"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

СӘЛӘФИЛЕРДІ КІМДЕР ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ?

Картинки по запросу сәләфиттер

Ибн Тәймияның (1263/1328) сәлафилік идеяларын XVIII ғасырда Абд әл-Уаһаб (1703-1792) діни-саяси қозғалысқа айналдырды. Уаһаьбшылдық қозғалыс екі ғасырға жуық тынымсыз күрестен соң 1927 жылы Сауд әулетінің Нәжит мемлекетін құруымен аяқталды. Салафилік идеяның негізінде тарих сахнасына шыққан КСА (Сауд Арабия Корольдігі) мұсылман елдеріндегі уаһабшылдық қозғалыстарға негізгі дем беруші мемлекет болып саналады.

Бұдан өзге сәлафилік идеологияны қолдайтын Кувейт пен Катар және бірқатар мемлекеттерде қаржылық институттар бар. Осылардың ішіндегі Қазақтанда сәлафилік идеологияны насихаттаған кейбір қорларға тоқталар болсақ:

Елімізде сәлафилік діни сенімді ең алғаш болып насиқаттаған «Әлеуметтік реформалар қоғамы» болып табылады. Бұл қайырымдылық қор 1952 жылы Кувейтте құрылған. Аталмыш ұйым өз жарғысында басты мақсаты ретінде – исламдық білім мен тәлім-тәрбие және әлеуметтік көмек көрсетуді негізге алатынын атап өткен. Бұл ұйым Қазақтанда тоқсаныншы жылдары жұмыс істей бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет басқармасында 1998 жылы ресми тіркелген. Қайырымдылық қор 1999 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің №268 қаулысымен Қазақ-Кувейт университетін ашуға лицензия алды. Бастапқыда университет «0215 – араб тілі және әдебиеті», сондай-ақ «0218 – дінтану» мамандығы бойынша студенттерді дайындайды. Бұл оқу орнының шетелдік оқытушылар құрамына осы қор арқылы Иордания, Тунис, Египет және Мароккодан діни миссионерлер тартылды.

Қазақ-Кувейт университетінің оқу бағдарламасы негізінен Сауд Арабиясының баспаларынан шыққан сәлафилік іліммен қамтылған діни оқулықтармен жабдықталды. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» коммерциялық мақсатты емес, негізінен сәлафилік ілімді насиқаттау үшін құрылғандықтан университетте ақысыз тегін білім берді.

«Әлеуметтік реформалар қоғамы» қоры қайырымдылық шара ретінде жетім немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 150-ден астам жасөспірім қыздарға арнап «Мерси» қыздар-пансионатын да ашты.

Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылы жүргізген тексеру шараларының нәтижесінде бұл қайырымдылық қордың прозелетистік наситхат жүргізгені анықталды. Оқу орындарында мемлекеттің конституциялық құрылымын бұзуға бағытталған идеялар насихатталғандығы әшкереленді. Осыған орай, Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты 2004 жылы қайырымдылық қордың Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салды. Ал 2005 жылдың 15 наурыз айында қабылданған Жоғары Соттың шешіміне сәйкес «Әлеуметтік реформалар қоғамы» қайырымдылық қоры зайырлы үкіметке қарсы бағытталған, әлеуметтік бағдарламаларды бүркену арқылы жұмыс жасайтын террористік ұйым деп танылған.

Аталмыш заңбұзушылықтар мәлім болған соң, қордың қолдауымен әрекет еткен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясының және «Мерси» қыздар-пансионатының қызметі 2004 жылы құзыретті органдар тарапынан тоқтатылды.

Еліміздегі сәлафилік идеяны насихаттаған келесі бір ұйымның бірі «Ислам жастарының дүниежүзілік ассамблеясы» болып табылады. Бұл ұйым 1972 жылы Сауд Арабиясының Жидда қаласында «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүшесі Камал Хелуаби тарапынан құрылды. Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда осы ұйымның қолдауымен Алматыда Абай атындағы ҚҰПУ-нің шығыс тілдері кафедрасындағы араб тілі кабинеті қажетті техникалық-оқу материалдарымен жабдықталған.

Бүгін де аталмыш ұйымның 56 елде бөлімдері бар. Ұйымның өзі толығымен Сауд Арабиясы тарапынан қаржыландырылады.

Қазақтанда сәлафилік ілімді жүйелі түрде дәріптеген қор «Кәусар» корпоративтік қоры болып табылады. Бұл қор 2005 жылы құрылып, Алматы облысы Қаскелең қаласында «Кәусар» жаздық лагерлері бірнеше рет ұйымдастырды және Түріксіб ауданындағы №3 «Кәусар» қыздар-интернаты мен Қаскелеңдегі №2 «Кәусар» қыздар-интернатының қызметіне қолдау көрсетті.

Қаскелең қаласындағы интернат 1997 жылы 18 қазанда жетім және жартылай жетімдер, сондай-ақ жағдайы төмен отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған қыздар үшін ашылған. Сондай-ақ, бұл мекеменің ашылуына «Бөбек» және Абу Дабидегі (БАӘ) «Қызыл жарты Ай» қайырымдылық қорлары қолдау білдірген. Осы уақыттан бері бұл интернаттан 100-ден астам жас қыздар тәрбиеленіп шыққан. Интернат түлектерінің кейбірі оқуын шетелдік жоғары оқу орындарында жалғастырды. Ал Алматы қаласының Түріксіб ауданында орналасқан «Кәусар» интернатында 7-18 жас аралығында 90-ға жуық қыздар тәрбиеленген. 2005 жылы ашылған бұл оқу орнында діни дәрістердің заңсыз жүргізілгендігі анықталды. Барлық құқықбұзушылықтар дәлелденгеннен кейін, құзіретті органдардың ықпалымен бұл мекемеде діни дәрістер жүргізу тоқтатылды.

2013 жылдың 20 мамырында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының отырысында №3 «Кәусар» интернатының директоры Е.Байназаровқа қатысты сот үкімі шықты. Оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынумен қатар, заңға қайшы мүлкі тәркіленуі және мекеме жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

Елімізде сәлафилік ілімді кеңінен насихаттаған оқу орындарының бірі «Таиба» колледжі еді. Алматыда қаласында орналасқан бұл оқу орнын «Таиба» халықаралық қайырымдылық қоры (АҚШ) қаржыландырып отырған.

Колледж негізінен бастауыш және орта мектептерге араб тілінің мұғалімдерін дайындайтын. Оқу мерзімі 3 жылға жалғасатын бұл мекемеде зайырлы пәндер де оқытылды. Колледжде Сауд Арабиясынан әкелінген діни сарындағы оқулықтар мен оқу құралдары ғана пайдаланатын. Колледж басшылығы білім беру саласында мамандығы жоқ арабтардан құралды. Ал жергілікті ұстаздар тек зайырлы пәндерді оқытты. Колледждің соңғы директоры – Қазақстанда жоғары медициналық білім алған (стоматолог) палестиналық Абд әл-Муазз.

Құқық қорғау органдары колледждегі діни насихат жұмыстары заңсыз жүргізіліп жатқанын анықтаған соң, 2005 жылы аталмыш оқу орны соттың шешіміне сәйкес қызметін тоқтатты.

Қазақстанда сәлафилік ілімді таратуға басымдық берген қорлардың бірі «Әл-Бабтин» қоры болатын. Бұл қордың құрушысы кувейттік ірі кәсіпкер, меценат Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин (1936 жылы туылған). «Әл-Бабтин» қорының ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, бұл қор Алматы қаласында «Әл-Бабтин» медресесі мен Шымкент қаласында «Абдрахман Сауд әл-Бабтин әл-Кувейти» атындағы Исламтану институтын ашқан. Дегенмен ҚР БҒМ реестрінде бұл білім беру мекемесі «Шығыстану» институты ретінде тіркелген.

Кувейттік меценат тарапынан басқарылатын бұл қор Қазақстанда мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарын қаржыландырумен айналысқан. Атап айтқанда, аталмыш қордың ықпалымен Шымкент қаласында «Абдрахман Сауд әл-Бабтин әл-Кувейти» атындағы Шығыстану институты 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасында білім беру қызметімен айналысуға лицензия алды.

Аталмыш Шығыстану институты 1993 жылдың 22 желтоқсанында 0307 «Қазақ тілі және әдебиеті», 0215 «Шет тілі филологиясы», 0315 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 0714 «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген сериясы БМ№ 0000002 Мемлекеттік лицензияның негізінде жұмыс жасады (соңғы екі мамандықтардың қолданылу мерзімі – 01.09.2002 ж.). Қазіргі таңда осы қордың қолдауымен ашылған білім беру мекемелері Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтатқан.

Елімізде сәлафилікпен қатар «Ихуан-Муслимин» идеологиясын насиқаттаған «Қатар қайырымдылық қоғамы» да жұмыс істеді. «Қатар қайырымдылық қоғамы» қоры Қазақстан аумағында өткен ғасырдың 90-жылдардан бастап қызмет ете бастады. Бұл қор елдегі діни оқу орындарға материалдық көмек берумен қатар, араб елдерінен шетелдік оқытушыларды әкеліп отырған. Шымкент қаласында 1997 жылы «Ықылас» жастар қоғамдық бірлестігі қатарлық қордың қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен жастар үшін интернат оқу орталығын ашқан еді. Орталықта сол кезде 70-ке жуық жастар оқыды. Бұл оқу орнында египеттік Мухаммад Хафаж және иорданиялық Мухаммад Атыф Убайдата Қатар қайырымдылық қорының демеушілік бағдарламасының шеңберінде заңсыз діни дәрістер жүргізген.

Аталмыш интернаттағы пайдаланылған оқу құралдары да қатарлықтар тарапынан жабдықталатын. Құзыретті органдардың тексеру шаралары нәтижесінде оқулықтарда діни-саяси шетін көзқарастардың бар екендігі анықталды. 2000 жылдың мамырында екі жылдық тексеру шараларынан кейін египеттік Мухаммад Хафаж бен оның иорданиялық әріптесі Мухаммад Атыф сот шешіміне сәйкес «ұлттық және діни араздықты тудыруда» айыпты деп танылды.

Елімізде ресми жұмыс істемесе де кейбір діни оқу орындарына жанама түрде қаржылық қолдау білдірген «Ибрагим бин Абд әл-Азиз әл-Ибрагим» қайырымдылық қоры еді. Бұл қор 1970 жылы Сауда Арабиясы Корольдігінде құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Эр-Риядта орналасқанымен, филиалдары әлемнің бірқатар елдерінде ашылған. Аталмыш саудиялық қордың белсенділігі ТМД елдерінің ішінде көбіне Ресей Федерациясының аумағында байқалды. Бұл елде ол 1992-2002 жылдар аралығында қызметін жалғастырды. Қордың Ресейдегі бөлімі дербес заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, жергілікті медреселерге қолдау көрсеткен.

«Ибрагим бин Абд әл-Азиз әл-Ибрагим» қайырымдылық қорының Ресейдегі бөлімінің Қазақстандағы қызметі негізінен 2000-жылдары халықаралық «Қазақ-Араб» университетіне демеушілік қолдау білдірумен шектелді.

Түйін: Қазақтанда сәлафилік ілім негізінен КСА (Сауд Арабия Корольдігі), Кувейт, Катар және өзгеде елдерде құрылған қайырымдылық қорлары тарапынан қаржыландырылғанымен, бұдан өзге сәлафи бағытын ұстанушы жеке кәсіпкерлердің де бұл діни ағымды насиқаттауға үлес қосқанын жоққа шығаруға болмайды. Оның ішінде шетел азамттарымен қатар өз отандастарымыздың ішінде де сәлафилік ілімге қолдау білдіретін жеке кәсіпкерлердің бар екені белгілі.

kazislam.kz





17 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 14:49

    Казир кажы болу мода болды! Бурынгы уры ,алкаш,наркоман,саткын казир бари молда,кажы! Меккеге барган ар адам потенциалды вахаббит болып келеди,мекке вахабтар отаны,барган адам уагыз аркылы,миы уланып келеди! Келген адамдардан корип журмиз! Еки туып,бир калгандаи,арабтын кара тасын устап,кудаидын озин коргендеи болып,акыл,уагыз аитатынын каитерсин! Мангурттер !

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 14:59

    Ұры-қары,жемқор,сатқын былай тұрсын,әу,деген әнші-өлеңшілерің,жап-жас болып мекке барса болды,ғұлама болып,уағызшыл,данагөй болып шығып жатқан жоқпа.теке сақал,қаба сақал,орамал,шұбатылған,сөлпиген арзан матадан тігілген жамылғы жамылғандар.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 15:04

    Жуас тері илеуге жақсы,кім көрінгеннің қаңсығы таңсық болып,әркімнің бір илеуінде кетіп жатыр.арапша ,вставка’-қойып сөйлегенше,өз ана тілдеріңді қуаттамайсыңдар ма,түсініксіз біреулердің тілінде білгішсінбей.

    Жауап жазу
  4. Жас буынның обалына қалғандар жазалану керек! 17 Маусым, 2017, 17:27

    Мына ақпарат рас болса, ширек ғасыр қазақтың жас буынын бұғаулауға жол берген білім саласындағы билік басындағылар жауап беру керек. Қалай жан-жақты тексермей лецензия беруге болады? Бишаралардың жазығы жоқ екен ғой. Оңтүстікте сәлләфиттер қаптады дейді, олар заңды түрде орныққан және жас буынды тартқан. Сөз жоқ. «НурМубарак» деген тағы бар ғой. Оны да білмейміз! Соған жол берген адамдарды халық алдында айыптау керек, олардың діні – ақша, доллар. Масқара, тіпті ойлаудың өзі қиын!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 10:46

      Іштен ірітіп,ақшалай,заттай дүние беріп,алдап-сулап мекке апарып,бастарын айналдырып,сана-сезімдерін тұмандандырып,вервовать етіп жатқанда.

      Жауап жазу
  5. Бастауыш сыныпқа үш тілде білім беру - ұлтсыздандыру шарасын оны қаржылатындар кімдер? 17 Маусым, 2017, 18:05

    Қазіргі қолға алып отырған үш тілді бағдарлама да дұрыс емес. Әлемдік тәжірибеде 7 жастан 1-ші сыныпқа қабылдау дәйектелген. Екіншіден бастауыш сыныпта баланың танымын қалыптастырудың орнына түрлі тәсілдермен шаршатамыз. Бастауыш сыныптары бұрынғы бағдарламамен қалу керек. Тағы ширек ғасыр өткен соң қателесіппіз дейміз ғой. Қазіргі реформаторлар сонда жауап бере ала ма?

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 17:47

      Міне НАҒЫЗ АЗАМАТ ! Дінге тисе бермей өздеріңді туралап алыңдар. Ол ойыншық емес, Сендер Діннен қорықпаңдар, орысшаланып кетіп бара жатқан Еліңнен қорқыңдар, оны басқарып отырған тәкәппар басшылардан қорқыңдар.Тәнін сатып жүрген Қазақтың жезөкше қыздарынан қорқыңдар, барлық жерде автокөлік жуып жүрген, пол жуып жүрген қазақтың ұлдары мен қыздары, соларды кім жұмысқа салып жатыр деп қорқыңдар.

      Жауап жазу
  6. Секе 17 Маусым, 2017, 21:28

    Сəлəпилерді қаржыландыру əлі тоқтаған жоқ ,теке сақалдар көбеймесе , азаятын түрі жоқ .Қай банктен , ай сайын карточкамен ақша алатындарды анықтау керек !!! Телефон мен мəшінге қосалқы бөлшек сатқыштарды да кім қамтамасыз етіп отырғанын қщзырлы орындар анықтай қажет. Жастарымызды адастырғаны Ұлтымыз үшін қауіпті !!!!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 08:38

      Топтанып алып,мешіт айналшықтап,уағыз тыңдап,қашан,қайда жүрсеңде осылардан көз тұнады.телефон,мәшін,ақша кім береді,аспаннан түсіп жатпаған болар.саудиттан ба,басқадан ба?..

      Жауап жазу
  7. тама 18 Маусым, 2017, 04:40

    Сонда осы уақытқа дейін ишімзден бүлдіріп келгенбе? Сонда кмдб , теолог галымсымактар айбагып отырдыма? Әлі олар салафилер толық жойылған жок қой. Әлі салт дәстүрге ,7 шелпекке аруаққа қарсы шығып отыр ғой. Баяғы кожа Ахмет яссауи бабамыздан қазақ жерінде бастау алған, кешегі пір бекет атамыз , уш жүзге пір болған мүсіралы сопы , мәшһүр жусип кунанбай досжан хазірет марал ишан аппақ ишан бабаларымыз жүрген ишандык мектеп әулиелік жол сопылық ілімді неге насихаттамайсындар. Осы жолмен небір жетскен әулие аталарымыз шықты. Аталарымыз осы аруақ әлемінен пайдаланып отырды ғой.

    Жауап жазу
  8. ақтаулық 18 Маусым, 2017, 11:10

    сонда қалай өзіміді-өзімізге айтып салып отырма мамаңды ұрайын осындай ағымдарды қолдап жүрген ішімздегі кәсіпкерлердің көзін құртыу керек мамаңды ұрайындар елдегі қанша отбасылардың ұл-қыздарын оираңдады құртыу керек ондай қорларды сосын ішіміздегі сондай ағымдарды қолдап жүрген иттерді тірілеи өртеу керек ондай қарғыс атқан иттерді

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 18:01

    Соны білмей,көрмей отырсыңдарма?бөліп алда билей бер,бір-біріне қарсы салып қой,бірінің қанын бірі ішсін деп бөліп-жарып,адастыруда.алданбаңдар.

    Жауап жазу
  10. Мырат 19 Маусым, 2017, 07:11

    Сонда қалай ,шортиды көтенге дейін көтеріп жүргенді қолдау керек демексіңізба,мини юбкі.?

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 20 Маусым, 2017, 18:09

    Шорты киеме,джинсы киеме,жас кезінде еліктеп,ешкім де жалаңаш жүрген жоқ.
    Шұбатылған етек-жеңмен жер-гөктің боқ-с…н жағып сүйреңдеп жүргенше.аяқ-асты діндар болып қалмай,анау болмайды,мынау болмайды деп.айта берсең,телефон,интернет,мәшине,компьютер-ешнәрсе болмайды,оның бәрі сайтандыкі дей салсай.

    Жауап жазу
  12. Светлана 24 Маусым, 2017, 13:48

    Нашим соотечественником особенно религиозным и политическим деятелям надо запретить получать образования от зарубежных учителей чуждым интересом нашей страны. Религиозные и политические деятели должны получать казахстанское образование, хорошо знать культуру и историю многонационального Казахстана и его законы. Быть настоящим патриотом своей страны. Для них допустимо краткосрочные курсы для повышения квалификации в зрелом возрасте.

    Жауап жазу
  13. Жүрген біреу 30 Қазан, 2017, 23:18

    Жоғарда айтылған ұйымдардың көбі салафилерге дым қатысы жоқ,қанша таныс жігіттер бар өзін салафи дейтін, бәрі кезінде сақалы үшін жұмыстан шығарғанда,тентіреп не істерін білмей базарға шығып,күзетші болып отбасын асырап қиналған. Сол жігіттердің көбісі жұмыссыз қиналып басын анда-мында тығып жүріп табыстың көзін тапқан,басқалар оларды өсек қылып далбасалап жүргенде,кәзір өз кәсіптерін домалатып жатыр,өтірік айтудың қажеті жоқ қанша адамның еңбегін жоққа шығарып

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

//$url="https://ru.nukte.kz/test.php"; //echo file_get_contents( $url );