Бразилияда алып жылан Парламент депутатын жұтып қойды (ФОТО)

Похожее изображение

Бразилияда алып анаконда Ұлттық конгрестің депутатын тірідей жұтып қойған. Бұл туралы әлеуметтік желіде Махамбет Ерғали есімді желі қолданушысы жазды.

"Бразилияда алып анаконда сол елдің ұлттық конгресінің (біздіңше - парламент) депутатын тірідей жұтып қойыпты. Жарықтық жыландардың да бұл жепутаттардан (М. Шахановтың сөзі) көңілі қалған екен. Бізде мәжілісте 107, сенатта 47 депутат бар. Түгел болмаса да, жоқ дегенде бір  жүзшақты сондай анаконданы бізге де жіберсе екен..." - деп жазды М. Ерғали.