Қарт шешесінің үйін тартып алған қазақтар - орыс тілінде тәрбиеленген

75 жастағы шешесінің үйін тартып алып, өзін далада қалдырған астаналық мәңгүрттер туралы материалды лентадан оқып қалдым. Елдің бәрі ұлы мен қызын кінәлап жатыр екен. Мақаланың мақсаты да осылай қырғын пікірталас тудырып, арзан лайк жинау ғана болған секілді.

Меніңше, балаларында ғана емес, шешесінде де кінә бар. Өйткені шешесі оларды орысша оқытыпты. Қазақша қақпайды. «Мам, мам» деп жұлынып тұрғанына қарасаң, балаларының бойынан қазаққа тән қылықты көре алмайсың. Өзі, орысша ғана сөйлейтін қазақтың мінезі де орысқа ұқсап тұрады ғой.

Бұлар да сол орыстың тілімен бірге бүкіл болмысын қабылдаған. Орыстар есейген соң әке-шешесіне қарамай кетеді. Өлгеннен кейін ғана бір-ақ соғып, онда да үйін алып қалу үшін ғана келетінін талай көргенбіз. Балаларын егер қазақша оқытқанда, мұндай нәрсе болмас па еді деп қоямын.

«Не ексең, соны орасың» деген ғой. Осындай материалдарды біржақты қылып бере салатын журналистерге таң қаламын. Одан да соған кішкене сараптама жасап, мәселеге тереңірек бойлап барып жазса ғой, елдің эмоциясында «ойнайтын» пиаршыл мақаласымақтарын сайтқа топырлатып сала бергенше...

Жолымбет Мәкіш,

Фейсбук парақшасынан