Зейнетақы қорындағы миллиардтар тағы да шетел асып жатыр

Картинки по запросу зейнетақы қоры

Халықтың зейнетақы қорындағы қаржысы шетел асып жатыр! Зейнетақы қоры миллардтарды өзге елдерге инвестиция ретінде құюын жалғастыруда. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Тек бір айда 83 миллиард теңге айналымға шығарылған. Инвестицияның қыруар табыс әкелетініне қор басшылығы бұл жолы бек сенімді. Бірақ, Әзірбайжан банкіндегі жағдайдан кейін жұрттың сеніміне селкеу түскені аян. Оның үстіне, жыл басында талан-таражға түскен 5 млрд-тың жайы да нақтыланар емес. Тергеудің аяқталмауына байланысты, сол басшыларды абақтыда ұстау мерзімі тағы ұзартылып отыр.

83 миллиард теңге - бұл тек мамырда шетел асқан зейнетақы активтерінің құны. АҚШ ақшасына шаққанда 265 миллион доллар өзге елдің қаржы ұйымдарына инвестиция ретінде құйылған. Осылайша, қазір жалпы соммасы 316 миллиард теңге шетелде айналыста жүр. Шетелдегі активтерге құйылған әр тиынға, Әзірбайжан банкіндегі жағдайдан кейін барлығы алаңдайды. Тек, зейнетақы қорындағылар өздеріне сенімді.