Белгілі ақын Қазыбек Иса Әлемдік поэзия фестиваліне шақырту алды

Картинки по запросу қазыбек иса

Белгілі ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Иса 2017 жылдың 16-22 тамызында Моңғолияда өтетін Әлемдік поэзия фестиваліне шақырту алды.

Моңғолиядағы Мәдениет пен поэзия академиясының президенті G.Mend-Ooyo ақынға арнайы шақырту хатын жолдаған, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

Жыл сайын әр мемлекетте өтетін бұл әлемдік поэзия  аламанына биыл 40-тан аса мемлекеттің өкілдері қатысады.

Қазыбек Иса - ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" орденінің Қазақстандағы тұңғыш иегері.   "Ақ жол" партиясы төрағаының орынбаары , “Қазақ үні” газеті ЖШС президенті.

"Керімсал", "Тәтті шөл", "Қызыл жыңғыл" кітаптарының авторы.