Валюта бағамы USD : 332.68 | EUR : 389.4 | CNY : 49.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Айдар Шәрібаев БАҚ өкілдерін шақырады

Похожее изображение

Кәсіпқой бокста бірде-бір кездесуде жеңілмеген, танымал қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев оқу-жаттығу жиыны үшін АҚШ-қа аттанады, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық портлы.

Боксшы кезекті сапарының алдында 15-маусым күні сағат 12:00-де Алматыдағы «Aidar Classis» бокс залында БАҚ өкілдерімен кездеседі. Бокс залы Мақатаев көшесіндегі 51-ші үйде орналасқан (3 қабат).

Кездесуге Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко қатысады. Ол қазақстандық боксшылардың шетелдегі жекпе-жектері мен Қазақстанда кәсіпқой бокс кешін өткізу жоспары туралы әңгімелейді.

Айдар Шәрібаев – Қазақстан бокс мектебінің түлегі. Екінші жартылай жеңіл салмақта (lightweight) өнер көрсетеді. Әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында болған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Жалпы, әуесқой бокста 250 кездесу өткізген. Ал кәсіпқой боксқа 2014 жылы ауысты. Осы уақыт аралығында 6 жекпе-жекке қатысып, барлығын жеңіспен аяқтаған. Оның ішінде бесеуін нокаутпен ұтқан.

Бүгінгі таңда Айдар дайындалатын оқу-жаттығу базасы Майамиде орналасқан. Оның жаттығулары кубалық белгілі маман Осмар Фернандестің басшылығымен өтеді. Ал Шәрібаевтың спарринг-серіктестерінің қатарында Люк Кэмпбелл, Юриоркус Гамоа және тағы да басқа шаршы алаң шеберлері бар.





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*