Валюта бағамы USD : 335.24 | EUR : 395.82 | CNY : 50.65

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Арғымақ дәуір зулайды»: Нұрлан Оразалин 70 жаста

Абай атындағы академиялық опера және балет театрында көрнекті ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Нұрлан Оразалинның 70 жасқа толуына байланысты «Арғымақ дәуір зулайды…» атты дүбірлі шара өтті. Шығармашылық кеште Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтау хатын оқып берді. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат депутаты Ақан Бижанов, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинның құттықтауын Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов табыстады. Бұған қоса Мәдениет және спорт министрінің, Ақпарат және коммуникация министрінің, Мемлекеттік және Үкімет орындары бас-шыларының, түкпір-түкпірдегі облыс әкімдерінің лебіздерін арнайы келген өкілдер жеткізді.

Нұрлан Оразалинды 70 жылдық мерейтойымен мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын, Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімұлы,  мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков құттықтады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов «Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі» төсбелгісін, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ТҮРКСОЙ ұйымының алтын медалін табыс етті. Түркия, Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Ресей сынды өзге де көршілес мемлекеттерден жеткен қаламгерлер де Нұрлан Оразалинды мерейтойымен құттықтап, сыйлықтарын тапсырды.

Сондай-ақ   «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетіі президенті , ақын Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты  Азат Перуашевтің құттықтауын жеткізіп, кеш иесінің өңіріне «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан тарихшылары қауымдастығы белгілеген «Қазақ хандығының 550» жылдығы медалін қадады.

Шығармашылық әуенде өткен шырайлы кеш көпшілік көңілінде әдемі әсер қалдырды.

qazaquni.kz

 

 

 

 





18 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. анкау 16 Маусым, 2017, 16:24

    ким биледи бул адам зиялыма алде казирги заманнын зияндысыма.

    Жауап жазу
  2. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 17 Маусым, 2017, 07:49

    Мерей тойы құтты болсын. Қазыбек мырза, қарапайым халыққа ақын мен жазушылар халықтың мұңын жырлап, тілдің, елдің, жердің тағдырына қауіп төнгенде азаматтық позицияларын ашық түрде ақпарат құралдарында жариялап, билікке халықтың үрейі мен талабын жеткізіп, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚ болып қалуына үлес қоса алды ма, сол деңгейге жете алды ма – өте маңызды. Сол деңгейге Оразалин жете алды ма, толып жатқан жүлделер өз жеке басының шығармашылығының жемісі болар. Еш қарсылығым, қызғанашым жоқ. Мысалы, ақын Қазыбек Исаның шығармашылығынан басқа, азаматтық позициясын,көзқарасын білемін, сауалымды дұрыс түсініңіз, біреуді жамандап немесе басқаны мақтап отырғаным жоқ, жауап күтемін.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 20:48

    Арғымақтың дәуірі Махаңдармен бірге келмесе кеткелі қашан. Қазір 21 ғасыр, кивер-техника заманы..

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 21:13

    Сол мерей тойма,басқа тойма,неме керек.Дабырлатып,жалаулатып.Халықтың мұң-мұқтажы,елдің,жердің тағдырына келгенде бұғып қалатындар.бір орында отырып,жерлес,рулас,тамырласының аужайынан шыға алмай жүргендер,өз басының күйін күйттеп.ертең-ақ бәрі ұмытылады.тайға таңба басқандай. газеттер оқымайтын болдық,теледидар көрмейтін болдық,бәрі бір сарынды.қазақ радиосы ол да рекламадан көз ашпайтын болған.тәуліктің қай кезінде қоссаңда лактомарин ба,бір дәрі ме,қоспа ма,дәрілік шөппе,айтады да жатады.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 22:37

    Арғымақтар дәуірі…әлдеқашан өтіп кеткелі қаашан,мәстектер жарысына келгелі де дәуір жартысы болады деп жүр ел-жұрт.

    Жауап жазу
  6. Салтанат 18 Маусым, 2017, 20:09

    Той керемет өтті! Нұрлан аға шабытыңыз шалқи берсін.

    Жауап жазу
  7. Махамбет 18 Маусым, 2017, 20:10

    22 жылдан бері басқарып келе жатқан Жазушылар одағын жақсылап 70 жылдығын өткізіп алды, енді тапсыратын шығар басқа жастау қаламгерге

    Жауап жазу
  8. Махамбет Ерғали 18 Маусым, 2017, 20:11

    Оразалинді жақтаушыларға да, қарсыларға да, Екі жаққа да тиімді адам- Ғалым жайлыбайды орнына қойып кетсе өгіз де өлмейді, арба да сынбайды!

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 20:26

    Армандапсың дегенді білетін боларсыздар…

    Жауап жазу
  10. Әбу 18 Маусым, 2017, 22:29

    Тұлпардан торпақ озғып тұрған кезең-ай! Жазушылар одағын шоңқайтып: Шығармашылық үйін саудаға салып жіберіп, т.б. берекесіздікті жасап, көкелеріне әбден жағып, Жазушылар одағын майшелпекке айналдырып, отыз жылдай жылмиып отырған «ұлы» ақын әлі де тапжылмауға жанталасады, көрерсіздер. «Ұлы» ақын досы Олжас сөзсіз қолдайды, анау Досына айтады!.. Креслосы мен портфелі әжептәуірлер бірін бірі мақтап, сайдан қырға сүйреп шығарып, мәз болысатын әдет пайда болғалы қашан! Мадақтаушылар армиясын М.Жолдасбеков бастап, басқалар қостап, өй, мәз-мәйрәм болып жүр, ЕРТЕҢ не болатындарын ойласашы! Халықты алдау деген арсыздық шектелер, айыпталар түзу кезең келмей қоймас! Н.Оразалин өткен жолғы құрылтайларының алдында 42 кәрі-жас қаламшылдарға «Алаш» силығын беріп ұпай алып еді, енді… ресми жоқ Ғылым академиясының, бүгінгіше «Ғылым ордасының» президенті М.Жұрыновты қуып жетіп, басып озу үшін Оразалин «Алашты» 79 кісіге дереу беру керек! Жұрынов тапқырлық жасап, Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева бастаған 69 кісісіне «академик» атағын силады ғой?! Соларының көбі ғылымға не бергені белгісіз дейді білетіндер. Міне, осындай «керемет заманды» көрдік-ақ!..

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 22:59

      Келсін-келмесін,бәрі бір сыйлықтың иегері,октябреноктың значогін таратқандай.

      Жауап жазу
  11. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 18 Маусым, 2017, 22:35

    Бұл кісі 22 жыл Жазушылар одағын басқарған деп жатырсыз, сонда ол одақтың жарғысы немесе ережесінде 1 адам неше рет тағайыйндалу мүмкіншілігі ие, 22 жыл ішінде неше рет сайлау болған. Менің жеке пікірім, 4-5 жылдан артық ешқандай жерде бастықтарды, төрағаларды, президенттерді директорларды, министрлерді қалдырмау керек. Жоғары лауазымды тағайындау ашық түрде, интернет арқылы болу керек. Жаңа келген бастық, министр, тағы басқалары ел алдында ашық түрде бар нәрсесін жариялау керек, басқаша болу керек, қазіргі декларацияға сенім жоқ.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 22:43

    еее,десеңші.бәрін жалмаса дағы жер бетінде қалып қалмас.қалса,жүрмейме арғысы ленин-стәлин,бергісі брежнев-қонаев болып.бәрі өткінші,тойымсыз көз топыраққа ғана тойынар.әкенің байлығы балаға дарымас деуші ме еді.кешелер керемет ақын-жазушы,пәлен-пәштүн т.б.қайда солар.Марғасқалар ғана қалады,заңғар жазушы Әуезов бола алмайды.

    Жауап жазу
  13. шал 19 Маусым, 2017, 14:01

    аргымак дауири бир креслода сабынсыз тирликпен отиптиде 22жыл жабысканнан кеин жер дауы т.б кезинде креслонын астын кирип жаткан болса керек унин шыгармастан жане жазушылар одагынын бастыгы деген аты бар екен.

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 19 Маусым, 2017, 20:15

    Халықтың мұң-мұқтажы,жер,тіл,білім т.б.п.да шырылдамаған ақынсымақ,жазушысмақтар арғымақтан садаға кетсін,жабысып қалған жамбас креслоларының артынан мяулағанда үн шығаруға хәлдері жетпей,мышық қуған тышқан құсап,індеріне кіріп шықпай қалатұғын.

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 25 Маусым, 2017, 03:54

    тезегін одаққа тастап кетсін .

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*