Нағыз гаремнің қандай екенін көрген халық таңданысын жасырмады (ФОТО)

image

Көптеген адамдар араб мәдениетін «Мың бір түн» ертегісі мен фильмдер арқылы біледі. Онда бұрынғы патшалардың гареміндегі әйелдер, сұңғақ бойлы, қыпша бел, алмай мойын сұлу қыздар көрсетіледі.

Шын мәнісінде гаремнің қандай екенін көрген адамның ойындағы әдемі көріністің барлығы бір сәтте жоқ болатыны анық, - деп жазады Қамшы порталының тілшісі.

Мына фотолар 1870 жылы түсірілген. Онда Шах Каджер мен оның әйелдері бейнеленген. Шахтың қызығушылықтарының бірі фото еді. Ол билікке келгенде ең алдымен ресми фотостудияны ашуды көздеді.

Сол уақытта Тегеранда орыс фотографы Антон Севрюгин тұрып жатқан. Ол Иран туралы көптеген тарихи фотоларды қалдырған. Сол үшін марапатталды да.

Бұл фотода шахтың жас әйелдерінің бірі Каджара. Фотода шейхтің сүйікті әйелі Анис аль-Долех, сол жақта Насер ад-Дин Шах Каджардың өзі.

Фотографқа шахты, оның ер туыстары, сарай адамдары мен қызметшілерін суретке түсіруге рұқсат етілген. Тарихшылардың айтуынша, шахтың 100-ден аса әйелі болған.

Фотодан гаремдегі әйелдердің сұңғақ бойлы сұлулар емес екеніне көзіміз жетті. Гаремнің басқа да фотолары бар екені, алайда оны сырт көзден жақсылап тыққан деген сыбыс бар.