Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Сот төрағасы Жанна Бердіқұлованы өлтірген күдікті құрықталды

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы өлі табылды. Жанна Бердіғұлованы өлтірді деген күдікпен 33 жасар Көкшетау қаласының тұрғыны құрықталды. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Ол бұған дейін аса ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болған көрінеді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау изоляторына тоғытылды. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 13-ші маусым күні 46 жасар Жанна Бердіғұлованың өлі денесін Ақмола облыстық сотының көлік жүргізушісі тапқан. Марқұм ұзақ уақыт бойы телефон коңырауына жауап бермегеннен кейін, ол үйдің есігін бұзып кірген. Сот төрағасын жүргізуші жуынатын бөлмеде тапқан.

Алдын ала ақпарат бойынша Жанна Бердіғұлованы тұншықтыру салдарынан қаза тапқан. Марқұмның әріптестері «судья бір аптадан кейін Алматы қалалық сотына ауысуы керек еді» – дейді.

Бүгінгі таңда қанды іс бойынша бірқатар сот медициналық сараптамасы тағайындалған. Қолға түскен күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр деген ақпарат та бар.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Қазір ештеңе айта алмаймыз. Осы тергеу біткеннен кейін. Біз хабарлама береміз»,- деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қалмұханбет ҚАСЫМОВ.


Осыған ұқсас:



3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. кария 16 Маусым, 2017, 16:39

    46 га келип баигада шыкпапты карера нуротан деп журебергенау деим мине олдиде кетти ол канышер
    урыма оинасы ма бир алла билер.

    Жауап жазу
  2. Айя 17 Маусым, 2017, 18:06

    Иманды болсын!!Онын уйленген уйленбеген бе не жумыстарын бар)) Ал кылмыскер устал жазасын алсын онбаган)))

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 18:37

    Ол жағдайдың астарында,шындығында ешкім де білмейді.босқа сәуегейлік құрып не қажеті бар.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*