Лаңкестер Меккедегі әл-Харам мешітін жарып жібермекші болған (ФОТО)

Лаңкестер Меккедеге қасиетті мешітті жарып жібермекші болды. Арнайы операция нәтижесінде алты шетел азаматы зардап шекті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

Бұған дейін хабарланғандай, Сауд Арабияның қауіпсіздік қызметі қасиетті Қағбаны қоршап тұрған ислам әлемінің киелі орыны - әл-Харам мешітін жарып жібермекші болған террористердің жолын кескендері туралы мәлімдеген.

Шаһит белбеуін таққан лаңкес Аджйад аумағындағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып, арнайы жасақтың өз еркімен берілу туралы сөздеріне құлақ аспаған. Керісінше, қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырып, артынша өз-өзін жарып жіберген.

Еске сала кетейік, әл-Харам мешіті - ислам әлеміндегі басты мешіт. Оның ішкі ауласында қасиетті Қағба орналасқан. Қағба маңындағы мешіттің салынуы 638 жылға жатады. Мешітті алғаш болып Адамның (ғ.с) баласы Шис (Сиф) тұрғызады. Дегенмен көп уақыт өткен соң мешіт қирап тек орны ғана сақталып қалған. Бірнеше ғасырдан кейін Алланың бұйрығымен Ибраһим (ғ.с) мен оның ұлы Исмаил Қағбаны қайта салады. Оның негізіне сақталған көне тастар негіз болады. Аллаға құлшылық ететін үй болғандықтан Ибрахим (ғ.с) құрылыстың түзу салынуын қатты қадағалап, ұзақ уақыт бойы оған сырттан қарап тұратын болған. Қазіргі таңға дейін Ибрахимнің (ғ.с) тұрған іздері сақталып қалған, оны «Ибрахимның (ғ.с) орны» деп атайды.