Майкл Фелпс ақ акуламен жарысқа түседі

Майкл Фелпс ақ акуламен жарысқа түседі

Атақты жүзу шебері, Олимпиада ойындары тарихында ең жолы болғыш  спортшы титулын сақтап келе жатқан Майкл Фелпс "Дискавери"   арнасындағы телебағдарламада  үлкен ақ акуламен жарысқа шығады, деп жазады inform.kz.

«Әлемдегі ең титулды спортшы мұхиттың ең мықты жыртқышымен жарысқа шығады», - деп жарнамалады "Дискавери" арнасы.

Фелпстің жеңіске мүмкіндігі аз: америкалық сағатына 6 миль (сағатына 9,6 шақырым) жылдамдықты, ал акула - сағатына 25 миль (сағатына 40,2 шақырым) жылдамдықты еңсеруге қабілетті.

Австралиялық теңіздерді қорғау қоғамының өкілі Туни Матоның айтуынша жарыста акула жеңіске жетеді.

«Фелпс пен акуланың жарысы олимпиадалық бассейнде өтпейтініне сенімдіміз. Мұнда судағы адам жылдамдығы мен миллиондаған жыл су ортасында дамыған, оған әбден төселген ағзаның жылдамдығы салыстырылады», - деді Мато.

Майкл Фелпс - спорт тарихында жүзуден 19 мәрте олимпиада чемпионы болған  жалғыз спортшы.  Ақ акула ұзындығы жеті метрге жететін Жердегі ірі жыртқыш балықтардың бірі.