Өз елінің әнұраны қойылмағасын спортшы жеңіс тұғырынан түсіп кетті (ВИДЕО)

Картинки по запросу виолетта скворцова

Үш қарғып секіруден юниорлар арасында Еуропа чемпионы атанған Белорусь жеңіл атлеты Виолетта Скворцова марапаттау рәсімінде жеңімпаз тұғырынан түсіп кетті. Оған себеп ұйымдастырушылардың шатасып өзге елдің әнұранын қойып қоюы.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы rambler.ru-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Скворцова 21-шілде күні Италияның Гросетто қаласында өткен Еуропа біріншілігінде үш қарғып секіруден 14,21 метр нәтиже көрсетіп бірінші орынға ие болған.

Марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар өзге елдің әнұранын қойған соң, спортшы тұғырдан түсіп кетті. Төрешілердің "Жарыстан шектетіліп, медалі алынатыны" туралы жасаған ескертпесіне қарамастан, спортшы тұғырға көтерілмей қойды.

Алайда, Скворцоваға қатысты санкциялар енгізілмеді. Ұйымдастырушылар спортшыдан кешірім сұрап, марапаттау рәсімін қайта ұйымдастыруды ұсынды.