Қымызмұрындық мерекесінде 250 литр қымыз ішілді

Семейліктер Орталық саябақта қымыз ішіп, оның дәмін сараптауды жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Саябақ ішіне ақ дастархан молынан жайылды. Саба-саба қымызды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ішіп жатты. Тұрғындарға Абай ауданы Саржал ауылының қымызы таратылып, қымызшылар өз қымыз әзірлеу әдістерімен бөлісті, - деп жазады altaynews.kz.

– Қымызмұрындық – ежелгі мереке, – деді «Мұсылман әйелдері лигасының» төрайымы Гүлжиһан Жұматаева. – Саумал қымыз ем ретінде буын ауруларына пайдалы. Бір күндік түнемел қымыз, екі күндік құнан қымыз, үш күндік дөнен қымыз, төрт күндік бесті қымыз деген атаулары бар. Ашыған қымыз шөлді басып, қан тамырларын тазалайды.

Шараны ұйымдастырушы «Ахау, Семей» этномәдени орталығының әжелері мен «Мұсылман әйелдері лигасындағы» аналар мерекеге келгендердің барлығына тегін қымыз құйып берді. Достық үйінің этномәдени орталықтары көркемөнер туындыларынан көрме ұйымдастырды.

Картинки по запросу қымызмұрындық семей

Абай атындағы әмбебап кітапханада «Мерейлі қала – Астанам!» тақырыбында электронды саяхат өтті. Қаланың қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде «Астана – Еуразияның жүрегі» тақырыбында кинофильмдер топтамасы көрсетілді.

Семейде кішкентай сәбилер де мерекелік көңіл күйде болды. Алты айлық сәбиден бір жасқа дейінгілер әртістік, спорттық қабілеттерін байқатты. Олармен қатар, сайысқа әке-шешелері де қатысты. «Астанаға деген махаббатпен!» атты көңілді шарада «Балалық шақтың кемпірқосағы» деп аталатын конкурс өтті. Конкурсты «Отбасы орталығы» №2 емханадағы жастар орталығымен бірлесе ұйымдастырды. 12 сәби еңбектеуден сайысқа түсіп, оза шыққаны «Үздік жорғалаушы» атанды. Әрине, балақайларды межелі жерге жеткізу үшін ата-аналар қолдарына жарқыраған ойыншықтар ұстап, оларды мәре басында алдарқата шақырып тұрды.