Валюта бағамы USD : 335.24 | EUR : 395.82 | CNY : 50.65

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ақтөбеде ұсталған сәләфиттер мешіт тонап, қыз зорлаған

Картинки по запросу сақалдылар

2017 жылдың басынан бері Ақтөбе облысында теріс діни ағымдардың жетегінде жүрген 23 адам ұсталған деп хабарлайды «Мой Город» порталы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұсталғандар қыз зорлау, зорлық әрекеттерін көрсету, заңсыз бас бостандығынан айырып еңбекке жегу, ұрлау, тонау, соның ішінде мешітте ұрлық жасау сынды қылмыстар жасаған», — дейді полицейлер.

Ұсталған «діндарлардан» 6 дана қару мен граната және үлкен көлемде діни әдебиеттер тәркіленіп алынған. Діни ағымдардың 212 мүшесі қоғамдық тәртіпті бұзғаны, миграциялық заңнаманы сақтамағаны үшін жауапқа тартылыпты.

Былтырғы лаңкестік оқиғадан бері ҰҚК өкілдері облыс аумағында 20 радикалды топтың жолын кессе, 72 «діндар» экстремистік, терроистік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.

Дереккөз: sn.kz





10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 11:15

    Сұмдықтың көкесі әлі алда десеңші.

    Жауап жазу
  2. Х 18 Маусым, 2017, 16:51

    Құрту керек заң қабылдап, бір түнде

    Жауап жазу
  3. Нұржан 19 Маусым, 2017, 05:43

    Бұл өтірікті қашан қоясыз? Саляфиттерге жала жабуды қашан қоясыз? Неге дұрыс атамайсыз бұл адасқандарды? Бұл такфирилерғой! Неге адамдарды адастырып отырсыз? Қорқыныз Аллаһтан!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 20:55

      Әлемде талай қызық бар,-деп кітәбтән кітәп қоймай оқушы едік.
      Қазақ жалқау,қазақ аңқау т.б.деп жатқандарға мыңқ етпейтін қазаққа руың жаман десең бопты,дыз етіп,өрт боп лаулап кететінді.ал қазір ұстанған діни бағытын дұрыс емес десең,әкіреңдеп шыға келеді.митыңдап жаңа ғасырға шықтық па десек,артқа орта ғасырға қайта ауып барама,не боп кетті өзі?

      Жауап жазу
  4. Ханафит 19 Маусым, 2017, 05:45

    Рас, қашан қойылат өтірік жала жабу саляфиттерге? Бұл таза өтірік! Саляфиттер ондай емес!

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 06:52

    Бұл қазаққа не болған,вахабит,сәләфит,тәкфиритсіз де таңы атып,күні шықпаппа еді,енді кеп сырттан жамалған иттерсіз күндері қараң боп қалғаны ма,әсіре діншіл бола ғап.көздерің қашан ашылады.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 19:33

    Салаф ит болған бұл топастарға не береді? Жеріңді қытай басса, сонда көрерміз қара сақал, қысқа балақтыларды. Сүйкімсіз, қасиеттен айрылған, жұтау, соқыр кеуде өңкей!

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 19:43

    Салафиттер олар – адасқандар. Солардың ішінде көзі ашық, жан – жақты білімді азаматтар да бар.Алайда, бітімі әлсіз болады. Сондықтан да, теріс дінді жүректерімен қабылдап қояды. Бүкіл болмысымен сеніп, табынып, басқа жұрттан оқшаулана береді. Осылайша рухани адасып, өз – өзімізбен алысып жүрген кезде осы уақытты басқа қысық көздер сияқты шетел пайдаланып, арамызға батпандап кіріп жатыр. Жерімізге қауіп төніп тұрғаны олардың миына кіріп те шықпайды. Бір сөзбен айтқанда оларды – ұлтын сатқандар, десек те болады.

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 21:01

    Еліңде,жеріңде қысық көздің неше сорты,бадыраң көздің небір түрі,түрлі-түрлі уағыз,үгіт-насихат,бағыт-бағдардың бәрі індеп кіргелі жиырма жылдан ары асқан болар.

    Жауап жазу
  9. тама 20 Маусым, 2017, 04:24

    Уахаби деген кеше мен бүгін болған жоқ. Ол ықылым заманнан бар. Әулие болған аталарымыз » акида білмеген шайтанға ел мың жылғы ғибадатын жел» деп оларды яғни адасқан 72 жолды елімізге киргизбей басын шауып отырды революцияга дейін. Сосын кеңес өкіметі дін апиын деп 70 жыл бойы тағы киргизбей қойды. Тәуелсіздік алғаннан кейін саңырауқұлақша қаптады. Құзырлы органдар күресіп ақ келеді. Молдаларымыз аталарымыздын акидасын уйретпей бұлардың түсінігін өзгерте алмайтын сияқты. Молдекендер доп куып футбол ойнап журсе кыйындау енді. ..

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*