СӘБИТ ДОСАНОВ ЕСЕНИН МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбит Досанов Сергей Есенин медалімен марапатталды. Қазақ қаламгерінің орыстың ұлы ақыны Сергей Александрович Есенин медалімен марапатталғаны туралы куәлікке ақының мемлекеттік мұражайының директоры Б.И.Иогансон мен Мәскеудегі Рязандық жерлес­тер қауымдастығының төра­ғасы, Ресей инженерлік Академия­ның Президенті, Еңбек Ері Б.Н.Гусев қол қойған. Айта кетелік, Сәбит Досанов екі жыл бұрын Ресей жазушылар Одағының шешімімен Сергей Есенин атындағы сыйлықтың лауреаты атағын алған еді. Енді міне, белгілі қазақ қаламгері орыстың ғажайып лирик ақынның атындағы медальға да ие болды. qazaquni.kz