Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Головкин Майқұдықта балалар алаңқайын салып берді

image

Қарағанды қаласының Майқұдық шағын ауданында жаңа балалар алаңы пайда болды деп жазады 24.kz. Бұл боксшы Геннадий Головкиннің өзінің туып, өскен үйінің ауласына тартуы.

Елбасының «Туған жер» бағдарламасына қолдау ретінде туған өлкесінде ойын кешенін орнатқан әйгілі спортшының бұл игі ісі өңірдегі өзге де кәсіпкерлерге үлгі болды. Енді осындай ойын кешендерін Пришахтинск пен Сортировка шағын аудандарында ашу көзделген. Бұл шағын аудандағы ең үлкен ойын алаңы.

Нина Лепеха, Майқұдық шағын ауданының тұрғыны:

– Бұған дейін біздің балаларымыз басқа аулаларға барып ойнайтын. Қазір болса, басқа ауланың балалары бізге келетін болды. Әрине керемет, балалар жаздағы демалыс уақытында осындай әдемі ойын кешенінде ойнағанға не жетсін. «Туған жер» бағдарламасының арқасында әлі де көптеген игі істер жүзеге асырылады деген сенімдемін.





10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. кария 17 Маусым, 2017, 15:57

    гена молодец казахстанга коп жардеми тип жатыр левитти де естип едим осындаи мартшилигин биздин анау жартылай олимпиада чемпионы 35мын гектар жер кыргын жылкысы барлардын жеримизди сату урпакыма калдыру дегенин коскатын алгандарды катынмен тобелесип сотасып жургендерин еситкенмин баскада жардем колын соганболса жазындаршы билип журеик тек анти жагын естемиз или жетискенимиз сол ма.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 16:27

    Қай әкелері бай-шонжар болып,мыңғырған мал,шетсіз-шексіз шалғын жер,байлық тастап кеткен екен,қазақ халқы,қазах елі болмаса?Атам заманнан байлығы үзілмей келе жатқан байлардай,қазақтың байлары кәмпескелеудің науқанында жер сипап қалған.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 18:13

    Астананың атын Генадий деп атау керек. ЕХСПО біткен соған жұмыс істеп -Гена деп бәрін өзгерту керек.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 18:33

    Кекетпеңіз,Генадан не жамандық көріп едіңіз?Батыр болса,Генадай-ақ болсын.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 18:43

    Қазақтарда ешқандай Елге, Ұлтына деген еш сүйіспеншіліктері жоқ, Оларға бәрі бір. Егерде осы Гена қазақтың баласы болғанда дәл осылай мадақтайтынбедіңдер, Руын сұрап, Жүзін біліп тым тырыс отыратын едіңдер.Қазақтың жауы Қазақ.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 19:13

    Жүзін сұрағанның жүзі күйсін-деп бекер айтпаған.

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 20:41

    бұл да болса жақсы ғой, генаның сырттан тартып жатқан өз ақшасы балаларға ойын алаңын салуға кетіп жатса рахметтен басқа не айтамыз. елде жүрсе мұнша ақша таппақ түгел күнімізді көру қиын болар еді. сендер анау мынау деп босқа жүйке жұқартпай-ақ қойыңыздар. байдың асын байғұс қызғаныпты деген осы емес пе.

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 18:05

    ф «көп нəрсе «істеген екен…

    Жауап жазу
  9. Құрмангелді 19 Маусым, 2017, 07:42

    Кіші жүз -АДАЙМЫЗ ⬆⬆⬆

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*