Валюта бағамы USD : 332.7 | EUR : 389.99 | CNY : 49.72

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Петропавл», «Павлодар» Конституциясының талабына қайшы атау

петропавл

Көрнекі сурет: Yvision

Патшалық Ресей империясы мен тоталитарлық Кеңес саясаты ғасырлар бойы халқымызды бодандандырып жоюды жүзеге асыру мақсатында елді мекендеріміздің атауларын кең көлемде бөгде тілде белгілеп, атағандары айдан айқын. Әрине, бодандандыру саясатының бізге жағымсыз белгілері мен сарқыншақтары мүлдем жойылса тәуелсіздіктің туы астында шынайы әділеттілік үстем құратын болар еді.

Петропавл, Павлодар қалаларының атын құрап тұрған «Петр мен Павел» христиан дінінің алғашқы уағыздаушы-таратушылары, кейініректе олар әулиелер болып танылған. Бұл қалалардың қазіргі атауы төл халқымызды қорлап қана тұрған жоқ, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының талабына қайшы.

Ата Заңымыздың 1-бабының 1-тармағында былай деп атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады». «Зайырлы мемлекет» деген түсінік – мемлекеттік ресми діннің жоқтығын, діни мекемелер мен дін ұстау құқығы мемлекеттен бөлек болатындығын, өз тарапынан ешқандай дінді халыққа күштеп таңбайтынын анықтаған. Дүниежүзінде зайырлы, озық, өркениетті мемлекеттер «секуляризм» саясатын – қоғамның және жеке адамның діннің тікелей ықпалынан арылуы саясатын ұстанады.

Сондықтан Қа­зақстанда христиан дінін уағыздаушыларға ашық­тан-ашық мемлекет тізе бүгіп табынып, елі­міз­дегі облыстарымыздың орталықтарының атауын бұ­рынғыдай қалдыру Ата Заңға қайшы.

Егер мұсылман дінін ұстаушылар қандай да бір қаланы Аллаһшаһар, Мұхаммедқала деп атаса, өзге дінді ұстанатындар қарсы болуы мүмкін. Ата Заңның 20-бабының 3-тармағында (арнайы орысша мәтінін беруді жөн көрдім): «Не допускается пропаганда или агитация… религиозного превосходства…» (…діни…астамшылықты…насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.» ) делінген. Ал енді бұл атаулар Қазақстанның жай қалалары емес, батпандай бір-бір облыс орталықтарының атауы болып тұрса, олар христиан дінінің «астамшылығын» көрсетпей ме?! Сол себепті бұл атаулардың орын алуы – қатардағы заңдарға емес, тәуелсіз мемлекетіміздің басты заңы – Конституциямыздың талаптарын мойындамай тұр деген сөз.

Ал енді Ресей Федерациясының Конституциясы «зайырлы» деген түсінікті былайша анықтаған: «Никакая религия не может устанавливаться в качестве государственной или обязательной. Религиозные объединения отделены от государства и равны перед законом» (қазақша ресми емес аударма нұсқасы: Ешқандай да дін мемлекеттік немесе міндетті болып есептелмейді. Діни ұйымдар мемлекеттен бөлек және заң алдында бәрі тең болып танылады). Сонымен әртүрлі діндердің құқықтары бірдей және заң алдында тең тарапта болса, неліктен христиан дініне қатысты саясат бөлек болуы тиіс?

Сондықтан елімізде заңдалықты шынайы ор­нықтыру дегеніміз – әділеттілікке жүгі­ну. Аталған заң ­бұзушылықты жою үшін беделді қоғамдық не діни ұйым сотқа шағымдану арқылы заңды шешімін табуға болады. Республикамызда 4 мыңнан астам діни ұйымдар тіркелген екен, оның 2337-сі исламдық, 281-і православтық, 82-сі католиктік, 1189-ы протестанттық діни ұйымдар. Қарасаңыз, ислам дінін ұстанғандар басым көпшілігін құрап тұр. Соған қарамай христиан дінін ұстаушылар өздерінің дінін жоғары қоятын тәрізді. Бұл заң талабын бұзушылық деп танылу керек. ҚР Конституциясының 83-бабында «Прокуратура мемлекет атынан …заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады» делінген. Демек, прокуратура органдары бұл орайда заңдылықтың сақталуын қатаң қадағалауға алуы тиіс.

Нақыпбек Сәдуақасов, заңгер, байырғы прокуратура кызметкері

Abai.kz





8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 14:42

    Бұл орыстардың аттарын ешкім өзгерте алмайды. Өзгертсе орындарынан айырылып қалады. Қазақ Елінде қалалардың, аудандардың, тағы сол сияқты заттардың аттары орыс бола берсін, ең қымбаты тақ, даңқ болып тұр ғой. Қазақ сорлы ғой.
    ОҚО аудандарында өзбектер дүкендеріннің, кафелерінің аттарын өздерінің өзбек аталарының аттарын, сол сияқты аттардан қойып тастаған, ал Алматыда ұйғырлар. Қазақтар деген сорлы Ұлтсыңдар.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 20:01

    Өз елінде бишараның күйін кешіп,кім көрінгенге күлкі болып,мазақ болып отырған қазақ қана.
    Мақтанғанда,ісіп-кеуіп,жер бетіне симай кетеді.
    Көше атауы,елді мекен атауы,қала атауы кім көрінген келімсек атауымен атай береді,ақшаға өзін де сатуға дайын чиновниктерде ар-намыс,ұят,елін,жерін,ғұрпын сақтайын-ау,келешекте бұл ұрпағыма зиян болады-ау деген түйтік-сана дегеніңнен мақұрым болғалы қай заман.айтып,түзеп көр,алдымен өзіңе бәле жауып жіберсін.

    Жауап жазу
  3. Қазақ 19 Маусым, 2017, 23:04

    ҚАЗАҚ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ деп бөрігімізді аспанға атқаннан не пайда, 30 жыл ішінде ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ өзінің абыройлы орнын алған жоқ, анаған-мынаған жалтақтап,ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА тайға ТАҢБА басқандай АНА тіліміздің ойып тұрып орны МӘҢГІЛІККЕ белгіленген жоқ. петропавл мен павлодар туралы халық қаншама сұрап та, ұсынып та айтты, өзгеріс жоқ, биліктегілерге даңқ, кресло,атақ керек болып тұр, өздерінен кейін қандай ӨСИЕТ қалатынына бастары ауырмайды. Олар ел мен жер туралы ойласа, ҚАЗАҚ 2016 жылдың көктемінде атқа қонып, бас көтермес еді. Құдайым, ҚАЗАҚҚА, сабыр бер, бірақ билік халықты малға теңемеу керек, қарапайым халық көріп отырған кемшіліктерді қалай көрмейсіңдер, неге өздерің өзгермейсіңдер билік басында отырып, сол жұмысты орындау үшін, БОЛАШАҚ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН млрд долл. Кембридж немесе Американың оқуын бітіру мүлдем керек емес, жақсы өзгерістер әлі де күтеміз……………………………

    Жауап жазу
  4. Казакпай. 20 Маусым, 2017, 00:21

    Мал жок,шыдау керек. Ушинши президент болганда ауыстрамыз. Казирги мен келеси орыстардан коркып тук озгерис жасамайды. Ауыздарын ашса билик,байлыктарынан айрылып калады.

    Жауап жазу
  5. Казакпай. 20 Маусым, 2017, 00:30

    Казак Ели деп еди, Путин аузын жапкызып койды.Байкасаныз , казир аузынада алмайды.Сыбыс жур,Путлер латынга кошсен корсетемин…………..депти. 2025 жылы латынды да умытатыншыгармыз.

    Жауап жазу
  6. Ақан 20 Маусым, 2017, 20:35

    Империялық отардан шыққан барлық елдер деколонизация процестерін өткізуде. Ол халықтың санасына бостандық сезімін ұялату үшін, болашақ ұрпағын еркін халық етіп тəрбиелеу үшін қажет. Солтүстік өңірлердегі осы екі қала біздің елімізді басып алу үшін салынған империялық форпост болғаны анық. Олардың аттарын болашақ тарихымыздан өшіру қажет.
    Петропавл қаласын ескі атымен Қызылжар, болмаса өзен атымен Есіл деп қою керек. Павлодарды да ескі атымен Кереку деп, болмаса өзен атымен Ертіс деп атау керек.

    Жауап жазу
  7. дос 21 Маусым, 2017, 00:59

    🙂 Ел басымыз көрші мемлекет ішінде беделді. Соны пайдаланып аталған қалаларға аты берілсе, бір оқпен екі қоянды атып түсірген болар еді.

    Жауап жазу
  8. Шапагат 25 Маусым, 2017, 10:20

    Шыгыста Ана тылымыздын болашагына куманмен карайтын урпак осып келеды.оган казыргы саясат кыналы, казыргы жуйены озгертпей тыл маселесын шеше алмаймыз

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*