Қытайда қазақ молдалары тұтқындалып жатыр

[caption id="" align="aligncenter" width="642"]Похожее изображение Көрнекі сурет: Sputnik Қазақстан[/caption]

Қытайдағы қазақтардың басына үлкен қауіп төніп тұр. Бұратана халықтардың иті жоғалса да үлкен оқиға етіп, іздеу салып, шыр-пыр болады. Тұтас халыққа ай-күннің аманында жаппай қудалау жүріп жатқанда, сол ит құрлы құны жоқ болғаны ма? - деп жазады Қытайдағы қазақтардың жағдайы туралы gu-gu.kz порталы.

Оралманның әлгі қаптаған ақын-жазушысы аузына су толтырып мылқиып үнсіз отыр. Қытай билігі 2014 жылы қысымын күшейте бастаған сол жердегі қазақтарға. Күнес қаласына танымалы молда Кенжебай Әліханұлы 5 жылға сотталған. Бір Күнестен онға тарта молданы ұстаған.

Қытайда азшылық ұлттарға «Мәдениет төңкерісінің» екінші кезеңін жүргізіп жатыр. Әйгілі имам, Алтай бетінің бетке ұстары Өкен ақсақал тұтқындалып, 10 жылға сотталған. Есту хабарларға қарағанда кінәсіз. Тағы бір молда Санжының, Шонжы ауданынан Камалжан тұтқындалып, ақыры түрмеде өзіне қол салды дегеген хабар тараған. Алтай Буршын ауданынан осы жылдың май Айында Манапқан екі ұлымен тұтқындалған. Бақты шекарасынан өткен қазақстан азаматы Анар Мұхтарқанқызын шұғыл қолға алған. Осы сияқты тізімдіктер жүздеп, мыңдап жалғаса береді…

Шығыстағы қандастарымыздың құқығы қорланып, дойбының тасындай жолсыздық жүріп жатқанда, парықсыздық пен бейжай қарау асқан сорлылық.

Мақаланы Серік Боқан есімді желі қолданушысы фейсбук желісі арқылы жіберді

Дереккөз: gu-gu.kz