр тілейміз.  Алла ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін.  Белгілі ел ағалары, Хамитбектің ағасы  Омарбек Нұржанов ағамызға, Сейіттің әкесі Мырзақұл Ертай ағаларымызға көңіл айтамыз. Алды пейіш, арты кеніш болсын марқұмдардың. Имандары салауат болсын!. Қазыбек ИСА qazaquni.kz