Валюта бағамы USD : 325 | EUR : 362.8 | CNY : 47.57

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Депутаттардың халықтың алдына шығуын талап етеміз

Картинки по запросу депутаты рк

Өткенде біздің билік қытайларға жалға жер береміз деп дәмелендіріп қойды да, енді олардың қалай да болса көңілін табу үшін қарымтасына 51 кәсіпорнын әкеп кіргізгелі жатқан секілді. Бұлар пайданы бірінші кезекке қойып жаман үйренген халық.

Европалықтар болса үндемес едік қой. Ресейдің Қиыр Шығысын әбден улап бітті. Кезінде ханзуларды кіргізген орыстардың қазір аузы күйіп отыр. Қиыр Шығысы түгел қытайланып барады. Орыстың өзінің өсімі тоқтаған халық. Енді оның орнын орыстан бір-бір қатын алған қытай толтырып жатыр.

Менің қауіптеніп отырғаным, ертең егер олардың 51 кәсіпорнын Қазақстанға кіргізсек, қытайлар біздің елге өздерінің бір экономикалық аймағы ретінде қарай бастайды. Онсыз да қазір «Балқашқа дейінгі жер біздікі» деп көкіп жүр. Бұның соңы қытайдың экспансиясына ұласады. Бұл біз үшін мың рет ойланып барып шешетін стратегиялық маңызы бар мәселе еді ғой!

«Халық қалаулылары» осыған байланысты әлі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Әлде, өткендегідей тағы да үнсіз қалып, қулығына құрық бойламайтын қытайлардың қазақ жеріне алдымен кәсіпорындарын кіргізгелі жатқанын дұрыс көріп отыр ма?!

Ау, депутаттар! Сіздерге кресло қымбат па, әлде отан қымбат па? Әрбір депутаттың халықтың алдына шығып, жауап беруін талап етеміз. Әйтпесе ертең осындай қылмысқа үнсіз келісе салған бәріңіз бірдей жауапқа тартыласыздар!

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан





13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. жан 14 Маусым, 2017, 16:58

    бир алла тагала куткарар бул кытаи деген тажалдан каиран коидан жуас казагымаи болашагын булнгыр

    Жауап жазу
  2. Жас 14 Маусым, 2017, 23:21

    Халык алдына шыгып,ел болашагы ушiн,сойлейтiн депутат корсем,козiм шыксын. Сондыктан да боска ауре болмайак, алiптiн артын кеткен дурыс кой. Болмаса халык деген,ол улкен кауiп кой,бiле бiлген билiкке. Андаусыз баскан кадамы,улкен окiнiшке акеп согуы мумкiн. Естерiндi жиындар,билiк.

    Жауап жазу
  3. Гүлсім 15 Маусым, 2017, 04:00

    Депутаттар 900 000 мыңдық айлықпен болашақтары бар , ал біз ата бабамыз қан төгіп қорғаған жерінде , таза қазақ елі бола тұра пəтер жалдап тұруымызға тура келіп жүр! Қытай келсе айдаһардын келгені оттай еліміз күйеді, болашағымыз не болмақ

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 20:54

      Неғып осылар біздің жерге көз сұғын қадап,анталап отыр,осы өзбекте қытай бар ма өзі?

      Жауап жазу
  4. Гүлсім 15 Маусым, 2017, 04:03

    Елден қашасыздар, көздеріңізды тиясыздар, елге қарар бет жоқ! Біздердің де сіздерге деген сенім жоқ!!!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 06:47

      Қайдағы халық қалап алғанын білмейміз,өз-өздерін қалап алғандар.
      Ешқандайда депутатты қалап алып,сайлап көрмеппіз.әйтеуір,жоқ жерден қалаулы,сайлаулы депутат болып отыра қалады қонжиып.оқыған,толған-болған,тек бағыт-бағдар,ақыл үйретіп,заң шығаруға ғана жаралғандай жандай.

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 21:25

      Айтқандары сылдыр өтірік,жылтыр сөз болса,көздері қайдан тайғақтамасын.тура қарауға бет болса,пәлсәпа соқпай.

      Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017, 09:05

    Қазақ жер үшін жанын қиған халық. Ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұрамызды қара қытайға бермекшіме…..Оян қазақ,АТТАН ҚАЗАҚ жер халықтікі.

    Жауап жазу
  6. Серик 15 Маусым, 2017, 09:23

    Депутаты молодец супер
    Они слишком умне

    Жауап жазу
  7. кария 15 Маусым, 2017, 09:30

    бекболат к султанов мырзатай сагадиев халык сиздерден умит кутип отыр ау деп коиындар негылган мына зауыттар патшага жакындау адамдарсызгои .

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 18 Маусым, 2017, 20:45

      Қойшы соларды,жер мәселесінде мәу демеген,енді келіп әу дер саған.

      Жауап жазу
  8. Индира 15 Маусым, 2017, 11:53

    Менин кокелерге айтар сауалым бар.Неге карапайым халыкты адам катарына коспайтынына таным бар,оздери 900000 мын айлык ала отырып, халыкты 50000- 60000 айлыкка тенестиреди екен.сонда биз олардын этожный уйлерине де жете алмай оле олгенше, биреудин лашыгында олуимиз керек пе? Жер бермесе, кара халык калай омир сурип, казак болып кобейемиз.Биреудин шамасы келеди ипотекага, биреудин шамасы келмейди. Ол жагын карастырдыма екен кокелер?Биздин сиздерден сурайтынымыз хотта 6-соттык жер болса да берсениздер?

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017, 11:06

    Ойебай,осылардың қолсағат,кәстөмдерімен өз-өздеріне сүйсіне қарап,риза кейпінен өзге,әйфондарына үңіліп,әңгіме-дүкен құрғаннан басқа жұмыстарын көрмеппіз.арасында кнөпке басып,келісе беретіні бар екен ғой,бастарын изектетіп.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*