Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Шымкенттен келген мұғалімдердің билеттері жалған болып, ЭКСПОға кіре алмай қалған

ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне келген шымкенттік мұғалімнің билеті жалған болып шығып, кіре алмай қалған. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

img_4864

Бұл туралы Астана тұрғыны Мақсат Ерболат Фейсбуктағы парақшасында жариялады. Оның сөзінше, мұндай түсінбестік 12 мамырдан бастаоыпты. Шымкенттік мұғалімнің билетті өзі жұмыс істейтін мектепте 4 мың теңгеге сатып алғаны анықталды.

Алайда билет жалған деп, мұғалімді көрмеге кіргізбей қойған.

“Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресін демекші! Масқараның көкесі ЭКСПО басталғанда шығып жатыр. Бүгін көлігіме екі əйел адам, бір қызымен мінді. ЭКСПО-ға апарып салуымды өтінді. Екі əйелдің бірі сонау Шымкенттен ЭКСПОға келген екен, жұмысынан билет алып. Содан апарып тастап, үйге келгенде көлігімнің артқы жағынан телефон тауып алдым. Сөйтсем жаңағы ЭКСПО-ға апарып салған адамдардыкі болып шықтым. Содан ол əйелге уайымдамауын сұрап, 3 сағаттаң соң əкеліп беретінімді айттым. Келіскен уақытта апарған жеріме бардым. Содан əлгі сонау Шымкенттен келген 30 жылдық тəжірбиесі бар, жасы 50-ге тақап қалғаң мұғалімнің алған билеттері жарамсыз болып шыққан. Себебі билеттерінің бəрі көшірме болған. Содан ЭКСПО-ға кіре алмай, ашудан жарылардай болып отыр”, – деп жазады жазба авторы.

Бұған дейін БАҚ-та ЭКСПО көрмесіне дайындалған 70-тей билеттің жалған екені хабарланған еді. Сенімді дерек көздерінің мәліметінше қазіргі таңда жалған билет дайындауға қатысты ОҚО-да тіпті қылмыстық іс қозғалып үлгерген.





17 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Олжас 16 Маусым, 2017, 14:01

    Үлкен іс шара болғандықтан мұндай келеңсіздіктер орын алады, құқық қорғау органдары мәселені бірден қолға алғандары жөн болған.

    Жауап жазу
  2. Жазира 16 Маусым, 2017, 14:06

    Алданып қалғандары қиын болған екен. Ақша жасаған шығар біреулер, бірақ өтіріктің арты бір тұтам екенін ұмытпаған дұрыс.

    Жауап жазу
  3. Айша 16 Маусым, 2017, 14:09

    Жалған билетпен кіру мүмкін емес, көрменің ішіне кіргенше бірнеше рет тексереді, қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде.

    Жауап жазу
  4. Ринат 16 Маусым, 2017, 15:48

    Бұл жерде енді алып сатарлардың кінәсі шығар. Олай болуы мүмкн емес қой. Қаншама адам билетпен кіріп жатыр.

    Жауап жазу
  5. Абзал 16 Маусым, 2017, 15:51

    ЭКСПОны ұйымдастырушылар бұл мәселенің анық қанығын білулері керек. Билетті сатқан адам жазалансын. Әлі талай қонақтарымыз келеді. Олардың да билеттеріне осындай қате болса, ұят боламыз.

    Жауап жазу
  6. Олжас 16 Маусым, 2017, 15:52

    Бәле жабудан бұрын ресми ақапарт күтейік. бір қателік бары рас.

    Жауап жазу
  7. Бахыт 16 Маусым, 2017, 15:56

    Енді бұл жерде көрменің әкімшілігіне кінә тағуға болмайды. Өйткені шалғайда не болып жатқанын олар білмейді ғой. Ал Шымкентте қай жерден сатып алғанын біліп, тексеру жасау керек.

    Жауап жазу
  8. шал 16 Маусым, 2017, 16:42

    кор болган мугалим жолга канша акшасы шыкты иттер киргизип жиберсе каитер еди.

    Жауап жазу
  9. Өркен 16 Маусым, 2017, 18:28

    ЭКСПО үлкен бағдарлама болғандықтан мұндай оқиғалар болуы заңдылық та сияқты..барлық қызметкерлер таза емес.

    Жауап жазу
  10. Ғалым 16 Маусым, 2017, 18:29

    бастысы дер кезінде анықтап үлгерген, енді адамдар абайлап жүретін болады.

    Жауап жазу
  11. Жалғас 16 Маусым, 2017, 18:29

    мен де билет мектептен алғанмын. Бірақ кеше ғана келіп, тамашаладым, бәрі жақсы.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 01:01

    Жалған билеттер Шымкентте жасалған. Азаттық кз. хабары

    Жауап жазу
  13. Айсулу 17 Маусым, 2017, 10:45

    Бiз де 4000 билет алдык мектептен.Мына жагдайдан сон баруга коркып отырмыз.Билетте почтанын печаты бар.

    Жауап жазу
  14. Раушан 21 Маусым, 2017, 17:10

    Менде Шымкенттенмин. Мұғаліммин. Билет жатыр үйде. Баруға коркып отырмын, билет жалған болып шықса кайтемин

    Жауап жазу
  15. Қорлан 7 Шілде, 2017, 01:42

    Мен де мектепте ұстазбын. Жоғарыдағыларды естідім. Енді 1 тамызда Астанаға Экспоға билет алған едім. Арты қайырлы болса болар еді,-ау!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*