ҰҚК Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны тергей алатын құзыретке ие болды

Картинки по запросу масимов

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның өз ішіндегі парақорларының ісін енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергейді. Арнайы қызмет сондай-ақ әскерилердің соңына да түсе алады. Сенат осындай талапты заңмен бекітіп берді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

“Мені екі мәселе толғандырады. Ұлттық қауіпсіздікке бұндай құзырет беру ведомстволар арасындағы қақтығысқа алып келмейді ме? Және комитеттің жемқорлық қылмыстарын тергей алатын мамандары бар ма?” – дейді Сенат депутаты Дархан Қалетаев.

Құрылымдар қырғи-қабақ болмас үшін сенатор Қалетаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішінен американың Федералды тергеу бюросы сынды бөлімше құруды ұсынады. Ол ешкімге бүйрегі бұрмайтын, бейтарап тергеу органы болуы тиіс.

Бірақ, Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кәсібилігіне нық сенімді. Және құрылымдар бір-бірінің ізін аңдуға дейін бармайды деген ойда. Ал бүгінгідей Жемқорлыққа қарсы бюро тергеушілерінің өз ішіндегі қылмыстарды тергеуі объективті болмауы мүмкін.

“Біріншіден, бұл құпия органдар, сондықтан оны арнайы тергеу керек. Екіншіден, Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Ұлттық бюроның қызметкерлеріне объективті тергеу жүргізу керек”, – дейді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.