Валюта бағамы USD : 335.24 | EUR : 395.82 | CNY : 50.65

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев халықаралық криптовалюта енгізуді ұсынды

Картинки по запросу криптовалюта

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде бірыңғай криптовалюта енгізуді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлемдік қаржы құрылымын өзгерту қажеттілігі туып отыр. Халықаралық есеп-айырысудың төлем бірлігін енгізу мәселесін қарастыратын кез келді. Криптовалюта әлемді инфляциядан және сауда қатынастарындағы қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Валюта қарапайым, ашық әрі тұтынушыларға бағынышты болуы керек. Цифрландыру, технологиялардың дамуын ескеретін болсақ, мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек», – деді Назарбаев Астанада өтіп жатқан экономикалық форумның пленарлық отырысында.

Сондай-ақ, Президент валютаның абстракт сенімге емес, нақты активтерге негізделуі керектігін және оның әлемдегі тұтынушылардың қатысуымен қабылдануы қажет екенін айтып өтті.

«Сондықтан біз G-20 емес, G-Global ұсындық. Бұл осы мәселеге көбірек елдің қатысуы үшін жасалып отыр. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының комитеті. Барлық елдің әділ өкілі болуы керек. Әрине, бұл мәселе оңай емес, бірақ проблема мұнымен ешқайда кетіп қалмайды. Бізге осыны талқылап, шешу керек», – деді Қазақстан Президенті.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Клара 17 Маусым, 2017, 15:05

    Қазіргі заман талабы осы болса, неге біз көштен қалуымыз керек. Елбасы жаманды ұсынбайды.

    Жауап жазу
  2. Талгат 17 Маусым, 2017, 15:14

    Президент әрқашанда дұрыс кеңес береді.

    Жауап жазу
  3. Дулат 17 Маусым, 2017, 15:18

    Цифрландыру кезеңінде криптовалюта өте дұрыс деп ойлаймын мен де

    Жауап жазу
  4. мурат 17 Маусым, 2017, 16:00

    бул не бале ози криввалют деген быратала ыштансыз калмаиык жане.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*