Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Астанаға Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кетті?

Джеки Чан Астанада

«Қазақстан» телерадио кешенінің басқарма төрағасы Ерлан Қарин Instagram желісінде Джеки Чанның Астанаға келуіне қазақстандық тарап қанша қаражат жұмсағанын айтып берді, – деп хабарлады sputniknews.kz.

Танымал актер Джеки Чан Қытай киносы апталығын ашу үшін Астанаға келді. «Бір апта бұрын ол алғаш рет Қазақстанға келді, жолымыз болып, сұхбат алдық, негізінде ол Қытай киносы фестивалінің ашылуына ғана қатысуы тиіс болатын, алайда сөзімізді жерге тастамай, аз уақыт ішінде баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарламаға түсіп үлгерді, бәрі аяқ астынан, күтпеген жерден болды», — делінген жарияланған мәтінде.

«Одан да таңғаларлық жайт, оның Астанаға ұшып келуі бізге ешқандай шығын келтірген жоқ! Ол достарымен бірге жеке ұшағымен ұшып келді, ешқандай гонорар төленбеді, өзі райдер де ұсынбады. Тіпті люкс көліктен бас тартып, достарымен қаланы аралау үшін қарапайым минивэн сұрады. Жергілікті елордалық мейрамхана иелері кумирлерін қуана қарсы алып, кешкі ас үшін есеп сұрамады. Қазақстанда бірнеше күн болады деп жоспарланған еді, алайда уақыт тығыз болғандықтан жарты күн ғана болды», — деп жазды Қарин.

Қариннің айтуынша, Қазақстан Джеки Чанға қатты ұнапты, ол ортақ жобаларда бірігіп жұмыс істеу үшін Қазақстанға ұзағырақ мерзімге келуге уәде берді. Голливуд актері Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студияда» бағдарламасына да қатысқан.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Замира 16 Маусым, 2017, 19:50

    Жаксылыкка жасалган каражат, санамасада болады гой… Казактардын Бабалардын калыптаскан салат кой, жазган дастархан мен асына акты сурамайтын.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017, 21:09

    Әу,не дейді,салаты не,акт-ысі несі,дұрыстап жазсай.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017, 23:16

    Сөйтсе,түк шығын шықпаппа?
    Бұл бір жақсылық қой.алайда қоянбаевтың ерекше көңілді бағдарламасына қалай ғана алтын уақытын бөліп,үлгерді десейші.бұл бір тындырған іс бопты.

    Жауап жазу
  4. Түңілген 19 Маусым, 2017, 02:44

    Қазақтардың түсінігі мен іс-әрекетін түсіне алмай-ақ қойдым.
    Құдды бір, бес жүз жыл бұрын, орта ғасырда өмір сүріп жатқандай.
    Қазақтың санасы қашан оянар екен№

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*