Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Орыстармен ҚАЗАҚША сөйлескен Қайраттан қаптаған министрлер үлгі алуы керек

Похожее изображение

Қазақ шоу-бизнесінің жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың «МузТВ — 2017» жобасына шақырту алып, орыс тілшілерінің сұрақтарына жауап бере алмай мүдіргенін кейбіреулер ұятқа балап жатыр. Қайраттың орыс тілінде сүріне сөйлегені мені қатты қуантты. Себебі, бұл еліміздегі орыс тілін білмейтін һәм сол білмегенін ұят санайтын миллиондаған жастың еңсесін көтеретін оқиға болды. Енді Қайрат білмеген тілді, қазақтың білмей-ақ қоюына құқығы бар. 

Орысшадан мүдіруге, мүмкіндік болса сүрінуге себеп іздейтін кез келді.

Құл – қожайынның тілімен сөйлейді.

Қазақстанда қожайын кім? Осы сұраққа Қайрат өз әлетінше жауап берді. Демек, енді Қайратты ресми тілде шүлдірлейтіндер мазаламайды деген сөз. Мазалағанның өзінде қазақша тілін сындырып келуге мәжбүр болады.

Бұл – ұялатын емес, қуанатын нәрсе. Егер де осыдан алпыс жыл бұрын Ермек Серкебаев орыс тілін білмей жатса, ол оның кемшілігі саналатын. Қазір орыс тілі – модада емес. Оның тіліне, мәдениетіне деген тәуелділігіміз жоқ. Қайрат еліміз тәуелсіздік алған жылдары өмірге келіп, бодандықтың не екенін білмей өскен азамат. Оны талай жерде дәлелдеп жүр.

Осыдан бір-екі жыл бұрын Омбыға барып: «Бұл – қазақтың қаласы» деп жар салғанын бүкіл ел біледі. Осындай үлкен жүректі баламыздың орыс тілін жетік білмеуі заңдылық болса керек.

Тәуелсіздіктің бір жемісін Қайрат үзіп берді. Енді осындай жемістер көбейе түссе екен.

Қайрат – осы елдің Қожасы. Оның аты – Қайрат-Қожа!

Бекең, Бердібек Соқпақбаев повестінің атын «Менің атым Қожа» деп қоюының астарында «осы елдің Қожасы мына сотқар бала» деген ой жатқанын айтады зерттеушілер. Сол Қожаңыз – Қайрат емес пе?

Ресми тілді білмей-ақ, мың жаса, бауырым!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz





45 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Руза 15 Маусым, 2017, 15:41

    Керемет деймін! Видеосы да болсағой. Белгілі, өнер адамы болмасам да, ізбасарым деп мақтанып қояйыншы)

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 16:16

    министр болатын бала ғой.

    Жауап жазу
  3. Қазыбек 15 Маусым, 2017, 17:21

    Қожайынның тілінде сөйлейтін құл емес Қайраттың Тек Қазақ тілінде сөйлейтінін бәріне үлгі ету керек!

    Жауап жазу
  4. Кунсұлу 15 Маусым, 2017, 17:27

    Қайрат жəрəйсің біз снеімен бірге

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 17:49

    Қожа – Қайрат мектепте қандай оқушы болды, сабақ үлгерімі, тәртібі қандай болды..

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 17:54

    » бақытты болып тіршілік ету үшін ғылым, өнер, орысша тіл керек».. Мұхамеджан Сералин.

    Жауап жазу
    • Есага 15 Маусым, 2017, 20:51

      Орыскул. Сонда америка европа японя бакытсызба

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017, 10:32

      Айтып отырғаныңыз , өткен ғасырдың әңгімесі.Дүние жүзі түгіл, кешегі кеңестен ыдырағандардың өзі, орыс тілін қажет етіп отырған жоқ.Халық аралық тіл-АҒЫЛШЫН.Дүниенің қай бұрышына барсаңыз, ағылшынша түсінісесіз.

      Жауап жазу
  7. Кожа-Қайраттың ағасы. 15 Маусым, 2017, 18:34

    Қолқоюсыз – сіз құлдық санадан арылыңыз!

    Жауап жазу
  8. Қарапайым қазақ. 15 Маусым, 2017, 18:42

    Осы ресейдің әртістерін неге біздің сахнада тайраңдатып қояды?

    Жауап жазу
  9. Мырзабай 15 Маусым, 2017, 18:44

    Қазақ елі болғаннан кейін , оның құндылығы тілінде.
    Жарайсың Қайратжан!

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 19:29

    » Тіл де мәдениетпен қатар өркендейді» Лев Толстой.

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 19:35

    » халықаралық тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші халықты біліседі» Расул Гамзатов.

    Жауап жазу
  12. Айнур 15 Маусым, 2017, 20:01

    Патриот болса неге қазақша сөйлемейді.мүдіріп сөйлегеніде мақтанышпа.шын жаны ашыса қазақша сөйлер еді жəне анабіреу нюша деген бəлені елге кіргізіп жалаңбұт тайраңдатып қоймас еді.ресейде бұны кім тыңдар дейсің.

    Жауап жазу
  13. Гулшат 15 Маусым, 2017, 20:10

    Жарайсын, Кайрат! Нагиев тусинип алсын, Кайраттын не айтканын

    Жауап жазу
  14. Серик 15 Маусым, 2017, 20:27

    Кайраттын сауатсыздыгын патриоттык сезиммен шатастырманыздар.Нагиевтын не айтканын Кайрат мангурт тусинген де жок.Орысша турмак казакша жауап бере алмады мынкылдап.Улт патриотымын деген казак билимимен, тилимен такылдап , мине казак деген осындай деп турады.Мангурттигин корсетти.Позорды шашып.Орысша турмак казакша сойлей алмайды гой мангурт.Ол мактаныш емес.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 21:14

      Дурыс айтасыз!

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017, 10:36

      Секе толық келісемін, бұл жерде он выглядел больше мангуртом, чем патриотом.

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017, 10:39

      Анасы Гүлзира ханымды орысша былай қойып, қазақша екі сөздің басын қосып сөйлей алмайды. Ақша бар, уровень жоқ, таза мəңгүрттер.

      Жауап жазу
    • СерикАстана 18 Маусым, 2017, 11:13

      секе нагыз мангурт озин екенск ин * Каираттын жогары жактан корингенин коре алмаи турсын гои каиран намыссыз шала казагым аи Каират жараисын осындаилардын ишине туз куиа бер с/м

      Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 20:34

    Ондай сұрақ-жауапқа алдын-ала репитиция жасап дайындалмайма?пиар менеджерлері қайда.

    Жауап жазу
  16. пахтакор 15 Маусым, 2017, 20:52

    димашка уксап каиратын рессеидеги фанаттары туркистандагы окыган мектепин коруге агылып келсе керек деп умиттенип калам.

    Жауап жазу
  17. Нұрсұлу 15 Маусым, 2017, 23:10

    Қаират орысша соилеиалмаса не болыпты қаи орысты көрдіңдер қазақыстанға келіп қазақша сөилеп тұрғанын мүлде орысша сөилемеу керек еді .Қаират орысша сөилеиалмады деп сөккенше бір ауыз қазсқша сөз білмеитін қазақтарға аитыңдар ақылдарың тасып баражатса

    Жауап жазу
  18. жан 16 Маусым, 2017, 00:46

    каират бауырым мын жаса ата ананнын адал тарбиесиго осындаи дарежеге жеткенин тек кана алга биз сени колдаимыз жана озеннен адаилармыз

    Жауап жазу
  19. дос 16 Маусым, 2017, 02:58

    Орысшаны білу талабы келмеске аттанған көрініс – Қайрат-қожа. Бұдан былай сауаттылық Ана тілімізде болсын!

    Жауап жазу
  20. сакен 16 Маусым, 2017, 04:29

    Молодец

    Жауап жазу
  21. Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017, 10:33

    Орыс тілін, немесе басқа тілді білу міндет емес шығар, бірақ мақтанатын нәрсе емес. Тіл біліп, солардың тілінде өздерін сүріндіріп жатса нұр үстіне нұр емес пе?!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 18:20

      Солайы-солай,олардың өзінен асып түспесең саған шекесінен қарайды.сондықтанда оқу керек,қанша тіл білсеңде артық емес,қайта жан-дүниеңде сонша терең болады.

      Жауап жазу
  22. Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017, 10:37

    Мемлекетіміздің болашағы- ҚАЗАҚ тілінде.Қайрат, біз сені жақсы көреміз.Сен барлық жағынан да, ҮЛГІСІҢ!!!

    Жауап жазу
  23. Лəззат 16 Маусым, 2017, 17:15

    Қайрат нағыз еркектік мінез көрсеттің Жарайсың! Ал тілге келсек Қазақ міндетті емес өзге тілді білуге себебі – тəуелсіз мемлекет. Өзіндік орны бар тəуелсіз Ел. Бұл тіл жайлы оқыған кəсіби маман аудармашылардың жұмысы əрі қарай…Ал Қайратқа келсек ол тек қазақи қонақжайлы жайдары мінезімен барынша тырысты, Жарайсың Қайрат. Ол өмірде өнер адамы ол аудармашы емес жəне өзге тілді білуге міндеттіде емес. Қайратты бұлай мазақ қылуға хақымыз жоқ оны сыйлағанымыз жөн. Əр бір қазақ өз елінде өз тілімен еркін, бақытты өмір сүру керек! Абай атамыз айтқандай «сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» Қайрат ол əнші яғни осы жолмен тапты.

    Жауап жазу
  24. Шынар 16 Маусым, 2017, 23:49

    Өте дұрыс істеген. Қазақстанға кеп қайсы бірі біздің тілде сұқпат беріп жатр.

    Жауап жазу
  25. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 01:09

    Дұрыс,орыс тілің менде сөйлей алмаймын,несі ұят казак деген атымыз бар

    Жауап жазу
  26. Қазақ 17 Маусым, 2017, 10:34

    Қазақ десең өзіңе келеді. Қайрат көтерілсе өзінің арқасы, анасының арқасы. Орысша білмегенде тұрған ештеңе жоқ, білудің де қажеті жоқ, қазақша сөйлеп, қазақша айтып, қазақ жерінде көтерілді.

    Жауап жазу
  27. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 13:17

    дұрыс. орысша білмегенде тұрған ештеңе жоқ, білудің қажеті жоқ. тіпті қазақша айтпаса да болады. қазақ қазақты көтереді, қазаққа бәрі жарасады.

    Жауап жазу
  28. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 13:22

    Аңқау.бала кезден орысшаңды қақпайтұғын кездерде скийді қосып,кез келген сөзге,сөйлеп,түсінісе беретінбіз.солай да солай,орысшаны білгенский.

    Жауап жазу
  29. Оқырман 17 Маусым, 2017, 16:59

    Пікірлерді оқып қазақтың ресеймен терезесі теңесіп келе жатқаны білінеді

    Жауап жазу
  30. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 20:52

    мынаубайский !

    Жауап жазу
  31. Гульшат 18 Маусым, 2017, 11:38

    Кайрат өз алдына дара туған тұлға не болыпты орысша білмейсің деп тыныштық жок казақтың бір туар азаматы!Осыдан 30жыл бұрын орысша сөйлей алмағандарға күлетін қазір басқаша не болыпты тусінбеймін .

    Жауап жазу
    • Жанат 19 Маусым, 2017, 12:12

      Қайрат қайбір ұлтын сыйлап қазақша сөйлеп тұр дейсің, орысша білмегендіктен қазақша сөйлеп тұр.Кішкентай нəрсені дақпыртқа айналдыратын қазақтар!

      Жауап жазу
  32. Қолқоюсыз 20 Маусым, 2017, 04:37

    мәә, мына апашка кеше басқаша сайрап еді…

    Жауап жазу
  33. Амина 20 Маусым, 2017, 13:12

    Жарайсың Қайрат. Сенің барыңа шүкір. Аман бол. Тек алға алға.Ит үреді керуен көшеді.

    Жауап жазу
  34. жанар 83 25 Маусым, 2017, 18:32

    Кайрат орысша сойлесин ,сойлемесин казакша сойлегенине рахмет. Оз елимизде орыс тилинде сойлеймиз бизде намыс деген жок. Каным караяды орысша сойлегендерге. Озге тилди билгенин озине жаксы-ау ,казак тилим калып барады. Оян казак, ана тилинди таптамандар

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*