Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақстанда никаб пен паранжа киюге заңды түрде тыйым салынбақ

паранжа киген әйел

Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қоғамдық орындарда адамның жүзін көруге кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Баспасөз  қызметінің хабарлауынша, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі» Заң жобасы қазіргі уақытта әзірлену үстінде екен.   Осы жұмыстағы басты мақсат – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық қоғам күштерін біріктіру, зайырлы және демократиялық принциптерді нығайту», — деп атап өтті министр.

Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмыс істейді. Олар 3 658 діни бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардың 15% діндар адамдар, яғни діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар. Азаматтардың 75% Құдайға сенеді, бірақ тұрақты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған. Азаматтардың шамамен 10%-ы өздерін  атеист немесе агностик деп санайды.

Министрліктің дін саласындағы басты басымдығы —  кез келген радикалды діни ағымдарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық принциптерін нығайту.

Дереккөз: sputniknews.kz





11 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 13:10

    Хиджаб , никаб, паранжа кигендерді түрмеге жабу керек. Жап- жас қыздар бастарын тұмшалап байлап, жерге сүйретілген көйлек киіп, сүлкиіп жүреді.Бұл киімдердің қазаққа ешқандай қатысы жоқ.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 21:17

      сен сиякты жаланаш журмегенине шукир олар!

      Жауап жазу
      • Дәуір 17 Маусым, 2017, 23:58

        Паранджа, никаб сияқты жүздерін жабатын киімдерді тыйым салғанымен түпкілікті мәселе шешілмейді. Бұл зайырлы мемлекеттің принциптеріне қайшы келеді.

        Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 13:17

    Көндіріңдер,түсіндіріңдер,асқынғандарын алыс аралдарға-прокоженные сияқты апарып тастаңдар,уранға салыңдар.еріккен бастарға сәл де болса,саңылау кірер.

    Жауап жазу
  3. көше баласы 18 Маусым, 2017, 10:28

    бетін тұмшалаудың қажеті жоқ бірақ орамал таға берсін ақ орамал гүлді жалпы өзіне жарасымды орамал ана қара орамал тағып бетін тұмшалап жүргендерге ешкі сияқты сақалдарын салбыратып жүргендерді құртыу керек қәзіргі кезде кім жас бала кім үлкен кісі екенін айралмай қалдық сақал қоиғанда өзіне жарасымды қылып қоиса боладығо оларға үкімет бәрің жалаңаштаның деп жатқан жоққо жарасымды сұлу болып жүрсе боладығо елден халықтан бөлек болып бетін тұмшалаудың қажеті жоқ бет тұмшалағандарға сақалдарын ешкі сияқты балақтарын кесіп тастағандарға тыиым салыу керек заң менен

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 11:52

    гейлер мен жезөкшелерге неге тыйым салмайсыңдар одан да?

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 11:54

    қазақ телевизиясы мен əншілері көбісі гей деп-жазды ғой Маржан Сұлтанбай,,,солардан қалай жиіркенбейсіңдер??

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 11:55

    Тақырыпты басқа арнаға бұрма,бәрі рет-ретімен.

    Жауап жазу
  7. бөрлітөбе 19 Маусым, 2017, 20:21

    Әйел қыздардың хиджаб киіп оранып жүруі -ол АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ бұйрығы оны ешкім өзгерте алмайды, байқаңдар қарсы шығамын деп тұқымдарың тұздай құрымасын

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 20:24

    Арабияның қай түбегінен келіп едіңіз?

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 24 Маусым, 2017, 15:39

    Сол табынған араптарың бір-бірімен сиыспай,өмірі қырғын соғыстан көз ашпауда.керемет болса,сол 21-ме,қанша арап елі көрсетпейме,тату-достық бірліктерін.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*